400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Бақ-бақ гүлі», білім бөлімі: Сурет

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Көктемнің алғашқы гүлі жайлы білімдерін кеңейту. Бейнелеу әрекеті мен дағдысын қалыптастыру. Баланың қиялын дамыту, ұқыпталыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет

Тақырыбы: «Бақ-бақ гүлі»

Мақсаты: Көктемнің алғашқы гүлі жайлы білімдерін кеңейту.

Бейнелеу әрекеті мен дағдысын қалыптастыру.

Баланың қиялын дамыту, ұқыпталыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Суреттер, слайд, бейнелеуге қажетті құралдар.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Ұйымдастырушы қозғаушы








Ұйымдастырушы ізденуші

Шаттық шеңбері

Кең айна көлім бар,

Кең жайлау жерім бар.

Жемісті бауым бар,

Бау бақша лық толы,

Әр түрлі гүлім бар.

Осындай елім бар,

Осындай жерім бар.


Көктемнің бірінші гүлдері жайлы балалармен әңгіме өткізу.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде қандай өзгерістер болады?

Көктемде алғаш өсіп шығатын қандай гүлдерді білесіңдер?




Сендерге қандай гүлдер ұнайды?

Осы гүлдерің ішінде басқа өзгеріске ұшырайтын гүлдер бар ма?

Бақ-бақ гүлі жайлы өлең шумақтарын білесіңдер ме?


Үлпілдеген аппақ,

Атың сенің бақ-бақ.

«Уф» - десем ұшасың,

Қаңбақсың ғой бақ-бақ.


Күннің түсі секілді,

Сары түсті бақ-бақ.

Өзгеріпсің сен тағы,

Ұлпа қардай аппақ.


Жасыл түсті жапырағың,

Әдемі ғой, әдемі.

Желмен ұшып әрдайым,

Шарлайсың ғой әлемді.


Қояр ма еді өзіңді,

Сары түспен сақтап.

Айтып жүрем ініме,

Бақ-бақ сені сақтап.


Күнбағысқа ұқсатам,

Кішігірім өзіңді.

Есіме алам әрқашан,

Мен кішкене кезімді.


Сары түстен ақ түске,

Өзгеретін гүл болмаған,

Жаз соңына жетпей ақ,

Бар әлемді шарлаған.


«Уф» -десем ұшасың,

Жеңілсің ғой сен мүлде,

Қалаған жерге қонасың,

Қуантасың сен күнде.


Басқа гүлге қарасам,

Өзгермейді ешқашан.

Желмен бірге ұшасың,

Бақ-бақ саған қызығам.


Жарайсыңдар балалар.

Бақ-бақ гүлі неге ұқсайды?


Түсі қандай?

Бақ-бақ гүлі өзгергенде неге ұқсайды?

Жапырағының түсі қандай?

Гүл өсу үшін не керек?


Дұрыс айтасыңдар.

Балалар, бүгін біз Бақ-бақ гүлін бейнелейміз. Ол үшін бізге шанышқы, жасыл түсті бояғыш т.б. қажет.

Суретті салып көрсету.

Сергіту сәті.


Әдемі гүл бақ-бақ,

Айтайыншы тақпақ.

Бір қарасам сары,

Бір қарасам аппақ.

Желмен бірге ырғалып,

Далам менің кең алып.

Бір орныңда тұрмайсың.

Айтшы маған сен неғып.


Қолымызды демалдырайық, Бақ-бақ гүлін қалай өсетінін көрсетіп алайық.


Суретпен жұмыс.

Бақ-бақ гүлі өсуі үшін не қажет?

Аралар не үшін гүлге келеді?


Бақ-бақ гүлінің ұшуына не себепші?

Бақ-бақ гүлінің қандай емдік қасиеті бар?


Рахмет балалар, жарайсыңдар. Сендер бақ-бақ гүлін жақсы бейнеледіңдер.












Көктем

Шөп, гүл өседі.


Қызғалтақ, салығалтақ, бәйшешек, Бақ-бақ.



Ия, ол бақ-бақ.


Ия, ия











































Күнбағысқа, күнге

Сары


Ұлпа қарға

Жасыл

Су, ауа, жер, жылу.






















Күн, су.

Шырын, бал жиауға

Жел


Көзге, іш ауруларына ем.






Балаларды мадақтау.

Балалар бүгін сендер көктем мезгілі және оның ерекшелігі мен көктем гүлдері және гүлдерге арналған өлең шумақтарын жақсы біледі екенсіңдер.

Күтілетін нәтиже: «Біз не білдік?»

Кеңістікті пайдалана отырып суретті ұқыпты сала біледі.

Орындаушылық қабілеті: Түстерді ажырата алады және бояуды орынды пайдалана біледі.





Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімі «Балдырған – ясли» бақшасы МҚКҚ













Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Бақ-бақ гүлі»

















Тәрбиеші:Бегентаева Ж.





Түркістан қаласы 2015

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
764
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі