400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Автомобильдің апаттан кейінгі қауіпсіздігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Автомобильдің апаттан кейінгі қауіпсіздігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Автомобильдің апаттан кейінгі қауіпсіздігі

 

Дәрістің жоспары:

8.1. ЖКО кейінгі пайда болған қауіпті жүйе;

8.2. Автомобильдің өрт қауіптілігі;

8.3. Автомобильдің герметикалығы;

8.4. Автомобильдің эвакобейімделушілігі;

8.5. ЖКО орнында апаттан кейінгі қауіпсіздік шаралары.

 

 

8.1 ЖКО кейінгі пайда болған қауіпті жүйе

 

Автомобильдің апаттан кейінгі қауіпсіздігі  дегеніміз – оның ЖКО салдарын минимум секундтар ішінде жою және жаңаларының пайда болуына кедергі жасау қасиеті. 

Автомобильдің апаттан кейінгі қауіпсіздігі: өрт қауіптілігімен, герметикалығымен, эвакожабдықталғандығымен, салдарды жою құралдарымен қамтамасыз етілгендігімен, жөндеуге жарамдылығымен сипатталады.  

Өрт қауіптілігі – объективті факторларға қарай тұтану ықтималдығын сипаттайтын қасиет (ЖКО, жалын аймағына түсу және т.б.);  

Герметикалығы – суға түскен кезде немесе батқан кезде шанақтың су өткізбейтіндігін сипаттайды;

Апаттық ақпараттылығы – апаттық сигнал беру құралдарының (шамдық, дыбыстық, радиомаякты, жылтыңдаған қызыл шамдар, апаттық тоқтату белгісі, арнайы түтін шашкаларының) болуымен анықталады;

Салдарды жою құралдарымен қамтамасыз етілгендігі (СЖҚ) - өртті жою құралдарының болуымен және ЖКО кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетумен анықталады;  

Жөндеуге жарамдылығы – автомобильдің ЖКО кейін қалпына келтіруге жарамдылығын сипаттайды. 

Пайдалану қауіпсіздігінің барлық түрі; белсенді қауіпсіздік, пассивті қауіпсіздік, апаттан кейінгі қауіпсіздік, экологиялық қауіпсіздік бір-біріне әсер етеді, олардың көріністері сұлба түрінде ЖКО түрлі фазаларында берілген. 

ЖКО алдын ала фазасы қозғалыс жағдайларымен анықталады.  Апаттық жағдай туған кезде қозғалысқа қатысушыларда ЖКО болдырмау мүмкіндігі үнемі бола бермейді. Осы кезеңде конструкцияның белсенді қауіпсіздігі байқалады. Әсіресе, осы кезде тежегіш жүйенің тиімді әрекеттері маңызды. Тежегіш жүйе тиімді болған сайын, ол көлік құралының соғұрлым көп баяулауын қамтамасыз етеді, пассивтік қауіпсіздік артады, яғни салдардың ауырлығы төмендетіледі.  

ЖКО бастапқы фазасы автомобиль шанағының тетіктерінің түйіндері мен элементтерінің деформациясы арқылы, бұзылу процесімен, яғни алғашқы соққының ағынымен сипатталады.  

ЖКО шарықтау фазасы екіншілік және үшіншілік соққылардың ағынының сипатын анықтайды.  Бұл фаза айтарлықтай дәрежеде автомобиль жылдамдығынан ЖКО кезінде дене жарақатының ауырлығын анықтайды. 

ЖКО соңғы фазасы екіншілік соққыдан кейінгі кезеңімен сипатталады. Осыған орай, есіктің ашылуынан адамдардың автомобильден шанақтың терезе және есік ойықтарына түсіп кету жағдайлары байқалуы мүмкін.  

ЖКО апаттан кейінгі фазасы соңғысынан кейін болады және автомобиль тоқтағаннан кейін жалғасады. Мысалы, автомобильде соғысқаннан, аударылғаннан кейін немесе автомобильдің суға түскен кезінде, өрт туған жағдайларда.  Осы кезеңде бастысы зардап шеккендерді құтқару, оларға дәрігерге дейінгі және дәрігерлік көмек көрсету. 

ЖКО ұзақтығы секундтар бөлігінен бастап бірнеше минуттарға дейін құрайды.  Тіркескен ЖКО кезінде, яғни соқтығысу және аударылу кезінде бірнешеуден бастап  жүздеген көлік құралдарының қатысуы кезінде ұлғаюы мүмкін. Аралас ЖКО орын алады (бастапқы соқтығысу, сосын аударылу, одан кейін автомобильдің жануы немесе оның суға түсуі). Апаттан кейінгі фазаның жүру уақыты, зерттеу нәтижелері бойынша, өрт туған кезде оны өшіруге ұмтылмаған кезде, жеңіл автомобильдермен 12 – 17 минутқа, жүк автомобильдерімен 15 -20 минут, автобустармен 20 -27 минутқа  жетеді.   «ФИАТ» деректері бойынша жеңіл автомобильді 1,5 – 2,0 метр тереңдікке түсіру 4 – 8 минутқа созылады. 

ЖКО апаттан кейінгі фазасы – бұл маңызды кезең, онда ауыр және өлімге апаратын жарақаттардың автомобильдің апаттан кейінгі қауіпсіздігін және апаттық-құтқару жұмыстарын уақытылы жүргізуді жақсарту есебінен қысқаруы (15 – 30%) мүмкін. 

 

 

8.2 Автомобильдің өрт қауіптілігі

 

Автомобильдің өрт қауіптілігіне қойылатын талаптар БҰҰ ЕЭК №34 Ережелерімен регламенттеледі. Осы талаптарға сәйкес автомобильдердің отын жүйелері 13 м/с кезінде қарама-қарсы соғылысу және жол бойымен 9 м/с кезінде, бак 90 % толтырылған кезде отын жүйесінен отынның ағып кетуі  28 г/мин аспайтындай; тамшы тәріздес қоспаның жиналуы да 28 г/мин аспайтындай соққыға қарсы төзімділігі болуы керек. Қоректену жүйесі коррозияға сыртынан да, сондай-ақ, ішінен де қарсы тұруы керек. Отын багы отқа төзімді материалдардан немесе пластмассадан жасалуы тиіс, салонда орналаспауы немесе оның қандай болмасын аралық қабырғасының бірін құрамауы керек. Салонды отын багынан бөлектеу үшін 2 минут бойы ашық жалынның әсеріне төзетін аралық қабырға қарастырылады. Отын багы берік бекітілген және көлік құралынан жерге отынның шығарылуы қамтамасыз етілетіндей орнатылуы тиіс, ол бактан оның құяр аузынан және оның қосылыстарына төгілуі мүмкін.  

ЖКО кезіндегі өрт автомобильдің толық бұзылуына және адамдардың өліміне алып келетін  айтарлықтай сирек құбылыс. Тұтану саны ЖКО ауырлығы мен санына пропорционал. Адамның өрт кезінде автомобильде 1,5 минуттан артық болуы өлімге апарады. Оқиғаның 3%-да өрт автобустар мен жүк автомобильдерінің жүргізушілері мен жолаушыларының жарақаттану себебі болып табылады. 

АҚШ-та, жүк автомобильдеріндегі өрт ЖКО жалпы санының 5% оқиғасын тудырғаны белгіленді, яғни жеңіл автомобильдермен болатын ЖКО қарағанда біршама жиі (0,5%). Бұл жеке жүктердің тұтануымен, сондай-ақ, жүк автомобильдерінің бактарының аз қорғалғандығымен түсіндіріледі. 

Өрт көбінесе жолаушылар көлігінде жиі туады - өрттің жалпы саны 75%. Өрттің 1/3 артығы төгілген немесе ағып кеткен жанармайлардан, бықсыған электр өткізгіштерден, темекілерден және т.б. туады.  

Материалдарды талдау, көлік құралдарында өрттің негізгі себептерін анықтау мүмкіндігін 5.1 кестеде беріледі.

Автомобильдің жануына әсер ететін факторлар жанғыш отын ауа қоспасының түзілуі және тұтану көзінің болуы болып табылады.

 

8.1 – кесте – Өрттің негізгі себептері

Себебі

Батыс Еуропа елдері, %

Коршаков деректері бойынша, %

Электр жабдықтарының бұзылуы

Электр өткізгіштегі қысқа тұйықталу

Шығару жүйесіндегі ұшқындар

ЖКО

Басқалар

70

15

5

3

7

58

26

11

2,5

2,5

 

Отынды-ауа қоспасының түзілуі отын багының бұзылуынан, отынның аузынан ағып кетуінен, қоректену жүйесінің бұзылуынан, отынның буға айналуынан болды.  Осындай қоспа  ауада 1,4 - 6,0% отын мөлшерінің концентрациясы кезінде тұтанады. Әдетте, бензобакта бензин буының концентрациясы t=17С кезінде 10% құрайды (t=40C кезінде 50% құрауы мүмкін). Бензин буларының тығыздығы, ауаға қарағанда үлкен болады, сондықтан олар тұнады және жабық бөліктерде (жүк сақтағышта) булардың жиналу қаупі болады.  

Автомобильдің жану көздері: ашық жалын, тұтату жүйесінде ұшқын пайда болу, үйкелістен ұшқындау, статикалық электрлену болуы мүмкін.  

Зерттеу нәтижелері өрт себептері төмендегілер болғанын белгілей алады: 

-     автомобильдің соғысуы  немесе аударылуы кезінде отынның отын багынан клапандар немесе құятын аузы арқылы ағып кетуі;  

-     карбюраторда тұтануға алып келетін жіберетін клапанның тұрып қалуы; 

-     тұрақты ток коллекторында статикалық электрленудің пайда болуы (аккумулятор батареяларының клеммалары нашар тартылған, жалаңаш электр өткізгіш);

-     жеткіліксіз үрленген шиналардың немесе тежегіш барабанның қызып кетуі; 

-     бықсып жанған тұқыл. 

Тұтанудың пайда болу орны көбінесе отын багы болып табылады. Сондықтан автомобильді жобалау кезінде отын багының орналасуына ерекше назар аударады. Бакты қозғалтқыштан анағұрлым алыс жерге орналастыру керек. Бакты арт жағынан орнату  орындылау, себебі ең ауыр ЖКО қарама-қарсы соғысу кезінде болады, ал артынан қағып кету орташа жылдамдықтарда болады. Бензобактың арт жақта, артқы орындықтың артында және берік жинақталып орналасуы анағұрлым қауіпсіз. 

Өрттің туу мүмкіндігін азайту мақсатында пластмассадан жасалған жеңіл бактарды; өзі тығыздалатын қабаттары бар бактарды; синтетикалық губкамен қорғалған бактарды жасайды; автомобильдер соғылысқан уақытта соққы (5g—10g)  кезінде электр тізбектерінің автоматты түрде ажырауын жүзеге асыратын құрылғыларды орнатады. Сонымен қатар, автомобильдердің өрт қауіпсіздігін арттыру үшін өрт сөндірудің автоматты түрде қосылатын жүйелерін, сондай-ақ, отын багына жанғыш қоспаны түзуге кедергі жасайтын қосымша бүркуге арналған құрылғыларды орнатады (галогендер композициялары, кремний қосылыстары, арнайы шайырлар).

Жаппай өндірістегі автомобильдердің апаттан кейінгі қауіпсіздігі аталған талаптарға сәйкес келуі тиіс. 

 

 

8.3 Автомобильдің герметикалығы

 

Берілген мәселе теңіздер, өзендер мен көлдер жағаларындағы жол тораптары жақсы дамыған елдерде қызығушылық тудырады. Суға түсу шарты автомобиль жылдамдығына, автомобиль соғысқан жүктің бөлінуіне, тосқауылға және су массасына байланысты.  Суға тез бата бастағанда жүргізуші мен жолаушылар өзін-өзі ұстау сезімін жоғалтады, оларға пайда болған жағдайды ойластыруға және автомобиль салонын тастап шығатын шара қолдануға уақыт керек. 

ФИАТ итальян фирмасының деректері бойынша автомобильдің батуы 4 бастап 8 минутқа созылады. 1,5 м тереңдікте судың қысымы автомобиль бетінің 1 м2  1 кН, есік ауданы 1 м2 10 кН тең болады. 

Автомобильдегі адамдарды құтқару автомобиль шанағының герметикалығына, автомобиль терезелерінің ашық немесе жабық екеніне, адамдардың өзінің рухының болуына және жүзе білуіне байланысты. 

Салонға су кірудің ықтимал жолдары: жел жақ және артқы шынылардың шанаққа бекітілген жерлерінде; басқыштарға арналған тесіктер; руль бағанасынан; шанақ түбінің бекітпесінен. 

Автомобиль герметикалығы (су өткізбейтіндігі) суға батқан жағдайда әзірше стандарттармен регламенттелмейді.  

 

 

8.4 Автомобильдің эвакобейімделушілігі

 

Апаттан кейінгі қауіпсіздіктің қажетті және маңызды шарты адамдарды апаттық автомобильден тез алып шығу болып табылады. Алып шығаруды қиындататын себептер: қауіпсіздік белдігінің құлыптық құрылғысының қарысуы; жүргізушінің руль доңғалағы мен орындық арасына қысылып қалуы; есіктердің қарысуы (есік құлыптарының және ілгектерінің майысуы). 

1800 жүргізушіге сауалнама жүргізу нәтижесінде, қауіпсіздік белдіктері ЖКО 3% жағдайында қатып қалған, бұл зардап шеккендерді алып шығуды қиындатты. Жүргізушінің руль доңғалағы мен орындық арасына қысылып қалу жағдайы одан да жиірек. 

АҚШ-та жүк автомобилі жүргізушілерінің  алған жарақаттарына, ЖКО типі мен соққы сипатын ескере отырып, зерделеу жүргізілді.  243 оқиғаны зерделеу, жүк автомобильдерімен болатын ЖКО жүргізушіні кабинадан лақтырып жіберу жиі болатынын көрсетті. Кабинаның бір немесе екі есігі де барлық ЖКО  42% ашылды.  Жүргізушіні кабинадан лақтырып жіберудің 35 жағдайы, оның ішінде сынған алдыңғы терезеден – 6 тіркелді. Ауыр немесе өлімге әкелетін жарақатты кабинадан лақтырылған жүргізушілердің   55% алды.  Жүргізуші кабина ішінде қалған жағдайларда ауыр және өлімге әкелетін жағдайлардың үлесі 13% құрайды.

МЕСТ 20774-75 бойынша апаттық шығар жердің жалпы саны автобустардың сыйымдылығына байланысты: бір есік 30 жолаушыға, бір апаттық терезе немесе люк 20 жолаушыға нормасынан шыға отырып, орнатылады. Осыған орай, автобустың габариттік ұзындығы 7,5 м болғанда,  автобуста кем дегенде 2 апаттық шығар жер болуы керек және төбесінде кем дегенде бір апаттық люк, үлкен габариттік ұзындықта екі люк болуы керек.   

 

 

8.5 ЖКО орнында апаттан кейінгі қауіпсіздік шаралары

 

ЖКО кейін адамдарды құтқару мүмкіндігі айтарлықтай дәрежеде трассада медициналық, өрт және суда құтқару қызметінің қаншалықты жақсы ұйымдастырылғанына және өзара әрекет етуіне байланысты. 

Зиянды заттарды ОГ-мен шығару нормалары толық массасы 3,5 т жоғары,  мәжбүрлеп тұтанатын бензин қозғалтқыштарымен жабдықталған АКҚ экологиялық қауіпсіздік талаптарына (Ресейде шығарылатын 5,9 л дейін және одан жоғары  жұмыс көлемімен) сәйкестігін тексеру үшін  МЕСТ 51832-2001 бекітілген.

Бензин қозғалтқыштары және сығылудан келетін қозғалтқыштары бар АКҚ пайдалануда экологиялық қауіпсіздікті тексеру үшін көміртегі оксиді мен көмірсутегілерінің шығарылу нормаларын МЕСТ 17.2.203 -87, ал газбаллонды АКҚ үшін МЕСТ 17.2.2.06-99 дизельді қозғалтқыштар ОГ түтіндігі бойынша нормаларды МЕСТ 52160-2003 бекітеді.

 

Бақылау сұрақтары:

8.1. Автомобильдің апаттан кейінгі қауіпсіздігі  дегеніміз?

8.2. Автомобильдің өрт қауіптілігінде тұтану ықтималдығын сипаттайтын қасиет?

8.3. Апаттық сигнал беру құралдарының атаңыз?

8.4. Автомобильдің өрт қауіптілігіне қойылатын талаптар?

8.5. Қоректендіру жүйесі элементтері мен салон материалдарының өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптары?

8.6. Көлік құралдарын апаттан кейінгі қауіпсіздік құрылғыларымен және құралдарымен жинақтау?

8.7 ЖКО орнында апаттан кейінгі қауіпсіздік шаралары?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі