400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг " Менің жанұям"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата аналар жиналысын ашқанда керек материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

16.09.2019

Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг «Менің жанұям»


Мақсаты: отбасындағы тәрбие- өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру өзара серіктестік орнату, ата-ананың, баланың оқу – тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.
Қатысушылар: ата-аналар.
Құрал — жабдықтар: түрлі- түсті бояу, плакат, таратпа материалдар.
Тренинг сабақтың міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Тренинг барысы:
1. Сәлемдесу рәсімі
2. «Жанұя бақыты» жаттығу.
3. «Сөйлемді аяқта» әдістемесі.
4. Сергіту сәті «Өтінемін» ойыны
5. «Мен түсінемін» тренинг
6. Жаттығу: «Тілек шамы».
7. «Сиқырлы жүрек» ой – түйін
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы – ата-ана. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне белсене араластыру, мәдениетін арттыру, ата- ана мен мектеп арасында серіктестік орната отырып ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің маңызы орасан зор.

І. Амандасу.
Мақсаты: Ата-аналарды орындарына отырғызу, жақсы психологиялық көңіл-күйді қалыптастыру.
«Сәлем – сөздің анасы» демекші кез-келген жерде, қандай жағдайда болмасын адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен амандасып, сәлем алысқаннан кейін жұмысы жөнінде сөз қозғайды. Бұл қашанда осылай болған, болады да, болуы керек. Дүниежүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесу салты да түрлі-түрлі болып келеді. Қазір сіздерге бірнеше елдің амандасу салтын көрсетемін.
1. «Еуропалықтар» — қолын қысады.
2. «Жапондықтар» — иіледі.
3. «Оңтүстік африкалықтар» — арқаларымен үйкелеседі
4. Үндістер/ оңтүстік Америка/алақандарын бір-біріне қойып жоғары қаратып қастарына тигенше көтереді.
5. Ал енді, өзіміздің ұлттық қазақша амандық – саулық сұрап, қал-жағдайымызды біліскенге не жетсін! Олай болса, қол алысып бір-бірімізбен сәлемдесейік.
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен бақытты – Бақытгүлмін;
Мен көңілді – Қуанышпын;
Психолог келесі сұрақтарды қояды:
— Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қалатындай әсерін тигізді?
— Сіз үшін қандай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?
— Кімнің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді?
— Кімнің айтқан ойы Сізге түсініксіз немесе таң қалатындай болды?
— Мүмкін, сол адамға Сіздің қоятын сұрағыңыз бар шығар?
Бұл сұрақтардың көмегімен қатысушылардың тілдік белсенділігін шақырып, олардың ойындарға, жаттығуларды орындауға қызығушылыгы бар ма, жоқ па екенін анықтап алуға мүмкіндік туады.
Әрбір бала- дара тұлға. Бала тәрбиесінде ата-ана балаға қысым көрсетуден, бала көзінше дөрекі сөйлеуден, жат қылықтар көрсетуден аулақ болып, үлгі болу керек.Адамдардың өзге тіршілік иесінен айырмашылығы дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау жақсы бір тұлға етіп тәрбиелеу. Сонда ғана білімді, жан- жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Жүрекше арқылы 2 топқа бөлеміз: «ӘКЕ» және «АНА»
ІІ. «Жанұя бақыты» жаттығуы.
Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. Жаттығуымыздың шарты бойынша «Жанұя бақыты» үлгісін құру. Яғни, ата-аналар жанұя суретін топпен салу және жанұя бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.
— сыйластық
-мейірімділік
-өзара түсінушілік
— татулық
— сүйіспеншілік
— денсаулық
— салауатты өмір салты
Топ ішінен бір ата-ана жасалған жұмысын қорғайды.
ІІІ. “Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
— Мен өз жанұямды жақсы көрем, себебі…
— Жанұя бұл…
— Жанұям бақытты болу үшін…
— Мен қалар едім жанұямның…
ІҮ. Сергіту сәті: «Өтінемін» ойыны
Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бірін- бірі тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
— Құрметті ата-аналар! Сіздер, қандай сиқырлы күші бар сөздерді білесіздер?
— Рахмет, өтінемін, кешіріңіз, ризамын т.б.
— Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет, «өтінемін»- деген сөзді айтпасам, сіздер сол өтінішті орындамайсыздар.
— Секіріңдер
— Оң аяқтарыңды көтеріндер
— Өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңыздар
— Өтінемін, бір-біріңді құшақтаңыздар
— Оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңыздар. Өтінемін«Ана» туралы бір шумақ ән айтыңыздар.
Ү. «Мен түсінемін» тренинг. Мұнда ата-аналар өз балалары туралы айтады. Яғни, оның анасын қуантатын ж\е ренжітетін жағдайларды параққа жазады ж\е қорғайды. Қай жағы көп болды? Неліктен көп болды деп ойлайсыз? Оның көп болуына ата-ананың әсері бар ма?
ҮІ. «Тілек шамы». /Балауыз шамы арқылы/
Мақсаты: тренинг туралы пікірлеріңізді ортаға салу.
Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ошақ ұя – жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын
ҮІІІ. Қорытынды
Ой — түйін: «Сиқырлы жүрек»
Нұсқау: Ал, енді мына жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. Мына жүрекшелердің артына балаға деген ақ тілектеріңізді жаза отырып, үлкен жүрекке жапсырайық.
Жүрек тірілді, ол үнемі дүрсілдеп соғып тұратын болады. Қорытынды.
Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.
Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.



Баянгожаева Жанар Меирмановна





Мен жанұямды жақсы көремін себебі---------------------------------------------------

Жанұям бұл-----------------------------------------------------------------------------------

Жанұям бақытты болу үшін мен --------------------------------------------------------

Мен қалар едім жанұямның----------------------------------------------------------------





Мен жанұямды жақсы көремін себебі---------------------------------------------------

Жанұям бұл-----------------------------------------------------------------------------------

Жанұям бақытты болу үшін мен --------------------------------------------------------

Мен қалар едім жанұямның----------------------------------------------------------------



Мен жанұямды жақсы көремін себебі---------------------------------------------------

Жанұям бұл-----------------------------------------------------------------------------------

Жанұям бақытты болу үшін мен --------------------------------------------------------

Мен қалар едім жанұямның----------------------------------------------------------------



Мен жанұямды жақсы көремін себебі---------------------------------------------------

Жанұям бұл-----------------------------------------------------------------------------------

Жанұям бақытты болу үшін мен --------------------------------------------------------

Мен қалар едім жанұямның----------------------------------------------------------------



Мен жанұямды жақсы көремін себебі---------------------------------------------------

Жанұям бұл-----------------------------------------------------------------------------------

Жанұям бақытты болу үшін мен --------------------------------------------------------

Мен қалар едім жанұямның----------------------------------------------------------------

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

О.Жандосов атындағы орта мектеп-интернат КММ











«Менің жанұям» Ата-аналарға арналған тренинг

( 4 «Ә» сынып ата-аналары»)















Дайындаған мектеп психолгы: Токтасынова Аспет Кунболатовна







































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
13 қазан
1753
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі