Сабақтың тақырыбы: «Өткен өмірден» бөлімін
қайталау.
Сабақтың мақсаты: Бөлім бойынша алған
білімдерін қалай меңгергендерін тексеру. Оқушыларға өздеріне
тұжырымдар жасатып, өз ойларын дәлелдету. Ой қозғауларын
пайдаланып, сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету. Өзіндік
жұмыс істеуге, ізденуге үйрету. Отанын қорғайтын, ер жүректі,
патриот азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамытушылық
Әдістері: ой қозғау, сұрақ-жауап,
көрнекілік стратегиясы
Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі,
математика
Көрнекіліктері: ғажайып үштік, бақылау
картасы, қоржын, құпия сөз
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
кезеңі.
1.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2.
Кезекші мәліметін тыңдау.
ІІ. Үй
тапсырмасын тексеру.
І.
Полиглот. Берілген әріптерден сөз құрау,
оны орыс тіліне аудару.
Т, о, н,
а Отан – Родина
Т, е, к,
м, п, е мектеп – школа
Е, ж, р
жер – земля
Б, ы, т,
р, а батыр – герой
ІІ.
Ғажайып үштік. Оқушылар өздерінің қалаған
сандарын таңдап, берілген сұрақтарға жауап беру.
1-
Мәтіннен Қ. Рысқұлбеков жөнінде не білдің?
2-
Әңгімеде Қайраттан басқа тағы қандай «Желтоқсан құрбандарының»
аттары аталған?
3-
Желтоқсан оқиғасы қашан болды?
4-
Оқиғаға қатысушылардың арман-тілектері не еді?
5-
Қазақстан қай жылы өз тәуелсіздігін жариялады?
6-
Қайраттың ата-анасының есімдері кімдер?
7- Қазақ
жастары не үшін көтеріліске шықты?
ІІІ.
Жаңа сабақ.
Бақылау картасы. Берілген сұрақтарды
жауаптарымен байланыстыру.
|
№
|
сұрақ
|
жауап
|
№
|
сұрақ
|
жауап
|
|
1
|
Қалдан Серен тұтқындарды
сатусыз берген екен.
|
Махамбет пен
Жақия.
Халық
қорғаны.
Қазақ-қалмақтың тыныштығы
болсын.
|
1
|
Езілген қазақ бағы үшін туған
ер.
|
Күлпаш
Мәңгілік
өмір.
Амангелді
|
|
2
|
Қаракерей Қабанбай шұбырынды
болған қазақтардың басын қосты.
|
2
|
Қара судан басқа түк
татпағанына бүгін үшінші күн.
|
|
3
|
Исатай мен Махамбет бастаған
топ Жәңгір ханның әскерін жеңді.
|
3
|
Ол кезде әлі С.Сейфуллиннің
ақталмаған кезі еді.
|
ІҮ.
Құпия сөз. А) Ребусты шешкенде батырлар
туралы мақал-мәтел шығады.
Ә)
Кертіктерді сәйкестендіріп мақал-мәтел құрастыру.
Ү.
«Хан талапай» ойыны. Нөмірленген асықтардағы
сұрақтарға жауап беру.
№
1- асық.
Төмендегі жоспарлардың қай мәтіндерге қатысты екенін
тап.
1-жоспар
2-жоспар
А) Нар
бала а) Абақтыда
Ә)
Қабанбай ә) Айыптау қорытындысы
Б)
Дарабоз б) Кездесу
№2- асық.
Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағының батыры атағын қай жылы
алды?
№3-асық.
Ағыбай батырдың ерлігін, даңқын халқы қалай
шығарды?
№4-асық.
Болат қайнауда шынығады,
Батыр
майданда шынығады. (Мақалдың мағынасын аш)
ҮІ.
Сабақты қорытындылау. «Батыр» сөзіне ассоциация
құру.
- Яғни,
оқушылар бұл бөлім ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елімізді
қоршаған жаудан қорғаған ер бабаларымыз, арыстай азаматтарымыз
туралы оқып білдік.
Ұлыларымызды ұмытпай есімдерін қастерлеп өту – біздің
парызымыз.
Ү.
Үйге тапсырма:
1. Тарау
материалдарын қайталау.
2. Мақал-мәтелдерді оқып,
жаттау.