400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Тақырыбы: «Аяулы анашым!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сценарий Тақырыбы: «Аяулы анашым!»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Аяулы анашым!»

Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.

Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.

Ерік: құрметті аналар, әжелер мен апайлар! Сіздерді сегізінші наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейпіз!!!

Бексұлтан: Дорогие наши мамы, бабушки и воспитатели!!! Поздравляем вас с 8 марта. Желаем вам крепкого здоровья, счастья и открытого небо над головой.

Ерік : ендеше ортаға бүгінгі мерекні жүргізетін тәрбиешілерімізді шақырайық.

Бексұлтан: «Шапалақ»

Жүргізуші Г:                      

Ана десем  сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Аналар,барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші Ж :Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!

Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.

Ендеше ортаға балаларды қарсы алыңыздар!

Ортаға балалар «Вальс» биімен кіреді.
Балалар хормен:

Аналарды сүйеміз!

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!

Сенен өскен балалар-

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!

Спасибо мамочкам своим
Давайте скажем вместе,
За их любовь и доброту,
За сказочки и песни
.
Ведь мамы, не жалея сил,
Заботой нас питают,
И в женский праздник, от души,
Всех мам мы поздравляем!
Mother is the dear rest 
Of all the friends I know  
She helps me work end   
Helps me always     

That’s why I love she so!  

Жүргізуші Г :Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.

Ән «Анашым, ана жаным»

Жүргізуші Ж:

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!

Тақпақтар :

1. А.Айша

Ана дейміз біріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтын бақ.

2. Ернұр    

Адал бол деп-балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде махаббат
Тілегің де мархаббат
Анамызға мың алғыс

3. А. Адиль

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

4. Бекмұхаммед

Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.
5. Наз

Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.

6. Айлана

Ақ сүт берген балаңа
Күш - жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған

7. Айзара

Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім, ой келді.
Қуанышты күні енді,
Құттықтаймыз сіздерді.
8. Ерік

Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.

Бізге қарап елжіреп,
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.

9. Ясмин

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.

«Құлыным» деп құшағына алады

Өзгеге де, өзіне де жауапты

Барлығына қалай уақыт табады?!

Жүргізуші Г:

Ақ қар еріп

Су көбейіп!Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балаларым айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\

Көктем келеді. \балалар мен ,ата-аналармен амандасады.\

Жүргізуші Ж:Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала !
Жүргізуші Ж :

Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір ұлдар биі.

Қол соғып демеу берер көрермендер

Би « Флешмоб » Орындайтын –ұлдар.

Көктем: балалар мен жалғыз келген жоқпын, достарымды да ала келдім, қарсы алыңдар достарымды.

Көбелек пен ара қол ұстасып билеп кіреді.

Көбелек сөзі.

Ара сөзі.

Ара мен көбелек. 8 наурыз құтты болсын!!!

Көбелек:

Балалар сендер ойынауды жақсы көресіңдер ме? Егер сендер менің сұрақтарыма жауап берсендер мен сендерге ойын әкелдім,келесесіңдер ме?

Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?

Көктем мезгілінде қай жақтан құстар ұшып келеді?

Көктем мезгілінде ең алғашқы қандай гүл шығады?

Ойын: «Асхана»

Жүргізуші Г. : Көктем, көбелек, ара біздің балалардың өнерлері әлі көп, ендеше балалардың тақпақтарын қабыл ал.

Тақпақтар :

10. Бексұлтан

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамымен құттықтаймын

11. Құмар

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

12. Дильназ

Аппақ мамам, ақ мамам

«Ақ  мамам!» - деп, шаттанам
Түн ұйқыңды  төрт бөліп
«Бөпешім!»- деп жатпаған.

13. Жандос

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам

айналайын ақ анам!

14. Назым

Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді
Еркіндеткен біздерді  
Анамызға мың алғыс

15. Айдана

Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым!

16. Нұрай

Анаң болса қасында

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет

17. Мадина

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

18. Даулет

Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым

Жүргізуші Ж:

Мың бұралған ақ қайындай

Бишелер шықсын ортаға.

Ал ендеше қол соғайық,

Қошеметпен қолқала.

Би «Испан биі» орындайтын қыздар.

Жүргізуші Гульжанат : көктем біздің балалардың сізге арнаған әні бар. Қабыл алыңыз.

Көбелек: менде тағы бір ойын бар.

Ойын «Суретші»

Жүргізуші : біздің қыздардың орындауындағы тағы бір биді тамашалаңыздар.

Би : «Өзбек » биі
Ән « Наурыз\көктем»

Көктем : балалар әндерін кремет екен, менде тағы бір ойын бар. Бірақ ол ойынды біздің аяулы аналарымызбен ойнаймыз.

Ойын: «Заттарды тап»

Жүргізуші Жұлдызай:

Ал енді біздің ұлдардың сіздерге дайындаған, би\көріністерін қабыл алыныздар.

Би: «Бабушки\старушки» ұлдардың орындауында.

Жүргізуші Гульжанат : келесі кезекті тақпақтарға берейік.

19. М.Әділ

Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.

20. Байсұлу

Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін

21. Аңсар

Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын

22) С.Мансұр

Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым

23. Ерасыл

Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар

24) Мадияр

Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
25) Алдияр

Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.

26) Мерей

Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Көктем:Балалар мінің уақытым келіп қалды. Бірақ мен енді әркез сендермен бірге боламын! Сау болыңыздар!

Жүргізуші Жұлдызай: ендігі кезекте сіздерге қыздардың орындауындағы «Көбелек» биін қабыл алыныздар.

Би: «Көбелек»

Ән: Попури

Жүргізуші Гульжанат:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке 

Жүргізуші Жұлдызай:

О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған

Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман

Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң

Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілексұрамаң-дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Балалар хормен:

Ана- біздің күніміз.

Ана- біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз
Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( балалар гүлдерімен ортаға шығады

Аналар,әжелер біздің ұлдар текқана аналарға емес және қыздарға да сыйлықтар дайындаған,соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі