400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: Ашық сабақ Қазақ тілі 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Зерде» интеллектуалды ойыны бастауыш сынып оқушыларының білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. «Ойнайық та, ойлайық» Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін,ой ұшқырлығын,оқуға ынтасын арттыру.Көрнекі іс-әрекеттік,сөздік-логикалық,ойлау әрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа,икемділікке,ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағатының тақырыбы: «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан.»
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сөзі:

Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы
Бүгін саған әлем түгел қарайды
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы 
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан.»
- Қазақстан туралы не білесіңдер? (Қазақстан тәуелсіз мемлекет, астанасы – Астана қаласы, президенті – Нұрсұлтан Назарбаев, бай мемлекет)

- Дұрыс айтасыңдар, балалар,  Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Ол – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл болады. Оның өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды. 
Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұрады. Олар тату. Әр халықтың өз салт - дәстүрі, ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары бар. Қазақстанның табиғаты әдемі. Біз Отанымызды мақтан етеміз.
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.


Темирлан:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді

Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.



Жанерке:
Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.
Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!


Ақан:
Отан деген - Атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.

Ернар:

Отанды біз Атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.


Сөзжұмбақ шешкізу: «Отан»

1. Ұлттардың бірлігі, татулығы Достық
2. Елордамыз қай қала Астана
3. Біз қай ұлтпыз? Қазақ 
4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі Әнұран


Анар:
Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.


Ермек:

Отан - менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.


Рассул:
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.

Рамазан:
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?

Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Туған жер – алтын бесік.
Туған жердің топырағы да ыстық.
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!
Отан – оттан да ыстық.

Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.


Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын.


Ән: Атамекен
Қорытынды: (Топтастыру стратегиясы.) Білгенім – көңілге түйгенім.
- Сонымен, балалар, бүгін Қазақстан туралы не білдік? Ал енді кластер құрастырайық.
(Отан, Астана,Тәуелсіз Қазақстан, рәміздер, қазақ тілі, табиғат әдемі т,б.)

Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!









Сыныптан тыс жұмыс

Сабақтың тақырыбы: «Дос болуды үйренеміз »   ( ителектуалдық ойыны).

Сабақтың  мақсаты:

а)ойын арқылы  сыныпта алған білімдерін тереңдете  түсу;

ә)ойын арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін,ой-өрістерін дамыту;

 б) білімділікке,алғырлыққа,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

І.Кіріспе:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар ,қонақтар 2 «А» сынып оқушыларының  «Зерде» интелектуалдық сайысына қош келдіңіздер!

Білімменен тәнті етеді тектілер,

Мұратына білім қалды жеткізер.

Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.,- дей келе «Зерде» ойынын бастайық.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші  біз сайысымыздың қатысушыларын ортаға шақырамыз.

1-топ «Алғырлар» олармен бәйгеге түсетін

2-топ «Тапқырлар» қарсы алдарыңызда!

Достық пен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едің талай сында.

Қара қылды қақ жарып әділ қазым,

Еңбегін тапқырлардың әділ сына – деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық

Сонымен бүгінгі біздің сайысымыздың әділ қазылар мүшелерімен таныстыру:

«Ақыл-арымас,  Алтын-шірімес» дегендей бүгінгі ойында сендерге тек қана сәттілік тілеймін.Сонымен сайысымызды бастайық.


Шаттық шеңбері: Топқа бөлу:

І.Кезен «Таныстыру»

 Әр топ басшысы өз тобының мүшелерімен таныстырып шығып, ұрандарын бірігіп айтады.

«Алғырлар»          Білім басқа бітеді,қына тасқа бітеді.

«Тапқырлар»       Оқыған -озар,оқымаған-тозар.

Жарайсындар балалар!


Сайысымыздың ІІ-ші кезеңі :

 «Білгенге-маржан» деп аталады.Бұл кезенің шарты артқа қарап тұрып сақа лақтыру, сол сақа түскен түстерде берілген сұрақтарға 1 минут ішінде лезде жауап беру керек.

Дұрыс жауап берсеңіздер1 ұпайға ие боласыздар.


Қызыл түсті / қазақ тілі пәнінен/
1. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке)
2. Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді? (Қатаң, Ұяң, Үнді)
3. Сөз таптарын атап бер (зат есім, етістік, сын есім, сан есім, )

4.Сан есімнің сұрақтарын ата    (неше? қанша? нешінші?)

5.Зат  атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз? (зат есім)

6.Қандай, қай? Сұрақтары қай сөз табына қойылады?     (сын есім)

7.Етістік дегеніміз не?

8.Сөз құрамын ата (түбір, жұрнақ,қосымша)

9. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар (40)

10. Зат есім дегеніміз не?


Жасыл түсті   / математика пәнінен/

Математика керек әр күнге,
Математика керек әркімге.

Есеп қажет өмірде,
Есепсіз білім білім бе?!
1.Көбейтудің компоненттерін ата /көбейткіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні/

  1. Ауылда 3күн, 3түн боран соқты. Неше тәулік боран болды? /3 тәулік/

  2. 5 пен 7 –нің көбейтіндісі нешеге тең /35/

  3. 48-нің 6 –ға бөліндісі /8 /

5.ең кіші екі таңбалы сан  /10 /

  1. ұзындық өлшем бірліктерін ата /мм,см,дм,км,/

  2. ең кіші үш таңбалы сан /100/

  3. ең үлкен үш таңбалы сан /999/

9. масса өлшем бірліктерін ата / гр,кг, ц, т./

  1. Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2кг болады. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады? /2 кг/


Сары түсті    / орыс тілі пәнінен/

Әр сөздің тек аудармасын айту.

1. папа –әке

2. мектеп – школа

3. мұғалім – учительница

4. дәптер – тертадь

  1. кітап – книга

  2. күнделік – дневник

  3. небо – аспан

  4. қарындаш- карандаш

  5. знания – білім

  6. природа – табиғат

Жалпы сұрақ
1. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата(3, 7, 9, 40)
2. Үш Бәйтеректі ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сайфуллин)
3. Үш арсызды ата (күлкі, тамақ,
ұйқы)
4.
Мектепте  ең кіші жастағы оқушылар қай сыныпта оқиды.
5. «Жеті атаңды» білесің бе?
6. Қазақтың музыкалық аспаптарын ата (домбыра, қобыз,…)
7.  Абайдың неше қара сөзі бар? (45+1)
8. Әнұранның авторларын тап бер. (Ж. Нәжмединов, Н. Назарбаев)
9. Сен неше жастасың?
10. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

ІІІ-кезең      / логикалық математика курсы бойынша/

«Кім тапқыр?»   бұл кезеңнің шарты:

Бұл кезең екі тапсырмадан тұрады.

А)  Таяқшалармен тапсырмасы. Дұрыс жауап   5 ұпай

1 топ            5 таяқшадан   2 үшбұрыш құрастыр

2 топ            7 таяқшадан   3 үшбұрыш құрастыр


Ә)  Зейінге байланысты тапсырма    дұрыс жауап   3 ұпай

Сайыскерлерге кемпірқосақ көрсетеді.Сайыскерлер кемпірқосақтың түстерін бір көргеннен естерінде сақтап қалулары қажет.30 секунттан кейін кемпірқосақты төңкеріп қояды. Топ мүшелері  есте сақтаулары бойынша кемпірқосақтың суретін салады.


IV-кезең  «Сөз құрамақ»     / Қызықты грамматика курсынан/

Бұл кезең екі бөліктен тұрады. Сіздерге жұмбақ жасырамын,соны тапсаныздар бірден 4 ұпайға ие боласыздар.



А) Жұмбақтың жауабын кестеден секіре отырып көрсету.

Беті көп,көзі жоқ.Тілі жоқ, сөзі дөп. (кітап)


4 жеңешем көйлегін, кезектесіп киеді.  (Жылдың төрт мезгілі)  не арнап өлеңдер  жазған   кім?    А.Құнанбаев

Ә)  «Сөзтуым»   Кемпірқосақ сөзінен бірнеше сөз жаса


V-кезең     «Он  саусақ »

Әр топқа бірнеше материалдар  беріледі.Сол материалдардан бір зат құрастыру./3 минут ішінде/

1 топ. ваза жасау

2 топ  гүл жасау

Сайыскерлердің қорытындысын шығарғанша көрермендерге викториналық сұрақ:
Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?
Отбасында жеті қыз және әр қайсысында бір-бірінен інісі бар. Отбасында неше бала бар? /8/
Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
Өсімдік мүшелерін ата?
 Осыменен біздің сайысымыз ақтық мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімдерін талқылағанша біздер менен сіздер болып «Дос болайық бәріміз» әнін орындайық.

Қазылар алқасына сөз беріліп,марапаттаулар болады.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
666
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі