400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта STEAM технологиясын қолдану тәжірибем.

Материал туралы қысқаша түсінік
Курстың қысқаша мазмұны: Мен Педагогикалық шеберлік орталығында «STEAM технологиясын бастауыш сыныпта қолдану» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын оқыдым. Курста ғылыми-зерттеу бағытындағы жобаларды жоспарлау, оқушылардың шығармашылық, инженерлік және зерттеушілік дағдыларын дамыту әдістерімен таныстым. Жеке тәжірибеме енгізілген жаңашылдықтар: Сабақтарымды жобалық және зерттеу әдістерімен байытып, әр тақырыпқа шағын ғылыми жобалар қосылды; Оқушыларға тәжірибе жасау, модель құрастыру, зерттеу сұрағын қою және нәтижесін қорғауды үйреттім; Сабақта пәндер интеграциясы күшейді (математика, жаратылыстану, еңбекке баулу, информатика элементтері); Топтық жұмыс пен командалық ойлау мәдениеті қалыптасты; Қосымша цифрлық құралдар мен қолжетімді материалдарды пайдалану арқылы балалардың қызығушылығы артты.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

№5 жалпы білім беретін мектеп

бөбекжай-балабақша кешені» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі,

педагог-сарапшы

Екібасова Рысжан Айқынқызы



Тақырыбы: Бастауыш сыныпта STEAM технологиясын қолдану тәжірибем.

Курстың қысқаша мазмұны:

Мен Педагогикалық шеберлік орталығында «STEAM технологиясын бастауыш сыныпта қолдану» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын оқыдым. Курста ғылыми-зерттеу бағытындағы жобаларды жоспарлау, оқушылардың шығармашылық, инженерлік және зерттеушілік дағдыларын дамыту әдістерімен таныстым.

Жеке тәжірибеме енгізілген жаңашылдықтар:

Сабақтарымды жобалық және зерттеу әдістерімен байытып, әр тақырыпқа шағын ғылыми жобалар қосылды;

Оқушыларға тәжірибе жасау, модель құрастыру, зерттеу сұрағын қою және нәтижесін қорғауды үйреттім;

Сабақта пәндер интеграциясы күшейді (математика, жаратылыстану, еңбекке баулу, информатика элементтері);

Топтық жұмыс пен командалық ойлау мәдениеті қалыптасты;

Қосымша цифрлық құралдар мен қолжетімді материалдарды пайдалану арқылы балалардың қызығушылығы артты.

Нәтижелер мен өзгерістер:

  • Оқушылардың ғылыми-жобалық жұмысқа қызығушылығы өсті, өз идеяларын қорғауға дағдыланды;

  • Сыныптағы оқушылардың зерттеу дағдылары, сыни ойлау қабілеті жақсарды;

  • Жобаларды қорғауда балалардың сөздік қоры мен өзіндік сенімділігі артты;

  • Жаратылыстану пәніне деген қызығушылық жоғарылады, үй тапсырмасын шығармашылықпен орындай бастады;

Мұғалім ретінде өзімнің әдістемелік қоржыным жаңа тәсілдермен толықты, әріптестеріммен тәжірибе бөлістім.

Қорытынды:

STEАM технологиясын қолдану бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық, зерттеушілік және инженерлік ойлауын дамытуға айқын ықпал етті. Алдағы уақытта мектепішілік ғылыми жоба жәрмеңкесін ұйымдастыру, әдістемелік бірлестік аясында шеберлік сабағы мен коучинг өткізу жоспарланып отыр.

Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «STEM технологиясын бастауыш сыныпта қолдану» курсына қатысып, мол тәжірибе жинақтадым.

Аталған орталыққа сапалы ұйымдастырылған оқу үдерісі, заманауи әдістемелік материалдар және кәсіби қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Курс барысында бізге теориялық біліммен қатар, тәжірибеде қолдануға болатын нақты әдіс-тәсілдер үйретілді. Бұл өзімнің педагогикалық тәжірибемді жаңғыртуға, шығармашылық ізденісімді арттыруға үлкен септігін тигізді.

Сондай-ақ, курс тренері Дидар Эрнстовнаға ерекше алғысымды айтқым келеді. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, әр сабақты түсінікті, қызықты әрі пайдалы етіп өткізді. Тренердің кәсіби шеберлігі мен адамгершілік қарым-қатынасы бізге үлкен мотивация берді.

Алдағы уақытта алған білімдерімді өз іс-тәжірибемде қолдана отырып, оқушыларымның ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға жұмыс істеймін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 қазан
109
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі