Тақырыбы: «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және патриотизм»

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тақырыбы: «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және патриотизм»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағатының тақырыбы: «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және патриотизм»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі

(Ә»әі»)21~»әуцакцупаымыаафыаа

Мвапавпьвалв«Бекітемін»

Басшының оқу-ісі жөніндегі

орынбасары _______Ж. Ж. Булекбаева

`______`____________2024г.











Сынып сағаты






Тақырыбы: «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм»










Топ: ЭҚ-2/22

Топ: жетекшісі:Абдрахманова В.О.










2024-2025 оқу жылы

I. Жалпы мәліметтер


Топтың №: курс 3, оқу жылы 2024-2025, топ ЭҚ-2/22


Өткізілу күні: 2024 жылғы « » , Қыркүйек ,


Тақырыбы: «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және патриотизм»


Мақсаты:

 Еңбек-адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік бере отырып, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбек сүйгіштікке және жас ұрпақты рухани мінез-құлықтық және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу.

«Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы аясында оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету.


Армысыздар құрметті оқушылар! Бүгінгі  «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және патриотизм» сынып сағатымызға қош келдіңіздер!  Сынып сағатымызды бастамас бұрын өз еліміздің яғни Қазақстанымыздың ән ұранымен бастамақпыз.

(Ән ұран орындалады)


Еліміздің барлық азаматтары ұлтына, нәсіліне қарамастан тең құқылы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі де ортақ екенін ерекше атап өтуге болады. Қазақстандық патриотизмнің іргетасын қазақ елінен жайлы қоныс тапқан 130-дан астам ұлттың бірлігімен берік қалыптастыруымыз керек. 

Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық, салт – дәстүр, әдет – ғұрып, аңыз – ертегілер, жырлар. Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – Қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады. Осыған орай бүгінгі тәрбие сағатымызды үш кезеңге бөліп отырмыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың кезеңдері:

1. Ежелгі ұлттық салт – дәстүр, әдет – ғұрып, аңыз–ертегілер, жырлар сыр шертеді (сұрақ – жауап).

2. Әдеби монтаж.

3. Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – Қазақ батырларының ерліктері.


1 кезең. Ежелгі ұлттық салт – дәстүр, әдет – ғұрып, аңыз–ертегілер, жырлар сыр шертеді (сұрақ – жауап). Сұрақтарға  асық таңдау арқылы жауап береді.  

1. «Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген» өлеңінің авторы кім?

(Ж. Молдағалиев)  Міне  керемет, бұл өлеңнің тарихы өте жақсы қазақтың қазақ екенін білдіреді. Олай болса барлығымыз осы өлеңнің бірер шумағын қайталап көрейік.

2. Қазағымыздың әйгілі үш данасын кім  біледі? (Абай, Шоқан, Ыбырай)

3. Қазақтың ұлттық ойындарын ата (ханталапай, қыз қуу, бәйге, күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, асық)

4. Қасиетті киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық)

5. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата (домбыра, қобыз,сазсырнай, дауылпаз, жетіген).

Иә, дұрыс оқушылар, соның ішіндегі  домбыра – сан ғасырлардан бері қазақтың сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар.

6. Туған жер, отан, еңбек туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер? («Туған жердің тауы ыстық», «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі».

7. Батырлар туралы қандай жырларды білесіңдер? (Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Қамбар батыр).

8. Қазақ халқының салт – дәстүрлерін атаңыз (беташар, жар-жар, шілдехана, тілашар, бесік той, сүндет той, қыз ұзату, сыңсу, тұсаукесер, асар, шаңырақ көтеру).

2 кезең. Әдеби монтаж. «Мен – патриотпын» тақырыбында өлең оқылады. (оқушылар өздері жатқа білетін өлеңдерін оқиды)

 Ойын ойнайық. «Атомдар мен молекулалар» ойыны. «Атомдар» деген кезде ойыншылар  жеке дара жүреді де, «молекулалар бесеуден, молекулалар үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.

3 кезең. Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – Қазақ батырларының ерліктері. Ұлы Отан соғысының  батырлары: Бауыржан  Момышұлы,  Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова,  Талғат  Бигельдинов, Рақымжан  Қошқарбаев туралы мәлімет беру.                                                  

Негізгі ұғымдармен жұмыс

Оқушыларға  парақшалар таратылып береді. Оқушылар парақшалардағы сөздердің анықтамасын табу керек. Келесі топпен анықтамасын табады.

Патриотизм  дегеніміз -  Отанға  деген сүйіспеншілік, әрбір  азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярықпен орындау;

Отаншылдық патриотизм - бұл елдікті,  мемлекеттілікті  саналы  түрде  сезіну.

Мәселен, кез келген адамның өзі туып өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отанының мүддесін ойлау, туған жеріне деген адалдық, өз елінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отанының бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отанының тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы, маңдай теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды.

Әскери патриоттық тәрбие – жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады. Әрбір жасөспірім жасынан «Қазақстан – менің Отаным», «Ол мен үшін жауапты болғаны сияқты мен де ол үшін жауаптымын» - деген қарапайым ойды меңгеруі керек. Әскери-патриоттық тәрбие – жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады.

Жалпы патриот дегеніміз отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Оны зорлықпен, нұсқаумен жүргізу мүмкін емес. Ел Президенті Н.Назарбаевтың: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әр бір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн», – деуі патриотизмге баулудың жарқын үлгісі іспетті. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан бастау алатындай.

Патриот және әскери патриотизм деген ұғымдар бойынша постер қорғау.

Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»  деген болатын. Олай болса, жүрегі елім деп соққан  азаматтарымыз көбейе берсін! Құрметті ата-аналар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге  алғысымыз шексіз.

Келесі кездескенше,  сау болыңыздар!

 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2025
285
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі