400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: "Буын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: "Буын"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.



Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Сауат ашу

Тақырыбы: Буын

Мақсаты: 1. Сөз, буын, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру.Сөздің дыбыстардан құралатынын, сөзді бірнеше бөлікке бөлуге болатынын, ол бөлік «буын» деп аталатынын ұғындыру. Буын ұғымын меңгерту. Сөз әр уақытта бір нәрсе жайында айтылатын ойды білдіретінін түсіндіру. Сөздердің бір буыннан, көп буыннан тұратынын білдіру. Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіру.

2.Баланың ойлай білу және өзіндік пікір айту қабілетін дамыту. Белсенді қызығушылығын дамыту.

3.Имандылыққа тәрбиелеу.Сөйлеу мен қарым-қатынас мәдениетін үйрету.Баланың рухани өсуіне басшылық жасау.



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық


Көңілді шеңбер:

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем куанамын

- Балалар, сендер білесіңдер, жер бетінде адамдар, жануарлар, құстар, балықтар, өмір сүреді. Сол сияқты үйлер машиналар бар. Кім үй салуды (машина жасауды) ойлап тапты? Неге? Сонымен бірге адамдар сөзді ойлап шығарған, себебі олар бір-бірімен сөз арқылы қатынас жасайды, жер бетіндегі заттардың бәрін өз атымен атап сөйлеседі.

- Қазір сендермен бір ойын ойнап көрейік. Сендер үндемей отырып қалыңдар

Ұстаз қолымен ымдап көрсету арқылы балалардың бәріне орындарыңнан тұрыңдар деген белгі береді, енді кейбіреулеріне отырыңдар деп үнсіз тапсырмалар береді. Одан кейін тәрбиеші әңгімесін әрі қарай жалғастырады.

- Міне, балалар, көрдіңдер ме сөзсіз өмір сүру қандай қиын, ал біз бәріміз өз ойымызды сөз арқылы айта аламыз. Ал сендер қандай сөз білесіңдер?

-Мына бір ойыншыққа қараңдар, ең әуелі оның атын атайық.




Күлкіменен көңілімізді ашамыз.





(ситуациялық ойын ойналады)



















  • доп

Ұйымдастыру-іздестіру

-Енді сөздерді есептегенде жаңылып кетпеу үшін, әр сөзді мындай жолақшамен белгілеп отырайық. Мен «доп» сөзін айттым, бір жолақша қоямын. Кім тағы да, доп туралы не айталады?



Сергіту сәті: Апам үшін күнде мен,

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Сыпырамын үй ішін.

Жуам аяқ-табақты.

Жылай қалса, бөпешім.

Жұбатамын ойнатып.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталап айту.

-Балалар, дауысты дыбыстарды созып айтамыз.

-А –А –десе, оны ұзақ айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Ал, «Т» дыбысының айтылуы қысқа. Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейік. Айырмашылығын айтыңдар. Т дыбысы созылып айтылмайды, дауыссыз дыбыс. Бұл дыбыстардан сөз құрайық. Осы А дыбысы мен Т дыбысын қосып айтсақ, АТ сөзі шығады. Тәрбиеші: - Мен бір дыбысты айтамын «Д» деген, балалар, сендер қандай дыбыс қосасыңдар?

-Балалар: - «О», -дейді. (балалардың жауабы)

Тәрбиеші: - «ДО»- ға п дыбысын қосып « ДОП» деген сөз шығарады.



Домалық, көк, домалайды










Рефлексивті-түзетушілік

-Міне, осылай сөздер пайда болады екен. Осыған ұқсас тағы қандай сөз құрастыруға болады. «Дос», т.б.

-Балалардың назарын «Сауат ашу», «Әліппе- дәптер» оқу құралының 3-ші бетіне аударып, сурет бойынша әңгіме құрастырады. Ойыншықтармен ойнап жүрген балаларға ат қойып, сөз құрайды. Сөздерді буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды.

Тақтаға қыздың суретін іледі, оған ат қояды. Мысалы, Жанар.

-Енді осы Жанар деген қыз баланың есімі неше буыннан тұрады?

Тәрбиеші Жа- нар – деп буынға бөліп айтады, екі буыннан тұрады.

-Бірінші буын -Жа, екінші буын –нар.

-Иә, дұрыс. 2 буыннан тұрады, себебі екі дауысты дыбыс бар.

Са- нат, Заң- ғар.

Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіру. Дауысты дыбыс жеке өзі ғана бір буын құрай алады. Мысалы: а- ша, а-ра, а-на, т.б.

«Жанар» сөзін текшелермен белгілейді. Балалардың өздеріне ойыншықтарының атын ататып, сөз ойлату.

- «Қайда бардым, не көрдім?» ойынын ойнатып, сөз ойлату, сөздерді буынға бөлдіріп, дыбыстық талдау жасату.

Баларды мадақтау.

Сабақты қорыту.





а) Күтілетін нәтиже: Сөзді буынға, буынды дыбысқа талдату.

ә) Білу: Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіру.

б) Игеру: буынға бөліп сөйлеуді игереді

Тәрбиеші:







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
695
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі