Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Тақырыбы :Физика кабинетінің қауіпсіздік ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
:Физика кабинетінің қауіпсіздік ережесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Техникалық қауіпсіздік ережесі

  1. Ұқыпты, тәртіпті, сақ болыңдар:

Мұғалімнің нұсқаулурын бұлжытпай орындаңдар.

  1. Жұмыс орнын мұғалімнің рұқсатынсыз тастап кетпеңдер.

  2. Приборды, аспаптарды, материалмен жабдықтарды жұмыс орнына мұғалім корсеткен тәртіппен қойыңдар.

  3. Жұмысқа қажетсіз заттарды жұмыс орнынан алшақ ұста.

  4. Жұмысқа кірісер алдында, жұмыстың нұсқауын, орындалу тәртібін біліп ал.

  5. Электр тізбектерін құрастырып, оған ауыстырып қосу тетігін жалғастыр.

  6. Ток көзіндегі немесе электр қондырғыларының басқа бөліктеріндегі қажетті кернеуді , кернеу көрсеткіштің көмегімен тексер.

  7. Өткізгіштердің ұштарының изоляциясын тексер,тізбек құрастырғанда өткізгіш сымның ұқыпты орналасуын және қысқыштарға мықты бекітілуін қадағала.

  8. Жұмысты бақылау және өлшеу кезінде , ашық тұрған өткізгіштерге сақ болыңдар.

  9. Электр тізбегі агытылғаннан соң да, конденсаторға жақындама: оны алдымен зарядтап алу керек.

  10. Жұмыс орындалғаннан соң немесе кезекті бақылау аяқталғаннан кейін электр ток көзін тізбектен ағытып тастаңдар, содан кейін барып барып электр тізбегін ағытыңдар.

  11. Кернеу келіп тұрған прибордың дұрыс жұмыс істемей тұрғанын байқасаң, оны ток көзінен тезірек ажыратып, мұғалімге хабарла.















Бекітемін «Келісілген»

Мектеп директоры Кәсіподақ комитетінің төрайымы

Т.Т. Ибраимова Т.Д. Ганиева



Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы нұсқау

1

  1. Сақ болыңдар, абайлаңдар, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындаңдар.

  2. Жұмыс орнын мұғалімнің рұқсатынсыз бос қалдыруға болмайды.

  3. Жұмыс орнындағы приборларды, материалдарды, құралдарды мұғалімнің нұсқауы бойынша орналастырыңдар.

  4. Жұмыс орнына қажетсіз заттарды қоймаңдар.

  5. Жұмысқа кірісер алдында мақсаты мен нұсқауларын мұқият оқыңдар.

  6. Электр тізбегін құрастыру, жалғау, монтаждау және электр приборларды ремонттау ток көзі ажыратылған кезде жасалу керек.

  7. Ток көзін мұғалімнің рұқсатынсыз қосуға болмайды.

  8. Ток көзіндегі және тізбек бөлігіндегі кернеудің бар екенін прибормен тексеріңдер.

  9. Сымдардың эизоляциясы бүтін болуын қадағалаңдар.

  10. Бақылау және өлшеуді орындағанда, ашық сымға жоламаңдар.

  11. Конденсаторға ток көзі ажыратылған соң да тиісуге болмайды, оны зарядсыздандыру керек.

  12. Сынап организмге қауіпті, сондықтан термометрді дұрыс қолдана білген жөн.

  13. Спиртовканың темір қақпағы болуы керек.Шамдарға бензин құюға болмайды.

  14. Шыныдан жасалған приборлармен жұмыс істегенде, сақ болған жөн.

  15. Жұмыс соңында алдымен ток көзін үзу керек, содан тізбекті жинау керек.

  16. Приборлардың бұзылғанын байқағанда ток көзінен жыратып, мұғалімге хабарлау керек.





Физикалық зертхана меңгерушісі: Ербазарова.К

Бекітемін «Келісілген»

Мектеп директоры Кәсіподақ комитетінің төрайымы

Т.Т. Ибраимова Т.Д. Ганиева



Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы нұсқау

2

  1. Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, қажетті қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіру керек.

  2. Оқушылардың қауіпсіздік техникасы ережелерін орындалуын бақылап жүру керек.

  3. Өткір кесетін құрал-жабдықтарды тек сабынан ұстап, өткір ұшын көршісіне бұруға болмайтыны туралы дағды қалыптасуы керек.

  4. Жанып тұрған спирт шамымен екіншісін жағуға болмайды.Спирт шамын қалпақпен өшіреді.

  5. Ашық спиральді электр қыздырғыш приборларды пайдалануға үзілді кесілді тыйым салынады.

  6. Жанғыш құралдармен жұмыс жасағанда жалынға шаш пен киімнің тимеуін қадағалау қажет.

  7. Приборкада сұйықты қыздырған кезде мына ережелерді ескеру керек:

Приборканың ауызын өзіңе немесе көршіңе бұруға болмайды.

Приборканы арнайы штативке бекіту қажет. Приборканы қағаз кесінділермен ұстауға болмайды.

  1. Шыны приборларды құрастырған кезде қолды кесіп алмау үшін шыны және резеңке түтікшелерінің диаметрін дұрыс таңдап алу керек, олардың ұштарына су, вазелин немесе глицерин жағып, өткір қырларын балқыту қажет.

  2. Шыны түтікшені тығынға кигізгенде тығынды алақанда ұстамай, жанынан ұстау керек.









Физикалық зертхана меңгерушісі: Ербазарова.К









Бекітемін «Келісілген»

Мектеп директоры Кәсіподақ комитетінің төрайымы

Т.Т. Ибраимова Т.Д. Ганиева





Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы нұсқау

3

  1. Шынының өте морт келетінін, соғудан, температура өзгерісінен тез шытынайтынын және сынаынын ескерген жөн.Шыны кесіп кеткен жағдайда кесілген жерге қол тигізуге және сумен жууға болмайды.Жараны дәріленіп тазартылған дәкемен тазалап, сонан соң жараның айналасындағы теріге йодты спирт тұнбасын жағу керек.

  2. Құрастырылған электр тізбегін мұғалім тексергеннен кейін оның рұқсатымен ғана қосыңдар.Электр тізбегіне ток көзін ең соңынан қосыңдар.

  3. Электр тізбегін құрастырған кезед тізбектің изоляциясыз элементтеріне (қыстырғыш, кілт, т.б) тиіспеңдер, изоляциясы жоқ немесе тозған өткізгіштерді және ашық типтес рубильниктерді пайдаланбаңдар.Кернеуі бар электр қондырғыларында ақау байқалса дереу ток көзін айырып, бұл туралы мұғаліме хабарлаңдар.Ток көзін айрмай тұрып, тізбекті қайта құрастырушы және балқымалы сақтандырғышты ауыстырушы болмаңдар.

  4. Жұмыс кезінде электр машиналарының айналып тұрған бөлшектеріне абайсызда қол тигізіп алмаңдар.

  5. Ток көзін айырған бойда конденсаторларға, олардың қыстырғыштарына, стационар электр қондырғылардың корпустарына тиіспеңдер.

  6. Изоляциялаушы сабы бар аспаптарды пайдаланыңдар.

  7. Жұмыс соңында ток көзін айырып, ағытыңдар, сонан соң электр тізбегін ажыратыңдар.







Физикалық зертхана меңгерушісі: Ербазарова.К







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
10212
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12