400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Бала – отбасының айнасы. ата-аналарға арналған дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
: отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Бала – отбасының айнасы.

ата-аналарға арналған дөңгелек үстел

 

Мақсаты: отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе қағаздар, түрлі түсті қағаздар, стикерлер, ватман, тәрбие туралы мақал-мәтелдер

 

Кіріспе:  Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Біздің мақсатымыз – балаларымызбен қарым-қатынастарды жақсартып бала тәрбиесіне көңіл бөлу. Ата-ананың тілегі-баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Баланың ең бірінші ұстазы — ата-анасы.

І. «Аялы» жаттығуы

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Нұсқаулық: Қатысушылар шеңбер болып тұрады, жаттығу сағат тілімен жүргізіледі. Сол жағындағы көршісінің иығына алақанын қойып, «сізді…. теңеймін немесе ұқсатамын.» (мысалы: жарқырап тұрған күнге) дейді. Жаттығу шеңбер бойымен жалғасады.

ІІ. «Ой қозғау» ата-аналарға сұрақ.

1.Балаңыздың білім алуына көп көңіл бөлесіз бе?

2.Білім алуына жағдай жасадым деп ойлайсыз ба?

3.Балабақшадан оралғанда көңіл күйіне мән  бересіз бе?

4.Балаңыздың достарын білесіз бе?

5.Баламен қарым-қатынас қандай болуы керек?

6.Балаңыздың сүйікті пәні қандай?

7.Балаңыздың бос уақытында айналысатын ісі?

ІІІ. Адамның асыл қасиеттері: ата-аналар постер қорғайды.

Жеке тұлғаның бойындағы қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыздар?

 

  • Жеке тұлға –

 

  1. IV. «Жануарлар әлемі» ойыны.

Мақсаты: көңіл-күй көтеру, ойын арқылы ата-аналарды топқа бөлу.

Нұсқау: Қатысушыларға үй жануарларының аттары жазылған үлестірме қағаз  таратып беріледі. Жануарлар жазылған қағазды әркім  ешкімге көрсетпей өзі оқиды, содан соң жүргізуші қағазды жинап алады.  Атаулар екі рет қайталанады. Мысалы: егер сіздің қолыңызға үй жануары  қоян деп жазылған қағаз тисе, сіз тағы біреудің қолында сондай атау бар екенін біліңіз. Осылайша үй жануарлары, құстар, дала жануарлары болып бөлінуіміз керек. Әрқайсысымыздың  міндеттеріңіз өз сыңарларыңызды табу. Бірақ сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыз, тек сол жануардың өзіне тән түрлі қимылдары арқылы білдіре аласыз. Бір сөзбен айтқанда, кез келген әрекетті үнсіз жасайсыздар.

Сіз өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыздар, бірақ үндемейсіздер, сөйлемейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқаннан кейін, жүргізуші  «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады. Ойын қалай болды, жұбыңызды табу қиын болды ма? т.б. сұрақтар қою арқылы ойынды  қорытындылау.

  1. «Ілтипат» жаттығуы.

Мақсаты: Бір-біріне жақындастыру, жылы шырай таныту.

Шарты: барлығы шеңбер құрып отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлері туралы айтып,бір-бірлеріне жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік, сыйластық тілейді.

VIІ. Қорытынды

Тәрбие отбасынан бастау алады. Әрбір ата-ана өзінің күнделікті тұрмыс-тіршілігін дұрыс ұйымдастырып, балаға әркімнің өзінің жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсете білуінде. Сондықтан да балаларыңызбен үнемі жақсы қарым-қатынаста болайық


МҚКК «Айналайын» балабақшасы













Тақырыбы: Бала – отбасының айнасы.

ата-аналарға арналған дөңгелек үстел









Тәрбиеші:Аубакирова Меруерт Таскеновна



















Аққу ауылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 мамыр
2432
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі