Тақырыбы Ауғанның от-жалыны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы Ауғанның от-жалыны

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге әдістеме
Материалдың қысқаша нұсқасы



Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына арналған кездесу-кеш.

Тақырыбы: «Ауғанның от-жалыны»

Мақсаты: 
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Ауған соғысындағы батырлар» альбомы , тақырыптық көрме, интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, деректі кинофильм, плакаттар, суреттер.
Шақырырылған қонақтар: Ауған соғысына қатысқан, осы күнде ауылымызда тұратын ардагер ағаларымыз ...


Қазақстан республикасының Әнұраны ойналады.


Жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
 1989 жылы, ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз  қаза  тапқан қасіретті де, қайғылы «Ауған соғысы»  аяқталды.


Жүргізуші: Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі  ел есінде сақталуда. Біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын  Отан алдындағы борыштарын  адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз. Олай болса Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып, бір минут үнсіздікпен еске алайық.


Жүргізуші:

Армысыздар, ауғандық жауынгерлер

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

Өлгендердің жәннатта болсын жаны

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер.


Жүргізуші:

Сол Ауғанда талай досты жерледік,

Қарлы шыңға күн-түн демей өрледік.

Сұрапылда ерледік те шерледік,

Намыс туын қолдан бірақ бермедік.


Жүргізуші: 1978 жылы Ауғанстан жерінде төңкеріліс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемелекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.

Жүргізуші: 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен 
Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы.



Жүргізуші: Бейбіт өмірде Отан алдындағы борыштарын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер Ауған соғысына аттанды. Олар соғыстың мән жайын ұғынар - ұғынбастан кете барды. Талайдың тағдырын тәлкіге салған Ауған соғысы он жылға созылды.


Жүргізуші: Қаншама жас қыршынынан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың бір ғана міндеті-бала жастан санамызға сіңірген патриоттық тәрбие-Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді.


Жүргізуші: Ауған соғысы-КСРО Қарулы Күштерінің Ауғунстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Оған әр елден, сондай –ақ 21979 мың қазақстандық қатысты, 780 жауынгер қаза тапты, 22 жауынгер хабар –ошарсыз кетті.



Жүргізуші: Тағдырымды оқ өтіне байлаған,

Қан майданнан аман қайттым қайнаған.

Қалды-ау солай тау-тасында Ауғанның,

Қанша ғұмыр жауқазындай жайнаған.

Іштен тынам, өзегімді өртеп мен

Ерлік рухы өшпеу керек еркектен

Мен солардың тірі қалып артында,

Армандарын аялауға серт етем.

Олай болса сөз кезегін Ауған соғысына қатысқан ағаларымызға берміз. (Оқушыларға сол кезеңнен қысқаша әңгіме естеліктерін айтып берсін)


Жүргізуші: Серігісің достардың сенгендегі

Көңіл бөлме пікірге пендедегі

Жиып ұста денеңді, биік ұста

Ауғанда ешкім жеңбеген зор кеудеңді!

Азаматтық-ел жүгін атқару ол,

Асулардан аттайтын қатпары мол.

Ауғанның ащы дәмін татқан бауырым,

Алаштың арқа сүйер мақтаны бол!

Осы ағаларымыздың құрметіне ... Құрманғазының күйі «Балбырауын» қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: Мектебіміздің АӘД жетекшісі ... оқушыларға дайындап әкелген Ауған соғысы кезінен қысқаша деректі кино фильмінен үзіндісін көрейік.


Жүргізуші: Ауған жауынгерлерінің ерлігі, қажар-қайраты бір –біріне деген достық және бауырмалдық көмегі, от пен оқтың ортасындағы жан кешті тағдыры бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге боларлықтай.


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерін бірге кешейік. Отанымыздың адал азаматы болып өсіңдер! Ауғандық ардагерлерімізді қадірлеп, құрметтеу- біздің борышымыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет! Еліміз тыныш, бейбіт заман болсын, ағайын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
541
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі