400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: "Берекелі Алтын күз келді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбиешілеріне арналған қосымша сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өскемен қаласы әкімдігінің

№1 «Балапан»

балабақша-бөбекжайы» КМҚК



КГКП «Детский сад-ясли

№1 «Балапан» акимата города Усть-Каменогорска


















Сценарий тақырыбы:

«Берекелі Алтын күз келді»







Орындаған: Озатқанова Т.О












Өскемен қаласы, 2018 жылы




«Берекелі алтын күз»

Ертеңгіліктің мақсаты:

  • Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту.

  • Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.

  • Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Ертеңгіліктің міндеті:

  • Музыкалық талғамдарын шыңдау;

  • Ән айту шеберліктерін дамыту;

  • Табиғатты сүйюге, қорғауға тәрбиелеу.

Ертеңгіліктің кейіпкерлері:Алтын күз ханшайымы, саңырауқұлақ.

Ертеңгілікке қажетті құрал – жабдықтар: Ағаш, қызыл және сары түсті жапырақтар, табиғат құбылыстарының дыбыстары, сандық, жеміс толы себет.

Ертеңгілік барысы:

1 Жүргізуші:

Құрметті қонақтар! Бүгін «Бәйшешек» тобының балалары дайындаған «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!


2 Жүргізуші:

-Балалар, қараңдаршы қандай әдемі сандық. Қызық бұл сандықта не бар екен? (сандықты алып әрі – бері тартқылап ашқысы келеді, бірақ сандық ашылмайды).

Не істесем екен мен енді?

Сандықты ашқым келеді

Таптым, таптым қазір біз

Ән айтып береміз.


Ән: «Берекелі күз келді»


1 Жүргізуші:

-Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдандар.

Жұмбақ:

Жиып – теріп болатын

Қамбаға астық толатын

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

-Дұрыс айтасыңдар, ал күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Күн суытады, жапырақтар сарғайып жерге түсе бастайды, барлық дәнді – дақылдар, жемістер көкөністер піседі).

-Қане кім күз айларын атап шығады? (Қыркүйек, қазан, қараша)

-Ендеше ортаға күз айларын шақырайық.


Қыркүйек

Бірінші қыркүйек

Білімге бастады.

Ұстаз шәкірт жүздескен

Қош келіпсіз күз дескен Эмир





Қазан

Жаңартқан ғаламды

Жаңбырлы ғажап ай

Осынау заманды

Орнатқан қазан ай. Айназ


Қараша

Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық.

Қараша, өрледі

Қараша ән салып. Рүстем


(Музыка ырғағымен саңырауқұлақ көңілді кіреді)

Саңырауқұлақ: Сәлеметсіңдерме балалар, мені таңыдыңдар ма?

Балалар: Ия

Саңырауқұлақ:Мен осы ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын.Мен барлықтарыңды Алтын күз мерекесімен құттықтаймын.Мен әлемдегі барлық – барлық нәрсені білемін.

2 Жүргізуші: Олай болуы мүмкін емес...

Саңырауқұлақ: Мен тіпті қазір сендер не ойлап отырғандарынды да білемін. Өткен жаз мезгілін ешқашан аяқталмағанын қалайсыңдар. Солай ма, балалар?

Балалар: Ия, бірақ бұл мүмкін бе?

Саңырауқұлақ: (Қолымен шапалақтап)Мен үшін бәрі де мүмкін. Жазда бір сәтке осында болсын - орман құстары көңілді ән айтсын!

(Осы кезде құстар дыбысы естіледі, әннен соң дауылдың дыбысы шыға бастайды)

Саңырауқұлақ: Бұл не деген дыбыс? (қорқып кетеді)

1 Жүргізуші: Бәрі өз уақытын, өз кезегін, күзгі бұлтты дауылға, жаңбырға ие.Ендеше не тұрыс бізбен бірге Алтын күз мерекесін бірге тойлайық.


Би: «Қолшатыр»


2 Жүргізуші:

-Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? (Сырттан бір дыбыс естіледі, осы кезде Алтын күз келеді)

Алтын күз:

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жүз

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам.

-Армысыздар, құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер!

-Мен мерекеге кешігіп қалған жоқпын ба? (Жоқ)


1 Жүргізуші:

Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайраңдаған күліп – ойнап,

Келді міне, Алтын күз!

-Алтын күз, бізге сіздің көмегіңіз керек болып тұр. Біз мына сандықты аша алмай жатырмыз. Сіз бізге көмектесіз бе?


Алтын күз:

-Әрине балалар, мен сендерге көмектесемін. Күз мезгіліне арналған тақпақтарыңды айтып беріңдер, бәлкім сол кезде сандық ашылып қалады.


Тақпақтар:

  1. Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз,

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз. Айсауле


  1. Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды

Тырнасы тізілген

Ұнатам күзді мен Рамазан


  1. Алақай – алақай

Шаттанды балақай

Береке – салты күз

Мереке – Алтын күз. Жантөре


  1. Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ Алинур


  1. Келді міне Алтын күз,

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз. Батыр


  1. Down, down! (Даун, даун)

Yellow and brown (Йеллоу энд браун)

The leaves are falling (Зе ливс а фоллин)

Over the town (Оувэ зе таун)

Эмир

  1. Leaves of yellow (Ливс оф йеллоу)

And leaves of red (Энд ливс оф рэд)

Came tumbling down (Кейм тёмблин даун)

About my head (Эбаут май хэд)

Амина

  1. Fall is fun (Фол из фан)

I like to run (Ай лайк ту ран)

I see the sun (Ай си зе сан)

Fall is fun! (Фол из фан) Алихан


  1. Осень, осень, погоди!

И с дождями не спеши,

Дай еще нам лета,

Солнышка и света. Айлин .Б


  1. Листопад, листопад,

Листья падают, летят.

Листья жёлтые кружатся,

И на землю все ложатся. Мухамедали


  1. Осень золотая

Кружит листопад

Песенка простая

Радует ребят Ясмина


Алтын күз:

-Жарайсыңдар балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын, ойын ала келдім.

-Балалар, ойын ойнағыларың келеді ма?


Ойынның аты: «Кім жылдам»

Ойынның шарты: Ол үшін екі топқа бөлініп, ұлдар және қыздар болып ойнаймыз. Мына жапырағы жоқ ағашқа қыздар сары түсті, ұлдар қызыл түсті жапырақтарды жапсыру керек.Қай топ жылдам жапсырып бітсе, сол топ жеңіске жетеді.


Ән: «Кап-кап»


2 Жүргізуші:

Арпа, бидай ас екен

Алтын күміс тас екен – дей келе дәнді - дақылдарды ортаға шақырамыз.


Бидай

Нан атасы – бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде

Қауызыма сыймаймын. Айлин.М


Күріш

Күнді сүйген күрішпін,

Күллі жұртқа ырыспын.

Алсын деп ел мол өнім,

Ала жаздай су іштім. Айсана


Тары

Ақ, қарамын, сарымын,

Мен өнімді тарымын.

Халқым еңбек сіңірсе,

Қайтарамын қарызын. Жансая


Саңырауқұлақ: Жарайсыңдар балалар, олай болса ойын ойнайық.

Ойынның аты: «Дыбысты тап»

Ойынның шарты:Балаларға табиғаттың әр түрлі құбылыстарын дауыстарын танып ажыратып айту керек.


Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласады

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?


Шалқан

Кім білмейді шалқанды?

Талайлар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын

Тауып көр менен дарханды. Едіге


Сәбіз

Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де! Амина


Орамжапырақ

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана. Ибрагим


Пияз

Боламын мен дәмдеуші

Барлық-барлық тағамға

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға. Айсәуле


Картоп

Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар. Алихан .Т


1 Жүргізуші:

Көкөністер бәріде

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер


Алтын күз:

-Менің сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойынның аты: «Ұйқасын тап»

Ойынның шарты:Сөйлемді аяқтау.


Дөп – дөңгелек сары,

Ішінде бар дәмі

Қызығасын көріп

Оның аты ( өрік)


Іші толған шәрбәт

Дәмі қандай әйбат

Үзесің бірден жүзін

Оның аты (жүзім)


Бір сабақта көп түйме

Жей алмайсың көк күйде

Санап көрші қанша?

Оның аты (шие)

Жапырақты тасалап,

Өсетін жері- бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты (таңқұрай)


2 Жүргізуші:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге Күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Жемістерді қарсы алайық. (Осы кезде ортаға жемістер шығады).


Алма

Нарттай қызыл алмаман,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем. Әдемі


Анар

Бұтақтан үзілген

Жарылса анармын

Моншақтай тізілген,

Дәндерін аламын. Мадияр


Шие

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен бас иемін. Әйгерім

Өрік

Өрікпін, мен өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін.

Баптап мені күткен соң,

Талды бойлап өріппін. Ернұр


Ән: « Листик желтый»

Алтын күз:

-Қане, енді мына сандығымызды ашып көрейік. Сандықтың ішінен себетке салынған жемістер шығады. Рахмет, балалар!

Берекелі бақ дәулет

Артта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар,

Келгенше жыл айланып.


1 Жүргізуші:

Алтын күз, саған мың алғыс!

Бүгінгі сыйлығына рахмет.

Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.


Би: «Бақалар»

1 Жүргізуші:

-Осымен күзбен қоштасуға арналған «Берекелі Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
341
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі