Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Ашық сабақ "Наурыздағы тілек" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 2 сынып әдебиеттік оқу пәнінен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Наурыздағы тілек

Мақсаты: Өлеңді түсініп оқу арқылы, ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы туралы түсінік қалыптастыру, наурыздағы тілектің мән мағанасын тану. Ойлау дағдыларын дамыту, сөздік қорларын байыту. Туыстарына, достарына, үлкендерге дұрыс көз қарастарын қалыптастыру. Ұлттық салт дәстүрлерді бойларына сіңіріп, салтты білуге, сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: жаңа сабақты игеру, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі: слайд, сөзжұмбақ, ұлттық тағамдар, наурыз көже, суреттер.

Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық кезең

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп, күлімсіреп,

Біз сабақты бастайық.

Топқа бөлу конфеттер арқылы топқа бөлу. ( «Көктем» «Наурыз» «Қызғалдақ» ) Топтың аттарымен таныстыру, топтың ережесін айту.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

2. Кір жіпке жайылған суреттер әдісі. Сурақтарға жауап беру арқылы суретті ашып, суретке қарап өз ойларын айту.

1. Наурыз мейрамы неге 22-күні тойланады?

2. Еңбекке байланысты мақал айтып бер.

3. Көктем айларын ата.

4. Наурыз көже қалай жасалады?

5. Көктемгі еңбек түрлерін ата.

6. Мұрагер деген сөздің мағанасы.

ІІІ Өткен сабақты сөзжұмбақ шешу арқылы қортындылау.

  1. Мұсылман халықтарында жаңа жыл тойланатын ай. (Наурыз)

  2. Наурыз көжеге қосылатын дән. (бидай)

  3. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам. (уыз)

  4. Қатықтан жасалатын тағам. (құрт)

  5. Наурыз көжеге қосылатын дән. (тары)

  6. Қасиетті дәм. (тұз)

  7. Наурыз көжеге қосылатын дән. (күріш )

  8. Ұлттық сусын. (көже)

  9. Еттен ішекке тағып жасалатын ұлттық тағам. ( шұжық)

  10. Мал өнімінің негізгі түрі. (ет)

Оқушыларды гүлдердің түсіне қарап үй тапсырмасын бағалау.

ІV Жаңа сабақ

3. Тақтамен жұмыс. Тақтаға күннің жадын жазу ( Екінші наурыз) Тақырыпты хабарлау, мақсатымен таныстыру.

Видео көрініс көрсету.

Наурыз мерекесі – көктем айында тойланады. Наурыз – көне иран сөзі, қазақша мағанасы «жаңа жыл» дегенді білдіреді. Наурыздың 22 сі қазақ халқы үшін жаңа жыл. Күн мен түннің теңескен уақыты. Сондықтан бұл күнді «Ұлыстың ұлы» күні деп атаған. Наурыз мерекесінде жұрт бар жақсысын кейіп меркеге той тойлайды. Бір біріне өткен өкпе реніштерін ұмытып, ренжіскен адамдары болса кешірім сұрасқан және әр адам отбасы мүшелерін, туған туыстарын, достарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді. Бұл тілек Наурыз тілек деп аталады. Ендеше, бүгін біз Наурыздағы тілек өлеңін оқимыз.

V Оқулықпен жұмыс

Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы. Оқушылар іштей оқу. Мәнерлеп оқу.

VI Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмыс.

Наурыз тілек – наурыз күнгі бет көрісіп, амандасу рәсімімен құттықтау негізінде тақпақпен айтылатын қуанышты тілек.

Алатау, Қаратау – таулар

Бие – құлынның енесі.

VII Сергіту сәті: «Дастархан» әнін хормен айту.

VIIІ Топтық жұмыс

Көктем тобы – Наурыз жыл басы шағын шығарма жазу.

Наурыз тобы – Наурыз мерекесіне арнап өз ойларынша 1 жумақ өлең жазып мәнерлеп оқып беру.

Қызғалдақ тобы – Суретке қарап ұлттық ойындардың аттарын жазу.

Әр топ берілген тапсырмаларды постер арқылы қорғап шығу.


IV Қортынды

Еңбеке баулу сабағында жасаған ашық хатқа тілек жазу.

Көктем тобы. Ата – аналарына.

Наурыз тобы. Ұстаздарына.

Қызғалдақ тобы. Достарына.

V Кері байланыс

Желкенді кеме әдісі

VІ Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттау.

VІІ Бағалау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
717
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12