жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы "Фантазия"
Қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Қиял әлемі Мектеп: «Теміртау қ. №2ЖББОМ» КММ Күні: Мұғалімнің аты жөні: Бозаева Ш.К. Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Фантазия |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
5.ӘТН 4.3. Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: сын есімдерді мағнасына қарай ажыратады |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: сын есімді шырай түрінде қолданады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: сын есімді зат есім орнына қолданады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Өз пікірін дәлелдеп, қорытындылайды. Сын есімдерді нормаға сай қолданады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Болжау дағдыларын кеңейтеді,коммуникативтік дағдыларын сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін пайдаланып, әдеби-тілдік нормаға сәйкес қолданады Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сын есімнің шырайлары, затталған сын есім Диалог пен жазуға қолданған тіркестер: қиял, фантазия, жеті қат көк |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Азаматтық жауапкершілік, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақ әдебиеті «Толағай» ертегісі, Ғылымға кіріспе М.Мақатаевтың өлеңі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім 10 минут |
Сын есім туралы білімдерін еске түсіріп, жаңа сабақпен байланыстыру. Ширату жаттығуы:
Оқушылар дөңгеленіп тұрып бір- бірінің арқаларына стикерге сын есім арқылы мақтау сөздер жазады. (мысалы: әдемі, ақылды) Артынан өздері алып оқиды. Сапалы және қатыстық түрлерін ажыратады Сұрақ үлгілері: - Балалар, өзіміз жайлы комплименттерді естіген жағымды ма? /иә/. - Ал осы жағымды сөздер қандай сұраққа жауап береді?/қандай?/ - Қандай деген сұраққа жауап беретін сөздер не деп аталады?/Сын есімдер/ - Сын есім нені білдіреді? / Заттың түсін, көлемін, мөлшерін, сын-сапасын білдіреді/ Топтастыру. Мына себеттегі қағаздарды таңдап алыңдар да, қағазда жазылған сөздер арқылы топтасыңдар «Түстер»,«Көлем мен мөлшер»,«Сапасы мен сыны» ҚБ. «Қолпаштау»
әдісі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 10 минут Сабақтың ортасы 15 минут |
Т.ж 1. Сабақ мақсатын, оқу мақсатын анықтау Топтарға суреттер мен суретке байланысты сұрақтар жазылған стикерлер таратылады. Айтылым. «Қарға» тренингі әдісі
- Суреттен ненің, кімнің суретін көріп отырсың? /қиял ғажайып ертегілері мен кейіпкерлерін/ - Нақты қандай заттар және кімдер бейнеленген,олар қандай? /Толағай, оның арқасындағы алып тау,Толағай мықты, батыр, алып күш иесі. Қанатты тұлпар, ұшып бара жатқан кілем, кілем мен ат ұшқыр,жылдам/ -Әдетте, қалыпты жағдайда сол заттар қандай болуы керек? /Адам алып тауды көтере алмайды, ат пен кілем ұшпайды/ -Қалыпты жағдайдан ерекшелігі неде,осы ерекшеліктерді қалай деп атаймыз? /Фантастика,қиял-ғажайып, алып күш иесі, ұшқыр,жылдам/ -Бұл суреттің сізге және сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыз? /сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады/ Дескриптор: - Сұраққа жауап береді - Сабақтың мақсаты мен оқу мақматын анықтайды ҚБ. «Ең тамаша тапсырма орындаушы» смайлик беру Таныстырылым Бір тектес сапалық сынның бірінен екіншісінің артық не кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп атайды.
Заттанған сын есім
Көптік жалғау жалғап, үш тілде айтылуын салыстырайық
Көптік жалғау қазақ тіліндегідей ағылшын тілінде тек зат есімге ғана жалғанады , ал орыс тілінде зат есімге де, сын есімге де қосылып тұр. |
Түрлі түсті үлестірмелі суреттер флипчарт маркерлер
Интербелсенді тақта
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
Оқылым. Тж2 М.Мақатаевтың өлеңін мәнерлеп оқып, сөздікпен жұмыс істеп, шығарманың ойын түсініңдер, өлең мазмұны ішінен фантастикаға, сын есімге қатысты «10 сөзді атаңыз» жазыңдар «10 сөзді атаңыз» жазыңдар әдісі Жеті қат жерің мына төңкерілген, Жеті қат аспанменен көмкерілген. Адамзат оның бәрін ерте білген, Ертегіде табысқан ертеңімен, Ғаламаттар туылған ертегіден. Ғаламаттар жасалған ертегіден, Ертегілер қиялын ерте жүрген. Ғаламдық ақиқатты бұл адамзат, Галилей, Коперниктен ерте білген. Ертегіден жаңарып, қала тұрған, Ертегіден ғұлама дана туған. Бұл күнгі ғаламаттар, алдыменен, Адамның қиялында жаратылған. Барлығын да адамзат қиялдаған, Қиялдап жер бетіне сыя алмаған. Ойлап-ойлап, отырып кілеміне, Аспанға ұшудан да ұялмаған. Қиялдап, менің дана, байғұс бабам, Алайда, атқа мініп, Айға ұшпаған. Бабамның қиялымен қанаттанып, Бүгін мен Айға қонып, жайды ұстағам Дескриптор - Өлеңді оқиды,сөздікпен жұмыс істейді, шығарма ойын түсінеді,мазмұны ішінен фантастикаға, сын есімге қатысты 10 сөзді жазады «Броундық қозғалыс» әдісі бойынша сынып оқушыларымен кездесе жүріп, тапсырмамен бөлісу / дана, жеті қат, қиял, ғаламат (ғаламаттар), жаңа, жаңарып, ғұлама, байғұс /
ҚБ.Бағдаршам әдісі «Толағай» мультфильмін көру Деңгейлік тапсырмалар: 1-деңгей. «Дара диаграмма» әдісі.Толағайдың қасиеттерін атаңдар (флипчарт жасау) 2-деңгей. Кесте арқылы Толағайдың қасиеттерін сын есімнің шырайларына айналдырып жазыңдар (флипчарт жасау)
3-деңгей. Толағайдың қасиеттерін анықтап, ол туралы өз ойларыңды білдіріңдер, сын есімді зат есімге айналдырыңдар (флипчарт жасау) Тапсырмаларды топтар «Аялдама» әдісі бойынша келесі топтарға баяндап береді. Дескриптор: -«Дара диаграмма» әдісі арқылы Толағайдың қасиеттерін атайды. -Сын есімдерді шырай түрлеріне айналдырады -Толағайдың қасиеттерін сипаттайды, өз ойларын білдіреді,сын есімді зат есімнің орнына қолданады ҚБ.«Бас бармақ» әдісі |
Оқулық
Бейне көрсетілім Диаграмма Флипчарт маркерлер
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Венн диаграммасы арқылы Сын есімнің салыстырмалы шырай мен күшейтпелі шырайлары түрлерінің ұқсастығы мен айырмашылығын көрсет
Қос диаграмма арқылы сын есім мен затталған сын есімнің ұқсастығы мен айырмашылығын көрсет Айырмашылығы тілдік ұқсастығы айырмашалағы
Дескриптор: Сын есімнің шырайларын біледі, ажырата алады Сын есімді зат есімге айналдыра алады ҚБ.«сәттілік баспалдағы» әдісі |
диаграмма
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша мәлімет 5 минут |
Жеті қат көк — қазақ халқының көне заманнан келе жатқан мифологиялық түсініктерінің бірі. Айқын мифтік мәні бар, бүгінгі қазақ тілінде “шырқау биік, шексіз аспан” дегенді білдіретін сөз тіркесі. Жеті қат көк – шығыс астрономиясында жеті жұлдызға сәйкес: Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Қызыл жұлдыз (Марс), Мәштүри (Юпитер), Сатурн. Көптік жалғау жалғап, үш тілде айтылуын салыстырайық
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау: саралау тапсырмаларын сабақтың ортасында қолдандым.Төмендегі тапсырмаларды орындады: «Дара диаграмма» әдісі арқылы Толағайдың қасиеттерін ата Сын есімдерді шырай түрлеріне айналдыр Толағайдың қасиеттерін сипатта, өз ойларыңды білдір,сын есімді зат есімнің орнына қолдан Оқушылардың жұмыстарын флипчарттар арқылы бағаладым |
Бағалау:
Алдыңғы
білімде Сабақтың басында
Сабақтың ортасында
Сабақтың
соңында
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ықшамсабақ қорытындысы Сабақта белсенді әдіс-тәсілдерді ұтымды қолданып, сабақ мақсатарына жеттім. Деңгейлік тапсырманы тиімді қолданып, оқушылардың барлығының белсенді жұмыс істеуіне қол жеткіздім. Қиял, фантазия тақырыбы балаларға қызықты.Осы тақырыпты ұтымды пайдаландым. Бейнекөрсетілім арқылы сын есімнің шырай түрлерін жақсы меңгерді.
|
Табысты болған екі нәрсе 1. «Арқаға жазылған комплименттер» әдісі 2. «Қарға тренингі» әдісі Сабақты жақсартатын екі нәрсе Әдіс-тәсіл түрлерін кеңінен қолдану Әдеби тіл нормаларына тапсырмаларды балаға қызықты етіп дайындау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия -Сіз өткізген сабақтың қандай аспектілері сəтті болды? -Алдыңғы біліммен байланыс сәтті болды. -Сабақты тағы да бір рет өткізу ұсынылса, нені өзгертер едіңіз? -Белсенді оқытудың басқа да әдістерін қоланып көрер едім. -Бақылаушы қандай мәселеге қатысты қолдау көрсетті? - Таныстырылымды жоспарлауда қолдау көрсетті. -Бақылаушы қандай мəселеге қатысты қолдау көрсетпеді? - Барынша қолдау көрсетті - Сабағымда белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін барынша көп қолдануға тырыстым.
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау Интербелсенді тақтаның қауіпсіздігін сақтау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||














Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген