400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Ашық аспан астындағы мұражай» (ересектер тобы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересектер тобына арналған ұйымдастырған оқу қызметі. Қоршаған орта мен экология
Материалдың қысқаша нұсқасы

42 «Түймедақ» балабақшасы










Тақырыбы: «Ашық аспан астындағы мұражай»

(ересектер тобы)














тәрбиеші: Харесова Н.Е.













Ақтау - 2017ж

Тақырыбы: «Ашық аспан астындағы мұражай»

(ересектер тобы)

Мақсаты: Туған өлкеге деген сезімдерін одан әрі кеңейте түсу. Туған өлке қорықторы және оның маңызы, орналасқан жері туралы балаларға түсінік беру, қорықторда атқарылатын жұмыс түрлері, қамқорлыққа алынған ескерткіштер, сәулет ескерткіштері жөнінде әңгімелеу. Туған табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілік: Суреттер, иллюстрациялар, әр түрлі тастар, моншақтар, түрлі- түсті жіптер.

Әдіс тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, карточкімен

жұмыс, көркем сөз, ойындар, қорытынды.

Сөздік қор: Қорықтар, мұражай

Алдын ала жасалған жұмыстар: мұражайға,туған өлкенің көрнекті жерлеріне саяхат, топта көрме жасақтау «Туған жерім Маңғыстау».


Шаттық шеңбері: Балалар шеңберде тұрып бір- біріне жіпті лақтырып тілек айтады. Ең соңында тор пайда болады да, қайшымен қиып әр баланың қолында жіп қалады.

Мен-әдептімін

Мен-сабырлымын

Мен-сұңқармын

Мен-тілалғышпын

Мен-жігерлімін

Мен-арманшылмын

Мен-зерекпін

Мен-тәртіптімін...

Сабақтың барысы:

Сенсің – менің өлеңімнің отаны,

Сенсің – менің қиялымның бесігі.

Саған қарап тартып бүгін жол тағы

Асқар тауым – туған халық, жер, суы.

Тәрбиеші:

- Қазір қай мезгіл?

- Қыс мезгілінің айларын атаңдар?

- Қазір қандай ай?

Айгүлден хат

Тәрбиеші:

- Балалар бізге Астанада тұратын Айгүл деген қыздан хат келді.

Сәлем хат

Сәлематсыздар ма! Мен сіздерге Астанадан хат жазып отырмын, есімім Айгүл. Мен теледидардан Ақтау қаласы туралы көп хабар естимін. Маңғыстау өлкесі, Ақтау қаласы туралы білгім келеді. Менің сұрақтарыма жауап берсеңіз екен.

Сәлеммен Айгүл


Тәрбиеші:

- Балалар біз қай өлкеде тұрамыз:

- Қаламыздың аты қалай аталады?

Айгүлдің 1- ші тапсырмасы:

Ақтау қаласында қандай көрнекі орындар, мұражайлар бар?

(балалардың жауабы)

Тәрбиешінің Маңғыстау – аспан астындағы ашық мұражай туралы әңгімесі.

Маңғыстау өлкесінің әрбір бедері, тауы, тасы ақиқатты аңызға толы, әр ескерткіші ғасырлар қойнауынан сыр шертеді. Осындай мәдени мұралардың бірі - өлкеміздің сәулет ескерткіштері. Маңғыстау сәулет ескерткіштерінің бүгінге дейін сақталып қалуының себебі – оларға ғұмыры мыңжылдық тау тастары пайдаланылған. Бұл сәулет ескерткіштерінде әртүрлі геометриялық пішіндер, қазақтың ою-өрнектері пайдаланылған. Сәулет ескерткіштерінен сол кезде өмір сүрген адамдардың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тұрмысын, дүниетанымдарын көруге болады.

Маңғыстау сәулет ескерткіштері тарихи – мәдени мұра. Олар мемлекет қорғауында.

Әңгіме бойныша балаларға сұрақтар:

- Қандай құрылыс материалдарын пайдаланған?

- Қандай геометриялық пішіндер қолданған?

- Қандай ою - өрнектер пайдаланылған ?

- Ескі ескерткіштер мен жаңа ескерткіштердің арасында қандай айырмашылықтар

бар?

Айгүлдің 2- ші тапсырмасы

Маңғыстау өлкесінде қандай өндіріс орындары бар? (карточкамен жұмыс)

Айгүлдің 3- ші тапсырмасы

Маңғыстау өлкесін қандай құстар мекендейді?

(карточкамен жұмыс)

Психолгиялық ойын- жаттығу: «Толқын»

Балалар шеңбер жасап отырады.

Психолог: Балалар, жаз мезгілінде теңізге қалай түскенімізді есімізге түсірейікші. Теңізде шомылған қандай жақсы. Толқындар сені жәймен сипалайды., жуындырады. Толқындар қандай көңілді, мейірімді. Олар бір-біріне ұқсас. Қане, біз де толқынмен шомылайық.орнымыздан тұрып, бір-бірімізге күліп, қолымызбен толқынды елестетейік.

Балалар психологрен бірге мейірімді және көңілді толқындар қимылын қайталайды. Осындай жаттығулардан соң психолог балаларға кезекпен кезек теңізге шомылуды ұсынады. Шомылған бала ортада тұрады, ал толқындар бір-бірден жүгіріп барып жәймен сипалайдығ бірдей қимыл жасайды.

Айгүлдің 4- ші тапсырмасы.

Блиц сұрақтар?

- Көз, құлақ не үшін керек?

- Қыстың күні орманда нені кездестірмейсің?

- Кемпірқосақ неше түсті?

- Аққала қандай геометриялық пішіндерден құралады?

- Қардың қандай түрлері бар? (ақша қар, ұлпа қар, омбы қар, сонар қар)

- Шөлге шыдамды жануар?

- Сумен жүретін көлік?

- Сен ата-әжеңе кім боласың?

- Анасының бесіктегі балаға айтатын өлеңі (әлді-әлді)

- Бірінші күнді көрген жануар?

- Қәзір қандай жыл?

- Бақта не өседі?

- Еңбек етсең ерінбей?.........

- Қой маңырайды, жылқы .... Шошқа қорсылдайды, сыйыр ..

- Шыршаның инесі қандай? (жасыл)

- Киім тігетін ине қандай? (үшкір)

- Қазақстаның ақшасы?

- Адамның дене мүшесі?

- Қасық, шаңышқы, қазан, тостақан, құмыра нелер?

- Спорттық ойындар?

- Айгүл ауруынан тез жазылуы үшін дәрігер не жазып берді? (рецепт)

Тәрбиеші:

- Балалар енді біз әр түрлі тастардан Айгүлге сыйлықтар жасап жіберейік.

Балалардың жұмысы.Тәрбиеші балалардың жұмысына баға береді:

- Біздің топтың балалары өте шебер және өнерпаз. Қазір қыздарымыздың орындауында би «Маңғыстау маржандары»

Сергіту жаттығуы

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынау басым ақылды

Бәрі осыдан басталан

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі бастаған.

Қорытынды:

Бүгінгі сабағымызда не туралы сөйлестік?

Кімнен хат алдық?

Айгүл қай қалада тұрады?

Айгүлге біз не сыйладық?

Отан дейміз – от жаққан жерімізді,

Отан дейміз - өсірген елімізді.

Отан дейміз – туған жер, атамекен

Отан дейміз – кең байтақ елімізді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1235
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі