| Сабақтың мақсаты: «дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.Білімділігі: «Дос», «достық» ұғымдары мәнін, дұрыс әрекет құндылығы мен байланыстыра отырып ұғындыру;Дамытушылығы: адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін дамыту;Тәрбиелілігі: адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу. | РесурстарМультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал -мәтел, дәйексөз, маркер,ақ қағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері |
| Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа аттары жазылған жүрекшемен ақ, сары, көк түстер арқылы біріктіреміз.Суреттерді бояу. |
Баяу әуен ойналады |
Балалар сендер бір- бірлеріне кім болып келесіңдер?Сыныптас, доспыз. Дұрыс айтасындар барлықтарын бір- бірлеріне дос болып келесіңдер. Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз кімге байланысты? Достыққа.Топтық жұмыс1 топ: достар қандай болу керек?
2 топ Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал – мәтелдерді оқыңдар, өздерің де мақал – мәтел құрастырыңдар.Дос туралы мақалды толықтырАдам – адамға ..., жолдас, ....Досы жақсының, ... де жақсы.Көп ақшаң болғанша, көп ... болсын.Дос – досқа ... .Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың.3 топ дос деп кімді айтуымызға болады?
ДәйексөзДостықты достық шақырады.Абай ҚұнанбаевЫбырай Алтынсарин «Жаман жолдас» әңгімесін оқу немес тыңдауВидео ай мектеп
|
|
Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. 1 тапсырма. Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде беірлген сөздер мен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр. Таңдауларыңды түсіндіріңдер.Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: адалдық, ортақ көзқараста болу, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау.
|
|
Топпен ән айту: Достар
Әнін жазған: Айжігіт АсановСөзін жазған: Фариза Оңғарсынова
Ақ, қарамыз, сарымыз. Тату доспыз бәріміз.Достық жәйлі ән салып, Шырқатайық, кәне, біз.Жүзімізге қараңыз, Бал – бұл жанған баламыз.Бізге қымбат күн шуақ, Бізге қымбат анамызКүннің нұрын сүйеміз, Қырдың гүлін сүйеміз.Бізді ойнатып тәтелер, Күлдіргенін сүйеміз.Балдырғанбыз арай жүз, Бал – бұл жанып қараймыз.Ойыншықтар біздерде, Көп болғанын қалаймыз.Таласпаймыз біз бірақ, Отырмаймыз тұнжырап.Қуысамыз көгалда, Жүгіреміз құлдырап.Ән саламыз күнде біз, Шаттық толы іргеміз.Біз мәңгіге достармыз, Біз мәңгіге біргеміз.
|
|
| Үй тапсырмасы«Адал достық» туралы эссе жазып келу. |
|
| Соңғы тыныштық сәті. Досыма тілек Әр оқушы өз достарына тілек жазып, жүрекшеге айналасына гүлдерді іледі. (Баяу әуен қойылады) Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады».Назарларыңызға рахмет.Сау болыңыздар !!! |
|