400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: Ертегілер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларды кітап оқуға қызықтыру, оны таза ұстауға үйрету; кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру мектеп кітапханасымен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ертегілер

Мақсаты: Балаларды кітап оқуға қызықтыру, оны таза ұстауға үйрету; кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру мектеп кітапханасымен таныстыру.

Көрнекілігі: кітап көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, слайдтар.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, бірінші сынып оқушылары. Бүгінгі бірінші сынып оқушыларына мектеп кітапханасымен таныстыру мақсатында өткізілгелі отырған

« Ертегілер еліне саяхат» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді,

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн.!

Тамаша болсын бүгінгі күн!.

Жүргізуші:

Айтады ертегі сыр, ертегі ой,

Ертегі айтса еліктіріп балалар

Қиялға қызықтырып ертеді ғой

-Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?

-Ертегілер елінде кімдер тұрады?

-Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?

- Ертегі қалай басталады, қалай аяқталады.

-Ертегілер бізді неге үйретеді?

Жүргізуші: «Ойлан тап» Бұл бөлімде ертегіден үзінді оқылады, сол ертегінің атын тауып айту керек.

– Аурумын, жүруге әлім жоқ – деп барлық аңдарға хабар таратты. (Арыстан мен түлкі)

– Мен күшті болсам, құмырсқаға ін салдырмас едім. (Кім күшті)

– Түйк бойына сеніп құр қалыпты. (Жыл басына таласқан хайуанаттар)

– Қарғажан, көмектес менің балапандарымды жылан шаққалы жатыр. (Дәуіт пен қарлығаш)

– Олай тартқылады, бұлай тартқылады, тартып алды. (Шалқан ертегісі)

Жүргізуші: «Сұрақ –жауап» бұл бөлімде жұмбақтар жасырылады сендер балалар жумбақтын шешуін табасыңдар.

Өзі ширақ, өзі қу, жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

Басы –тарақ, арты –орақ. (Қораз)

Өзі ащы. Біріқ, дәмді етер асты. (Тұз)

Шыр көбелек айналар, беліне жіп байланар. (Ұршық)

Бір құтыда екі түрлі су жатады, қайнатсаң мұз болып қатады. (Жұмыртқа)

Көк лағым көгенде тұрып семіреді. (Қарбыз)

Асты тас, үсті тас, ортасында піскен ас. (Таба нан)

Кіруге адам батпайды, затыңды аман сақтайды. (Сандық)

Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр. (Қазан мен от)

Жүргізуші: Балалар енді кезекте «Кітап нені сүйеді?» ойыны. Мен сұрақ қоямын .

Келіссеңіздер шапалақ ұрасыздар.

Келіспесеңіздер шапалақ ұрмайсыздар?

Кітап қаптағанды -ия

Лас қолмен ұстағанды –жоқ

Қар мен жаңбырға тастағанды- жоқ

Аялап ұстағанды – ия

Кітап сөрелерінде ұстағанды –ия

Еденде жатқанды – жоқ

Құрметтегенді – ия

Кітаппен дос болғанды – ия

Жүргізуші: Балалар рахмет сендер ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер, талаптарың өрлей берсін! Міне Ертегілер еліне саяхаттап болған сияқтымыз. Енді балалар кітап оқимыз ба? Кітапханаға келіп, кітап алып тұрамызба.? Ендеше балалар осы асыл қазынамызды оқып, үй реніп, ойға тоқысақ еліміздің, өнегелі де ұл-қызы болатындарың айқын.

Тақырыбы: «Менің көрікті әлемім»

Мақсаты: Балаларға түрлі түспен асфальтқа сурет салдыру.

Балалар Мерекелеріңіз құтты болсын! Алдымыздағы 7 мамыр отан қорғаушылар күніне арнап асфальтқа сурет салмаз. Ал, енді балалар бүгінгі мерекеге орай түрлі түрлі бормен асфальтқа өз көңіл күйімізді білдірейік. Асфальтқа өздеріне арнаған суреттерді салып бояңдар.

Ортаға музыка әуенімен персонаждар шығып, балаларды құттықтап балалармен бірге қосылып сурет салады.

Сурет салып болған балалар өздерінің қандай сурет салғандарын айтып түсіндіріп береді.

Тақпақ: 1 бала: - баршамызда бүгін той

Әкелердің мерекесі біліп қой.

2 бала: Алақай ау алақай!

Ән шырқайық, балақай!

Қызарғанша алақан

Кел соғайық, балапан!

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар бүгін қандай мереке? 7 мамыр отан қорғаушылар күні -Біз түрлі түсті бормен не істедік? Сурет салдық.

-Өте жақсы. Балалар сендерді бүгінгі мерекелеріңмен құттықтаймын.

Жүздеріңнен күлкі кетпесін. Асфальтқа сурет салған балаларды марапаттау.

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты:
Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұмат беру.
сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Құстар суреті,
Шаттық шеңбері.
Нұр құшып әлемге
Арайлап таң атты
Жарқырап күніміз
Жер көкті оятты
Қайырлы таң, қайырлы күн!
- Балалар жылдың қай мезгілі?
- Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
Жұмбақ.
- Балалар сиқырлы баққа барғыларың келе ме?
Олай болса сиқырлы баққа барайық.
Балалар сап түзеп жүреді.
Біз келеміз адымдап
Жол ізімен арындап
1, 2, 3, 4
Қолды жоғары көтеріп
Биіктерге жетеміз
Үп - үлкен боп өсеміз.
Қолды жанға созамыз
Топ - топ етіп басамыз.
Алға қарай асамыз.
- Балалар міне сиқырлы баққа да келдік.
Қандай керемет бақ, балалар сендерге ұнайды ма?
Бақта нелер өсіп тұр?
(Музыка ойналып, тауыс құсы ұшып келеді.)
Тауыс құсы: Мен өз бағыма қонайын деп ұшып келсем, балалар келіп қалыпты ғой. Жарайды ендеше, менің сендерге қоятын шартым бар, орындасаңдар қонақ етемін, сыйлығымда бар.
1 – ші шартым: Сендер қандай құстарды білесіңдер?
Балалар жауап береді. 2 - ші шартым: Құстар туралы тақпақ айтып беріндер.
4 бала: Мен торғаймын, торғаймын
Жерге бекер қонбаймын
Құрт - құмырсқа шіркейден
Ақ бидайды қорғаймын.
5 бала: Шыр - шыр еткен торғайды
Қорғамасақ болмайды
Кіп - кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
3 - ші шартым: Тыйым сөздер айтып беріңіздер.
1. Құсты атпа
2. құстың жұмыртқасын жарма
3. құстың ұясын бұзба
4. Аққуды атпа, досыңды сатпа.
4 - ші шартым: Д/О: «Қандай құстың дауысы»
Д/О: «Не артық.»
Құстарға арнап ұя суретін саламыз.
1. Қане қанат жазайық
Мойнымызды созайық
1, 2, 3
Құс аспанға ұш
1, 2, 3,
Құс аспаннан түс.
Құстар жем жейді
Құстар су ішеді
1, 2, 3
Құс аспанға ұш
2. Қанат жазам жалма жан
Талпынғандай ұшуға
Иіліп кеп қол созам
Аяғымның ұшына
Тауыс құсы: Балалар сендер құстар туралы көп біледі екенсіңдер, мен сіздердің білімдеріңе риза болып, сыйлық беремін.
Балаларға құс суретін тарату.

Тақырыбы: Мәңгілік өшпес алау

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.          Жүргізуші: 

Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы және балалар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 69 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі «Балдәурен» балабақшасының бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар!

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз.

Ән:  Қыздарының орындауында  әсем биді қабыл алыңыздар.

Тақпақтарға кезек:

1 бала: Жеңем деген ел сөзі!

Тұрды ажалдан жоғары.

Өмір,адам жұлдызы,

Тұрды ажалдан жоғары

2 бала: Жеңіс туы қырмызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Отан, ұрпақ болашақ

Тұрды ажалдан жоғары,

3 бала: Өмір нұры жарқырап.

Қазақтың қамы үшін,

Жүрегі ауырған.

Елінің намысын

Қорғаған Бауыржан!

Өр бабам-Бауыржан!

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтанаты. («Ден победы» әні жаймен қойылады )

Жүргізуші:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен кәне бәрің түрегел!

Хор: Ескендір Ибраймовтың «Көк тудың желбірегені» әні.

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Құстар біздің - досымыз»

Мектепалды 0«Б» сыныбы

Жауапты: Ғ.А. Мауленкулова

Баланың мектепке психологиялық дайындығы

Алты жасар баланың мектепке дейінгі және мектеп аралығындағы жағдайының өзіндік психологиялық ерекшелігін анықтау болып табылады. Танымдық іс-әрекет түрлері жас ерекшеліктеріне сай дамығанын анықтау.

Баланың танымдық  қызығушылығын  білу- бала  жан-дүниесіне билік жүргізудің жолы.

            Баланың білуге деген құмарлығын қалай дамытуға болады? Ол үшін ата-ана не істеу керек?

            Баланың білуге деген құмарлығын дамыту ересектермен байланыс жасау кезінде ерекше қарқын алады. Ата-анамен қарым-қатынас кезінде бала өзін толғандырған  сұрақтарға жауап алуға тырысады, бірақ психологтардың зерттеулеріне қарағанда, сұраққа бірден жауап беруге тырыспау керек, баланы әр нәрстенің жауабын өзі ізденіп табатындай жағдайға жеткізу керек.

            Біз, ересектер балалардың қойған сұрақтарына көбінесе, жүрдім-бардым, жеңіл-желпі қарап жатамыз. Сұрағына жауап ала алмаған баланың ересектерден көңілі қалып, біртіндеп айналада қоршаған ортаға қызығушылықтары төмендей бастайды.

Құрметті ата-аналар, есіңізде сақтаңыз, сұрақ болмаған жерде  дүниені тану да, даму да болмайды.

Сондықтан да балаңыздың білуге құштар жүрегінен шыққан әр сұраққа мұқият қарап, ойланып жауап қайтарыңыз. Бала сұрақ берген  сәтте оған ұзын-сонар жауап айтудың қажеті жоқ, оның ұғымына сай қысқа әрі нұсқа жауап берсеңіз болады. Сұраққа жауап бере отырып, баланы ойлануға жетелеу керек. Шама келсе, баланы өзін қызықтыратын сұрақтарға жауапты сөздіктерден, балалар энциклопедиясынан іздену арқылы табуға жетуіне  тәрбиелеу керек.  Бала өзін қоршаған ортамен белсенді байланысқа түскенде ғана «Неге бұлай? Бұл қалай? Неліктен? Не себептен?» деген сияқты сұрақтар туындайды. Мұндай кездерде ата-ана баланың дамуына ықпал ететін, ол үшін жаңалық болып ашылатын сан алуан әрекет түрлерін ойластырғаны, ұйымдастырғаны жөн. Сол арқылы бала өзін тұлға ретінде таниды, өзі үшін маңызды жаңалық ашады. Ата-ана баласын табиғат аясына, хайуанаттар бағына, саябаққа ертіп апару арқылы олардың дамуын белгілі бір танымдық мақсатқа бағыттайды. Сонымен қатар ол баланы салыстыруға, талдауға, қорытуға, ой түюге итермелейді.

Мектепке психологиялық дайындығы

 1. Баланың мектепке жеке тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындығы. Баланың жаңа әлеуметтік  орныққан орнын қабылдауы, оның оқушы ретінде мектепке жеке тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындығының қалыптасуы.

2. Баланың мектепке дейіңгі кезеңдегі  қоғамдық орнын салыстырғанда қазіргі орны  жаңа ережелерді қабылдауды міндеттейді. Бұл баланың мектепке жеке тұлғалық дайындығында, мұғалімге және оқу әрекетіне, құрбыларына, туыстары мен жақындарына, өзінің-өзіне белгілі бір қатынаста көрінеді.

Баланың өзі-өзіне көзқарасы

Бала өзінің қабілеттерін, іс-әрекетінің нәтижелерін адекватты түрде өзін-өзі бағалау қажет. Өзін-өзі бағалауы жоғары болса, мұғалімнің айтқан ескертулерін дұрыс қабылдамауы мүмкін. Соның нәтижесінде «мектеп жаман», «мұғалім ызалы» болып көрінеді.

            Бала өзін және өзінің мінез-құлқын  дұрыс бағалау  керек.

Жоғарыда аталған баланың тұлғалық ерекшеліктері, оның жаңа әлеуметтік ортада тез арада икемделуін қамтамасыз етеді.  

Баланың мектепте оқуға дайындығын анықтайтын

ата-аналарға сауалнама

1.Сіз қалай ойлайсыз, балаңыз 1-і сыныпқа барғысы келе ме?

2.Мектепте ол көп жаңалық пен қызықтыны біліп алам деп ойлай ма?

3.Сіздің балаңыз 15-20 минут уақытта өздігінен тынымсыз еңбектеніп бір іспен айнылыса ма? (Сурет салу, мозаиканы жинау, сомдау және т.б.)

4.Бейтаныс адамдар арасында сіздің балаңыз ұялмайды деп айта аласыз ба?

5.Сіздің балаңыз суретке сипаттама беріп, 5 сөйлемнен құрылған мазмұнды әңгіме  құрастыра алама?

6. Сіздің балаңыз жатқа тақпақтар біле ме?

7.Берілген зат есімді көпше түрде айталама?

8.Балаңыз буындап болса да оқима?

9.Балаңыз 1 ден 10 дейін тура және кері санай ма?

10.Бірінші ондықтан 1 ден қосып және азайта алама?

11.Сіздің балаңыз кішігірім өрнектерді ұқыпты көшіріп, торкөз дәптерге жай элементтерді жаза алама

12.Сіздің балаңыз сурет салуды, суреттерді бояғанды жақсы көре ме?

13.Балаңыз қайшы және желіммен жұмыс істей алама?(Мысалы, қағаздан аппликация жасай ма?)

14.Бес элементке бөлініп кесілген суретті 1 минутта тұтас бейнеге айналдыра алама?

15.Балаңыз үй және жабайы жануарларды біле ме?

16.Сіздің балаңыз қорытынды жасау біле ме? Мысалы, алма, алмұрт «жемістер» деп айта алама?

ата-аналарға сауалнаманың нәтижесі

Барлық ата саны:

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

10 ұпай

11 ұпай

12 ай

13 ұпай

14 ұпай

15 ж/е одан да жоғары ұпай

 15 ұпай - балаңыз мектепте оқуға дайын. Сіздің еңбегіңіз ақталды, келешекте оқу барысында қиыншылық пайда болса да, сіздің көмегіңізбен бала оларды оңай шешеді.

10-14 ұпай болса, сіз баланы дамытудың дұрыс жолындасыз. Ал сіз мақұлдамаған сұрақтар, өзіңізге  қандай жақтарға назар аударатынын көрсетеді.

Мақұлдаған сұрақтар саны 9 және одан төмен болса, сіздің балаңыздың дамуына көп көңіл бөлу керек. Мектепте оқуға әлі дайын емес. Сондықтан, баланы жүйелі түрде мектепке дайындау керек. 

Ата- аналар өз міндетін біледі ме?            Тест сұрақтары: 
а) қолымнан келеді, әрі әрқашанда осылай жасаймын. (3 ұпай). 
б) қолымнан келеді, бірақ әрқашанда олай жасамаймын (2 ұпай). 
в) қолымнан келмейді (1 ұпай). 
1.     Қандай жағдай болмасын өз жұмысымды тастап баламмен айналысамын. 
2.     Баламның жасына қарамастан мен онымен кеңесемін. 
3.     Егер қате жіберген жағдайымда баламнан кешірім сұраймын. 
4.     Баламмен қарым-қатынас арасында жіберген қателігімді оның алдында мойындай аламын. 
5.     Егер баламның әрекеті өте қатты әсер етсе де , мен өзімді ұстай алар едім. 
6.     Баламның орнына өзімді қоя аламын. 
7.     Мен өзімнің баламды 1 минут болса да, “сұлу перизат” немесе “мейірімді сұлтан” ретінде сезіне аламын. 
8.     Мен өзімнің балалық шағымдағы қолайсыз болып көрінетін бейнемді немесе басымнан кешкен сабақ болатындай жағдайды айтып бере аламын. 
9.     Бала жанына ауыр тиетін сөздерді көп қолданатын сияқтымын. 
10. Мен баламның жақсы тәртібі үшін, оның тілегін орындауға сөзіме берік боламын. 
11. Балаға не істегісі келсе, соны істеуге, өзін қалай ұстаса, солай ұстауға, яғни еркіне жіберіп, өзім араласпауға, бір күнді соған бөлемін. 
12.  Егер менің балам біреудің баласын себепсіз жәбірлеп, ренжітіп, қол жұмсап, дөрекі мінездерін көрсетіп жатса, мен үндемеймін. 
13. Егер баламның ерке қылығын көрсетіп жылағанына немесе баламның көз жасымен әр нәрсені сұрауына қарсы тұра аламын. 

Тестің кілті: 
     30-39 ұпай аралығында - өміріңіздегі, жанұяда ең үлкен әрі қымбат адам – балаңыз деп санайсыз. Сіз балаңызды түсініп қана қоймай, оны тереңірек білгіңіз келеді және оған үлкен құрметпен қарайсыз. Сіз ең таңдаулы озық тәрбиелік әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын ұстанасыз. Сіз өте дұрыс бағыттасыз және болашақта жақсы нәтижеге ие боласыз. 
     16 ұпай мен 30 ұпай аралығында – бала Сіз үшін бірінші орындағы маңызды мәселе. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қасиет қалыптасқан, бірақ өмірде оны жүйелі және мақсатты түрде қолдана бермейсіз. Кейде өзіңізді қатал ұстайсыз, кейде жұмсақ ұстайсыз, тіпті кейде тәрбиелік тиімділікті әлсірететіндей келісімге де барасыз. Сізге бала тәрбиесі жөніндегі өз әдісіңіз жөнінде кеңірек (тереңірек) ойлану қажет. 
     16 ұпайдан төмен – бала тәрбиесі сіз үшін үлкен қиыншылық туғызады. Сізге ия білім жетіспейді, ия болмаса балаңызды жеке тұлға ретінде жасауға ниетіңіз, ұмтылысыңыз жетіспейді. Сол себептен сіз педагогтан және психологтан кеңес алғаныңыз жөн.

Баланың мектепте оқуға дайындығын анықтайтын

                              ата-аналарға сауалнама

1.Сіз қалай ойлайсыз, балаңыз 1-і сыныпқа барғысы келе ме?

2.Мектепте ол көп жаңалық пен қызықтыны біліп алам деп ойлай ма?

3.Сіздің балаңыз 15-20 минут уақытта өздігінен тынымсыз еңбектеніп бір іспен айнылыса ма? (Сурет салу, мозаиканы жинау, сомдау және т.б.)

4.Бейтаныс адамдар арасында сіздің балаңыз ұялмайды деп айта аласыз ба?

5.Сіздің балаңыз суретке сипаттама беріп, 5 сөйлемнен құрылған мазмұнды әңгіме  құрастыра алама?

6. Сіздің балаңыз жатқа тақпақтар біле ме?

7.Берілген зат есімді көпше түрде айталама?

8.Балаңыз буындап болса да оқима?

9.Балаңыз 1 ден 10 дейін тура және кері санай ма?

10.Бірінші ондықтан 1 ден қосып және азайта алама?

11.Сіздің балаңыз кішігірім өрнектерді ұқыпты көшіріп, торкөз дәптерге жай элементтерді жаза алама? 

12.Сіздің балаңыз сурет салуды, суреттерді бояғанды жақсы көре ме?

13.Балаңыз қайшы және желіммен жұмыс істей алама?(Мысалы, қағаздан аппликация жасай ма?)

14.Бес элементке бөлініп кесілген суретті 1 минутта тұтас бейнеге айналдыра алама?

15.Балаңыз үй және жабайы жануарларды біле ме?

16.Сіздің балаңыз қорытынды жасау біле ме? Мысалы, алма, алмұрт «жемістер» деп айта алама?

Әр сұраққа «иә» деп жауап берілсе, 1 ұпай саналады.

Егер де 15 және одан да жоғары ұпай болса, балаңыз мектепте оқуға дайын. Сіздің еңбегіңіз ақталды, келешекте оқу барысында қиыншылық пайда болса да, сіздің көмегіңізбен бала оларды оңай шешеді.

10-14 ұпай болса, сіз баланы дамытудың дұрыс жолындасыз. Ал сіз мақұлдамаған сұрақтар, өзіңізге  қандай жақтарға назар аударатынын көрсетеді.

Мақұлдаған сұрақтар саны 9және одан төмен болса, сіздің балаңыздың дамуына көп көңіл бөлу керек. Мектепте оқуға әлі дайын емес. Сондықтан, баланы жүйелі түрде мектепке дайындау керек. 

           Өз балаңыздың ерекшелігін тани біліңіз. Балаңыздың өзіндік «Менін» мойындаңыз және қолдай біліңіз. Оның маңыздылығын сездіруге тырысыңыз. Балаңыздың бастамалары мен дербес жасаған әрекеттеріне шынайы түрде қуана біліңіз.

           Адам баласының өмірінде қарым-қатынас маңызды орын алады, онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Әр адам дүниеге келгеннен бастап өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі. Баланың айналасын жылы қабылдауы үшін ата-анасының еңбегі ұшаң-теңіз.

           Бала үшін отбасы-басты ақпарат көзі, сондықтан бала өмірді алғаш отбасының ықпалымен таниды.

           Бала дамуы мен қалыптасуы өсімдік тәріздес, өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырмайды.  

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.06.2019
552
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі