400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: Біздің ойыншықтарымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балаларға арналған көрнекі іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Біздің ойыншықтарымыз
Мақсаты: балалардың ойыншықтар туралы түсінігін молайту, сөйлеуде зат
есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану,сөздерде дауысты «ә-ө» дыбыстарды
анық айта білуін қалыптастыру.
Міндеті: а) Білімділік: балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін
кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға
дағдыландыру.
ә) Дамытушылық: жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше
түрде айту қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелік: ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: «ә», «ө» дыбыстарын дұрыс айтуға арналған тапсырмаларды;
Түсінеді: жануарлар мен олардың төлдері туралы мағлұматтарды;
Қолданады: педагог сұрақтарына тыңғылықты жауап беру іскерліктерін;
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: қозылар, күшіктер.
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
2.Негізгі кезең.
– Балалар, сендерді ата-әжелерің, әке-аналарың қандай сөздермен еркелетеді?
– Сендерді үлкендердің жақсы көретіні соншалық, төрт түлік малдың
төлдерінің аттарымен еркелетеді екен. Педагог балаларға бір үй жануарының
және олардың бірнешеу болып тұрған суреттерін көрсетеді.
– Балалар, қандай үй жануарларын білесіңдер?
Олардың баласы (төлі) қалай аталады?
– Бірнеше қозыны қалай айтамыз?
– Бірнеше күшікті ше?
Билингвалды компонент: қозы – ягненок,күшік – щенок.
Сергіту сәті:
Құлыншағым, құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтыңдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
«Не қалай дыбыстайды?» дидактикалық ойыны.
Шарты: үлестірмелі суреттерді пайдалана отырып, жануарлардың қалай
дыбыстайтынын қайталайды. Педагог жануарлардың суретін көрсетеді.
– Бұл не?
– Сиыр.
– Сиырдың төлі қалай аталады?
– Бұзау.
Олар қалай дыбыстайды?
«Мө-мө-мө» дейді, яғнимөңірейді.
– Мынау не?
– Қой.
– Қой төлін қалай атаймыз?
– Қозы, қошақан.
– Қой мен қошақан қалай дыбыстайды?
– «Мә-мә-мә» дейді, яғни маңырайды.
Балалармен үй жануарлары және оның төлдерін атап, қалай
дыбыстайтынын сұрау.
Рефлексия: Балалардан үйде, балабақшада кіммен ойнайтындарын, қандай
ойыншықтарды жақсы көретіндері, қандай үй жануарларын білетіндерін,
олардың төлдерін қалай атайтындары туралы сұрақ-жауап әдісі арқылы
сұрау
.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.03.2023
221
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі