жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы: "Чипстің зияны"
Мазмұны
Аңдатпа ............................................................................................................... 4
І Кіріспе ..............................................................................................................5
І Бөлім Теориялық бөлім
1.1 Чипс дегеніміз не?...........................................................................6
1.2 Шығу тарихы ..................................................................................6
1.3 Статистика бойынша.......................................................................7
1.4 Дәмдінің бәрі пайдалы емес ..........................................................7
1.5 Онкологиялық аурулардың пайда болуы ....................................8
1.6 Асқазан аурулары ..........................................................................8
1.7 Жүрек аурулары ............................................................................ 8
1.8. Қайғылы айғақ ............................................................................... 8
ІІ Негізгі бөлім 2.1.Сауалнама .......................................................................9
ІІІ Бөлім Тәжірибелік бөлім
3.1 Майлылығын тексеру ............................................................10-12
3.2 Крахмалды сапалы түрде анықтау ............................................. 13
Шешім
Қорытынды ...........................................................................................14
Әдебиеттер тізімі ............................................................................... 15
Аңдатпа
Берілген ғылыми жоба чипстың сырын ашуға, күнделікті өмірімізде қолданылу аясын анықтап, көпшілікке насихаттау және баланы қызықтырып, толғандырған сұрақтарды өз қалауынша зерттеп, саралау мақсатында жазылған.
Жобаның өзектілігі – чипстың адам денсаулығына тигізетін әсерін насихаттап, өзіндік пікірге қол жеткізуі. Осы мақсатта бала теориялық мәліметтермен қатар көптеген шағын сұхбаттар, сауалнамалар жүргізіп, жинақтаған. Мысалы, дүкенге келушілерден, мектептегі оқушылардан сауалнама алып, әңгімелер тыңдап, атауларын жинақтап салыстырмалы сараптама жасап, дәйекті деректер мен шынайы дәлелдерді қолдануы арқылы өзінің жеке жұмысын көрсете білген. Жұмысының соңында көпшілікке өзіндік ұсынысын жасаған.
Кіріспе
Көпшілігі чипсты жақсы көреді, оның ішінді әсіресе балалар. Анам чипстың зиянды екенін үнемі ескертіп отыратындықтан, өзім чипсты тексергім келді.
Оқушылардың «жұмыс күні» уақытымен тамақтануға мүмкіндік бермейді, көбінесе бутерброд,жеміс қана емес,сонымен қатар чипспен де тамақтанады.
Жоғары калориялы үлес рахатынан көпшілік жұрт бас тартуға қадам жасай алмайды. Бірақта,қазіргі қоғамда салауатты тамақтану мәселесі кеңінен тараған. Біз осы мәселенің бөлігін өз жұмысымызда ашқымыз келеді. Жұмыс көкейкесті болып табылады, себебі қуырманы (чипсы) пайдалану басқа ағзалардың қызметіне кері әсерін тигізеді. Себебі, өнімді отқа қақтау кезінде зиянды қоспалардың біразы канцероген түзеді.
Мәселе: адамның организміне чипстардың терiс әсерi
Мақсаты: чипстардың сапалы құрамын және қаптамадағы мәлiметтердің сәйкестiгiн зерттеу
Зерттеу барысында мынадай міндеттер шешілді:
1.Сауалнама жүргізу арқылы мектеп оқушыларының жиі пайдаланатын чипс түрлерін және чипсқа тәуелдiлiгiн айқындау;
2. Адам ағзасының қызметіндегі чипстардың әр түрлi компоненттерiнiң әсерiн айқындау
3. Чипсқа сапалық талдау өткiзу;
4. Чипстарды алмастыру мүмкіндігін ұсыну;
І Бөлім Теориялық бөлім
1.1 Чипс дегеніміз не?
«Чипсы» ағылшын тілінен аударғанда (ағылш. chips — жоңқа) жоңқа деген ұғымды білдіреді екен. Жұқалап жапырақтап турап қайнатылған және ыстық ауамен кептірілген я болмаса картоп езбесінен жұқа қабатты етіп кептірілген дайын қытырлақ картопты өзге елдерде «картоп вафлиі» деп те атайды.
«Чипсы»-дың дүниеге келу тарихына тоқталайық
1.2 Шығу тарихы
Ал «чипсы»-ды байқаусызда ойлап тапқан Джордж Крам атты үнділік азамат. 1853 жылдың 24-ші тамызында АҚШ-тағы Сараторга-Спрингс демалыс орнындағы Moon Lake Lodge мейрамханасында шеф-аспазшы қызметін атқарып жүргенде аталған асты жасаған екен. Аңыз-дәйектер айтуынша, Moon Lake Lodge -дің ең таңдаулы фирмалық асы болып «картоп фриі» саналған. Бірде теміржол кәсіпкері Вандербильт кешкі ас үстінде тамақ жеуден бас тартады. Семіздігін сөз еткен ол қатты қапагершілік танытып, тіпті тәрелкедегі асқа қарамауды шешеді. Сол кезде артық салмақты кәсіпкерді аяған шеф-аспаз Крам, Вандербильт-ке арнап тамақ жасай бастайды. Қалыңдығы жұқа қағазбен тең картоп турап, қуырады. Түрлі дәмдеуіштер қосып дайындайды. Алайда бұл тамақ кәсіпкер мен достарына қатты ұнайды. Сүйікті тамақтарына айналады.
1929 жылы Фриман Макбет деген өзі өзідігінен үйренетін «чипсы» маманы, «чипсы» пісіретін қазандық ойлап тапты. Міне, сол уақыттан бері «чипсы»-дың пісіру әдісі ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. Дәл осылай жасалып келеді: шикі картоптың арнайы сұрыпын таңдап алады, кір тазалайтын щеткамен кірінен жақсылап тазалап, арнайы ыдысқа картоптазалағыш суға салынады. Тазаланған картопты келесі жіңішкелеп турайтын құралға апарып, дөңгелете кеседі. Ертеректе пышақшалары кәдімгі тегіс болды, бірақ аспаздарға бұл іш пысарлық болып көрінсе керек, әйтеуір соңғы кездері бұйра-ирелең турайтын құралдар пайдаланылды. Кесілген жапырақшалар үлкен қамбаға түседі. Мұнда қалған крахмалдар тазартылады да арнайы қайнатылған маймен кептіріледі. Майға осылайша булана-қуырылып жатқанда тұз араластырылады. Сондай-ақ «чипсы»-ға құмартатын дәм беру үшін «кесілген-тұздалған картопты» арнайы дәмдеуіштер толы қамбаға салып, булайды. Қортпалар алдын арнайы тексеруден өткізіледі. «Іріктеуші маман» деп аталатын құрал «чипсы»-дың әрбір жапырағын тексереді. Айта өтейік, «Чипсы» дайындаудың бар уақыты небәрі 15 минутты талап етеді.
1.3 Статистика бойынша ....
Әр адам орташа есеппен жылына 0,5 кг чипс жейді
европалық: жылына / 1---5 кг
американдықтар: жылына / 8-10кг
украйндықтар: жылына /1,8 --- 2,5 кг
қазақстандықтар: жылына / 1- 4 кг
1.4 Дәмдінің бәрі пайдалы емес
1.4.1 Онкологиялық аурулардың пайда болуы
Ғалымдар картоп чипсын көп пайдаланғандарда онкологиялық аурулардың пайда болу каупі бар екені туралы жаңалық ашты.
Әсіресе әйел адамдардың сүт бездерінің ісік аурыруның жиілеп кеткенін дәлелдеді. Карин Мичлез деген ғалымның пайымдауынша чипсты мүлдем пайдаланбайтын немесе сирек жейтін құрдастарына қарағанда, чипсты аптасына 1рет қолданатын қыз балалардың 27 пайызы сүт безінің ісік аурумен ауруына мол мүмкіндігі бар екен. Мәселе картопта емес,мәселе қандай майда қуырылғанында екен. Мичлездің айтуынша, картопты қуырған кезде майлы қышқылдардың бөлінуінен қауіп туындайды.
«Бала кезіндегі тамақтану тәртібі, ересек кезінде аурудың туындауына үлкен рөл атқаруы мүмкін.
Ғалымдар ауру әйелдердің аналарынан, бала кезінде қалай тамақтанғанын еске түсірулерін өтінеді. Зерттеу нәтижесінде бала кезінде қуырылған картопты шамадан тыс жиі пайдаланған әйелдер сүт безі ісік ауруына шалдығатыны дәлелденген.
Қуырылған картоп (чипс) дәмді және тойымды тағам ғана емес, дайындалуы да жеңіл ас. Әрине, оның қаншалықты зиян келтіретінін ешкім ойға да алмайды. Бұдан семірудің қауіпі және асқазан аурулары пайда болады.
1.6. Асқазан аурулары
Асқазан ауруларынан зардап шегетін жапөспірімдердің санын білу үшін гастролог-дәрігерлер мектептерде зерттеулер жүргізді.
Зерттеу қорытындысы (14-17 жастағы 189 ұл балалардың және 260 қыз балалардың ішінде) оқушылардың 21% -ы асқазан ауруларының алғашқы сатысымен, 56 %–ы бірнеше жыл гастритпен, 8%-ының жағдайы қауіпті және емдеуді қажет ететін аурумен ауратындарын көрсетті.
1.7. Жүрек аурулары
Польшалық ғалымдар жүрек ауруларының себепкері болатын картоп чипстарының зиянын зерттеді. Құрамында акриламидтың жоғары болуынан тағам зиянды болып табылады. Ғалымдар зерттеу жүргізу барысында төрт апта бойы еріктілерге картоп чипстарын көп мөлшерде таратады. Тәжірибеге қатысушылар күн сайын 157 микрограмм акриламид қабылдаған. Тәжірибе қорытындысында, қатысушылардың қанының құрамында жүрек ауруын тудыратын зиянды заттардың мөлшері көбейгені анықталды.
1.8. Қайғылы айғақ
3 жыл бойы картоп чипсынан басқа ештеңе жемеген,Ұлыбритания тұрғыны өлім аузынан қалды. 22 жастағы бала күтушісі Джины Гауф іші қатты ауырып ауруханаға түседі.Оның асқа тәбеті шауып картоп чипсының 15 қорабын 1күнде жеуі осыған себеп болады. Нәтижесінде ол сарыауруға және семіздікке шалдығады. Джины Гауф түскен аурухананың дәрігерлері бауыр гепатитының жоғарыинфекциялы вирусын жұққызған екен деп оны оқшауланған бөлімге жатқызады. Тексеру барысында, оның жоғары калориялы,майлы,химиялық жолмен жасалған картоп чипсын әдетке айналдырғандықтан жағдайы нашарланғаны анықталады.
Джины Гауфтың қабынған өтін алу үшін дәрігерлерге 4 жарым сағат уақыт кеткен. Осы уақыт ішінде күрделі хирургиялық ота жасалған. Жару барысында, чипска әуестенгіштің өтінің көлемі теннис добының көлеміндей болғаны және ол кез келген уақытта жарылып кету қаупі бар екеніне көз жеткізілді. Чипсқа әуестенген Джин былай дейді: таңғы асты 1 орам чипстан бастаймын,сосын тағы бір орам жеймін, басқа тамаққа тәбетім шаппайды.
Джин 2000 жылы жұмыстан шығып қалады,соның себебінен чипсқа әуестенеді. Ол депрессияға ұшырайды, ал чипс соны ұмытуға көмектеседі.
« Мен жейтін чипстың барлық түрлері ауру тудыратынын анам ескертіп айтқан болытын,ал мен тыңдамадым. Соңында мен өлуге сәл қалдым»-дейді Джины Гауфт. Өнімшығарушылар чипстың орамына денсаулыққа зиян екенін ескертіп жазу керек деп ойлайды.
ІІ Бөлім 1. Сауалнама
3-ші,9.10-шы сыныптардың арасында сауалнама жүргізілген болатын.
-Қандай чипс жейсіңдер?
1) Lays 2) Estrella 3)Русская картошка 4)Московский картофель 5)Chееtos
2.Не үшін жейсіңдер?
1) тісбасар 2) тамақтану 3) барлығы жейді,мен де 4)телевизор алдында отырғанда пайдаланамын
3. Қаншалықты жиі жейсіңдер?
1)күніне 1 рет 2)аптасына 1 рет 3)айына 1 рет 4) өте сирек
4. Кім сатып береді?
1) өздерің 2) ата-аналарың 3) әжем,атам 4)аға,тәтелерім 5) достарым
5.Қалай ойлайсыңдар: чипст пайдалы ма,әлде зиян ба?
1) зиян 2) пайда 3) білмеймін 4) екеуі де
Сауалнама қорытындысы бойынша диаграмма құрдық.

Сауалнамаға 172 адам қатысты. Қандай чипс жейсіңдер?
1) Lays 2) Estrella 3)Русская картошка 4)Московский картофель 5)Chееtos

2.Не үшін жейсіңдер?
1) тісбасар 2) тамақтану 3) жай 4) уақыт өткізу үшін

3. Қаншалықты жиі жейсіңдер?
1)күніне 1 рет 2)аптасына 1 рет 3)айына 1 рет 4) өте сирек

4. Кім сатып береді?
1) өздерің 2) ата-аналарың 3) әжем,атам 4)аға,тәтелерім 5) достарым

5.Қалай ойлайсыңдар: чипст пайдалы ма,әлде зиян ба?
1) зиян 2) пайда 3) білмеймін 4) екеуі де

Тәжірибе
бөлімі
Зерттелетін нысан
Зерттеуге чипстың мына
түрлерін алдық:
«Lays»
«Extrella»
«Русская картоша»
«Московский картофель»
«Cheetos»
3.1 Майын сапалы түрде анықтау
Чипсті фильтрленген қағазға саламыз және оны қақ ортасынан бүктейміз,сынақталмақ үлгіні қағаз бүктеуінде таптаймыз. Фильтрленген қағаздан чипстың қалдықтарын аламыз да,қағазды жарыққа қойып қараймыз. Фильтрленген қағаздың әр үлгісінде майдың таңбалары көріне бастайды.

Нәтижесінде: үлгіде «Lаys», «Extrella» чипстарында майдың таңбалары анық көрінеді
Крахмалды сапалы түрде анықтау

Чипсқа 2-3 %- дық йод
еретіндісін тамызамыз.
Чипста крахмал
болғандықтан 3%-дық
йод ерітіндісін тамызғанда, қара көк түс пайда болады. Бұл қасиеттерді азық-түлiк өнiмдерiндегi крахмалды анықтауға пайдаланады.
Нәтижесінде: «Lаys» чипсында қара көк түс анық байқалады.
Шешім:
1.Басқа чипстарға қарағанда «Lаys» маркасында майдың көптігі анықталды
2. Крахмалдарға ең бай «Lays», «Орыс картобы», «Estrella» таңбалы чипстар болып табылады.
3. Зерттелген барлық қаптамаларда төмендетілген калория көрсетілген. «Русская картошка маркасында» көрсеткіштер сәйкес келмейтіні байқалды.
Қорытынды:
Теориялық материалды зерттеудiң нәтижесінде чипс адамның ағзасына терiс әсерін тигізетінін көрсеттi. Чипстарды қолдану салдарынан жүйке жүйесiнiң ауруы, жүрек, қолқа жүйесi, асқазан аурулары пайда болады. Чипсті жиі пайдалану тәуелдiлiкке машықтануға шақырады. Бiз қайғылы айғақтарға сүйенсек, чипстарды қолдану, өлiммен аяқталуы мүмкiн екеніне көз жеткiздiк.
Яғни, анам дұрыс айтады!!!
Оқушыларға сауалнамала жүргізу барысында , чипстарды тұтыну пайызы өскенiн көрсеттi. Бiз осылай, оқушылардың 12 %-ы чипсты үнемi пайдаланатынын байқадық. Төменгі сынып оқушыларының чипсты жиі қолдану салдарынан тәуелділікке машықтанатыны байқалды.
Чипстар құрамында зиянды азық-түлiк қосымшаларының болатынына бiзбен өткiзiлген зерттеу, тек адам баласының басты мәселелерiн - адам ағзаларына зиянды қосымшалардың бар екендігіне көз жеткізді.
Чипстардағы ингредиенттердiң арасында дәмдi күшейткiштер және хош иiс,май, өткiр тұздықтар және тұз көп мөлшерде.Аталған заттар iшек ауруларын, қыжылды, гастриттiң пайда болуына әсерін тигізеді.
Балалық шақта дұрыс қоректену - келешек өмiрiңнің денсаулығының iргетасы болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Мектеп буфетінің құпиялары. «Аргументы и факты».//- №44.-2007 ж, №46 2007ж.
2.Ғаламтор желісі http://lojechka.ru/novosti/vred_chipsov_dokazan_zakonom.html
3. Денсаулық газеті ЗОЖ //- № 4 2002 ж
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
«№137 негізгі орта мектебі» КММ
Қарағанды қаласы
Жобаның тақырыбы: Чипстың зияны ( қуырылған картоп)
Бағыты: салауаттану
Дайындаған: Қуанышева Ажар Абайқызы
Қарағанды қаласының
«№ 137НОМ» КММ
2 «В» сынып оқушысы
Жетекшісі: Сәменова Гүлнұр Мұздыбекқызы
«№ 137НОМ» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
17

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген