400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Тақырыбы: "Достарыма арналған үй".

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту; балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету; техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру; төртбұрыш, шаршылармен үйдің қабырғасын, үшбұрышпен үйдің шатырын жасауға болатындығын түсіндіру. Тілдерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА.

«Балапан» тобы

Күні: 8.12.2017 ж


Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: "Достарыма арналған үй".

Мақсаты: Қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту; балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету; техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру; төртбұрыш, шаршылармен үйдің қабырғасын, үшбұрышпен үйдің шатырын жасауға болатындығын түсіндіру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ит пен мысықтың түрлі тұқымының суреті, түрлі түсті қағаздан жапсырмалар, қайшы, сулық, желім, үлестірмелі материалдар, қиылып алынған ит пен мысық жапсырмалары.

Сөздік жұмысы: шуақ адал

Билингвальді компонент: ит-собака, мысық - кошка, достар - рузья, үйшік - домик

Оқу іс-әрекеттерінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Тақтаға итттің және мысықтың түрлі тұқымдарының суретін ілу.

Жұмбақ

Ырылдайды, үреді,

Үй маңында жүреді.

Иесін ол біледі,

Бөтен біреу келсе егер,

Үріп белгі береді.

Мақал

Ит-адамның дасы


Дұмбақ

Түссе күннің шуағы,

Көзін жұмып алады.

Жылы жерді сүйеді,

Беті-қолын жуады.

Сөздік жұмыс: шуақ, адал.

Иттер - ең сақ және адал достар. Жер бетінде ит тұқымдасының түрлері өте көп. Олар бізге қызмет етеді, үйді күзетіп, қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқарады.

Пекинес - кішкентай ит. Ол өзіне көп көңіл бөлгенді ұнатады, балалардың өзін құшақтап, жұлмалағанын, сипалағанын қаламайды.

Пудель - өзінің иесіне берілген, үнемі байлауда ұстаса да еш қарсылық көрсетпейтін көнбіс ит. Балалармен ойнағанды жақсы көреді. Пудельдер еш себепсіз үре береді. Олар үнемі әдемі шаш үлгісін көрсететін көрмелерге қатысады, сәнқой ит.

Мысықтар адаммен бірге өмір сүреді, тышқан ұстайтын пайдасы бар. Мысықтың да неше түрлі тұқымы болады.

Ангор мысығы - көңілді, қылықты мысық. Ойынпаз, адамды жатырқамайды. Белсенді, үйірсек, кіммен болсын тіл табысады.

Сібір мысығы - ірі денелі, байсалды, сабырлы мысық. Қылықты балалармен ойнағанды жақсы көреді, тіпті ересек мысықтың өзі де ойынпаз келеді. Жүні айрықша жұмсақ, үлпілдек болғанымен, ерекше күтімді қажет етпейді.

Суреттерді қызыға қарайды

Жұмбақты шешеді

Жауабы: ит

Мақалды тыңдайды, қайталайды.


Жұмбақты шешеді


Жауабы: мысық


Қайталайды: шауқ, адал



Педагогтің әңгімесін тыңдайды, иттің және мысықтың тұқымдары туралы мағлұмат алады және ұсынылған иллюстрацияны қарайды.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Ғажайып сәт

-Балалар, бізге ит және мысық қонаққа келді. Олармен танысайық.

Педагог жұмсақ ойыншықтар: ит және мысықты көрсетеді.

-Біздің қонақтарымыз Дос және Мурка. Олар сендерден көмек сұрау үшін келіпті. Олардың тұратын үйлері жоқ екен. Не істейміз? Оларға көмектесіп үйшік салып береміз бе?

Билингвальді компонент: ит-собака, мысық - кошка, достар - рузья, үйшік - домик

Үлестірмелі материалдарға назарларын аударады, жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

-Үйшіктің шатырын қандай пішіннен жасаймыз?

-Ал негізін ше?

-Үйшіктің тағы несі болады?

Балаларды қауіпсіздік техникасының жөн-жосығымен, қайшымен қалай жұмыс жасау керектігін таныстырады.

1. Жұмыс істегенде тек өз үстеліңде отыруға міндеттісің

2.Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.

3. Қолыңдағы қайшымен жүгіруге болмайды.

4. Қолыңдағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды

5. Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қаратып, құлап кетпейтіндей берік қою керек.

6. Жұмыс аяқталғанда жұмыс орнын тазалап, жинастыру қажет.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті

Мысығым, тұршы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Балалардың ішінен

Ең тапқырын таңдашы.

Педагог ит пен мысық суреттерінің жапсырмаларын балаларға бір-бірден таратып береді.

Әр баланың жасаған жұмыстарын үйшіктерінің терезесіне отырғызады.

Қонақтармен амандасады, қуаныштарын білдіреді.


Көмектесуге ынта білдіреді.






Қайталайды: ит-собака, мысық - кошка, достар - рузья, үйшік - домик


Үлестірмелі материалдарды қарастырады, сұрақтарға жауап береді, жұмыстың орындалу ретімен танысады.


Шатыры - үшбұрыш

Негізі - шаршы немесе тіктөртбұрыш

-Терезелері - шаршыдан


Қауіпсіздік техникасының жөн-жосығымен танысады, қайшымен қалай жұмыс жасау керектігін тыңдайды, жұмысқа кіріседі.


Өлең сөзінің мазмұнына қарай қимыл-қозғалыстар жасайды. Балалар жапсырманы жапсырады. "Абала" деп ойыншық итке, "Марғау" деп ойыншық мысықтың жапсырмасын жапсырады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Қараңдаршы, балалар, қандай керемет үйлер бой көтерді! Балалар, Дос және Мурка сендерге барлық көмектерің үшін рақмет айтады. Сендермен қоштасып, қолдарын бұлғайды.

Балалар қуанышты көңіл ккүймен ойыншықтарды құшақтап, итпен мысықпен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды, үйшік жасайды.

Игереді: ит және мысық тұқымдарының бірнеше түрі бар екендігін, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын.жоғарыдан төмен қарай сызық сызуды. Меңгереді: шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрышты қолданып үйшік жасайды.



Тәрбиеші : Оразалина Д.Н.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1929
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі