400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Тақырыбы: Ата Заңым ардағым.

Материал туралы қысқаша түсінік
30 тамыз Ата заңымыз қабылданған күн. Биыл Ата заңымызға 19 жыл толады. өздеріңіз білесіздер, ол адамның, қоғамның, елдің құқығын қорғауға арналған. Әрбір елдің өз Ата заңдары болады. Заң болмаса, адам құқығы қорғалмайды, дүниеге келген бірінші күннен бастап сендер мемлекеттің қамқорлығындасыңдар. Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушы президент.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Тақырыбы : «Ата Заңым ардағым»

Мақсаты:Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып отырып ,

ұлтжандылыққа тәрбиелеу . Патриоттық сезімін ояту . Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу .

Көрнекілігі: Елбасы Н.Ә Назарбаевтың суреті ,мемлекеттік рәміздер ,

Әнұранның фонаграммасы слайды .

Әдіс–тәсілі: Түсіндіру ,сұрақ -жауап , әнұран ,ән , би , дидактикалық ойын .

Тәрбиеші: Қастерлемес даңқын кім .

Қастерлемес салтын кім ?

Әнұраны елімнің

Үні , тілі халқымның

(ҚР әнұраны орындалады ).

Тәрбиеші :Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр ?

-Конституция , Ата заң

-30 тамыз Ата заңымыз қабылданған күн . Биыл ата заңымызға 23жыл

толады .Өздеріңіз білесіздер , ол адамның , қоғамның , елдің құқығын

қорғауға арналған . Әрбір елдің өз Ата заңдары болады . Заң болмаса ,

адам құқығы қорғалмайды , дүниеге келген бірінші күннен бастап сендер мемлекеттің қамқорлығындасыңдар. Ата заңымыз бойынша

мемлекет басқарушы президент .

-Президентіміз кім , ел басқарып отырған ?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .

-Балалар , біздің Республикамыз қалай аталады ?



-Қазақстан Республикасы деп аталады .

-Дұрыс айтасыңдар . Біз үлкен де , күшті мемлекет Қазақстанда тұрамыз.

130 -дан астам әр ұлт окілдері бар .

Әрбір халықтың салт -дәстүрі мен тілі бар . Ең бастысы Қазақстан деген

Ортақ үйімізде әнімізде, сәнімізде жарасып , ынтымақ пен бірліктің

Нәтижесінде тату -тәтті өмір сүріп жатырмыз .

-Сендер , балалар Отанымыз Қазақстан жайында қандай тақпақтар

білесіңдер ?

Тақпақтар : Айдидар , Айзере , Абылайхан , Шерали .

Ән :«Менің Отаным »

Тәрбиеші : Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер ?

-Әнұран , Елтаңба , Туымыз бар

Иә балалар дұрыс айтасыңдар . Ашық аспандай көгілдір туымыз бар .

Айбынды елтаңбамыз бар , мағыналы әнұранымыз бар .

Ендеше балалар рәміздер туралы тақпақтар айтып берейік .

Тақпақтар :Сафуан , Айша , Қуаныш .

Тәрбиеші : Жарайсыңдар , балалар еліміздің рәміздерін өте жақсы

білетіндеріңді байқаттыңдар .

Біз жас ұлан Отан ана өркені ,

Үміт артқан болашағы ертеңі

Еліміздің даңқын көкке өрлетіп

Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкені -еліміздің ,жеріміздің жарқын болашақ жұлдыздары сендерсіңдер , балалар !







-Ендеше , қонақтарға ,бір–бірімізге Отанымызға арнап жылы тілектерін

атайық .

Аспанымыз ашық болсын !

Жеріміз гүлге толсын !

Елбасымыз аман болсын !

Заманымыз аман болсын!

Балабақша гүлдене берсін!

Біз сіздерге сәттілік тілейміз !

Өте жақсы тілектер екен балалар ! Осымен іс -шарамыз аяқталды .



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
732
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі