Ғажайып
сәт:
Балалар, тыңдаңдаршы, қандай
машинаның даусы?
-Дұрыс, «Жедел жәрдем»
машинасының дауысы
екен.
Балабақшаның медбике апайы
кіреді.
-Сәлеметсіздер ме,
балалар!
Бүгін мен сендерге дәрігер
мамандығының жұмысын көрсетіп, дәрігерге қажетті құралдармен
таныстырамын. Бұл қораптың ішінде дәрігерге қажетті құралдар бар.
Бұл құралмен ауырған адамның өкпесін тыңдаймыз. (әр құралға жеке-
жеке тоқталып көрсетеді, балаларды тыңдап қарайды) Ал бұл құралмен
қызу өлшейміз. Тамағын қараймыз. Егер ауырған болса мынадай дәрілер
беріп, екпе жасаймыз.
-Ал, балалар, мен қайтайын,
келесі топтардың балаларын да қарап
келейін.
Тәрбиеші: Міне, балалар дәрігер апайларың дәрігерлік
кеңесін айтты . Не деу керек?
Дәрігер:
Сендерге де рахмет. Сау болыңдар!
-Балалар, кейде сендер үйде
ауырып қалсаңдар аналарың дәрігерді үйге шақырады. Сонда олар үйге
қандай машинамен келеді? «Жедел жәрдем» машинасымен келеді екен.
Оны кім жүргізеді?
Мыналар нелер? Машинаны кім
жүргізеді?
Осы машинаға мініп, бәріміз
жапсыру орталығына барамыз Біздер жапсыру орталығына келдік. Бұл
орталықта бізге құралдар дайын тұр екен. Өзіміздің жүргізіп келген
машинамызды
жапсырамыз.
Орталықта біздер не жапсырдық?
Бағалау.
Ал енді бақшамызға
қайтамыз.
|