Материалдар / Тақырыбы: Ғажайып білім әлеміне саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Ғажайып білім әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық топ "Кейс технологиясы" оқу қызметінде қолдану. жаңа инновациялық сабақ. берілген с туацияны шешу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Наурыз 2022
509
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Білім беру саласы:Қатынас. Таным. Әлеумет

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Жаратылыстану. Қоршаған орта

Тақырыбы: Ғажайып білім әлемі

Мақсаты: Балалардың алған білімдерін тиянақтап бекіту, берілген сұрақтарға ойланып дұрыс жауап беруге дағдыландыру, ойын арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын, танымын дамыту.

Заттық дамыту ортасы: бейнелі суреттер, сандықшалар, көрініске қажетті атрибуттар

Шаттық шеңбер

Арайлап таң аттыалтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз

Жарқырайды бақшамыз

Қайырлы таң қонақтар

Қайырлы таң балалар!

Өткен сабақты айталау.

Әріптерді көрсету

А-аспазшы

Т-тігінші

Қ-құрылысшы

П-пошташы

Топта беті жабылған сандық тұрады.

-Балалар мен таңертең топқа келгенде мына сандық тұр екен. Бұл сандықты мен сендерсіз ашпайын дедім.

  • Есік қағылады.Буратино кіреді.

Буратино: Балалар, мен жолда келе жатып хат тауып алдым. Не жазылғанын білмеймін.

Тәрбиеші: Буратино, сен сонда жазу, әріп танымайсың ба? Біз саған көмектесеміз. Солай ма балалар?

-Әрине көмектесеміз.

- Балалар,Буратиноның хаты алып оқиық.

Тәрбиеші:

Хатта: «Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бұл сиқырлы сандық. Сандықты ашсаңдар мол сыйлыққа кенелесіңдер»- деп жазылыпты. Бұл сандықты ашу үшін тапсырмаларын орындауларың керек.

- Балалар, бұл сандық жәй сандық емес екен.

Балалар: Әрине

Тәрбиеші: - Буратино, сен де биыл мектепке барасың ба?

-Иә

-Жазу, санау білесің бе?

-Жоқ

Ондай болса Буратино сен кел отыр. Біздің балалар тапсырмаларды орындауға көмектеседі. Сен де балалармен бірге үйрен.

Балалар сандықты ашу үшін бізге ең алдымен тапсырмаларды мұқият тыңдап орындауымыз керек. Сандықтың жандарында цифрмен белгіленген ұяшықтар бар екен. Сол ұяшықтарды рет-ретімен ашамыз. Балаларды кезек-кезек шығару. Ретімен қяшықтарды ашу.

  1. Тапсырма: Дыбыстық жаттығу

Қане қайталаймыз

А-а-а (шапалақ ұрады)

Және жалықпаймыз

А-а-а (шапалақ ұрады)

Мұқият тыңдаңдар (Құлаққа қол апарады)

Сонда алғыр боласың (ақылын көрсету)



Қане қайталаймыз

О-о-о (қолды төбеге домалақ)

Және жалықпаймыз

О-о-о (қолды төбеге)

Мұқият тыңдаңдар (Құлаққа қол апарады)

Сонда алғыр боласың (ақылын көрсету)



Қане қайталаймыз

У-у-у (қолды аспанға көтеру)

Және жалықпаймыз

У-у-у (қолды аспанға көтеру)

Мұқият тыңдаңдар (Құлаққа қол апарады)

Сонда алғыр боласың (ақылын көрсету)



Қане қайталаймыз

И-и-и (қолды алға созу)

Және жалықпаймыз

И-и-и (қолды алға созу)

Мұқият тыңдаңдар (Құлаққа қол апарады)

Сонда алғыр боласың (ақылын көрсету)



Дыбыстық жаттығу «С», «З» , «Р», «Л» дыбыстарына көңіл бөле отырып, келесі жаттығуларды орындау.

Ра-ра-ра – Айжан шашыңды тара
Ла- ла- ла-Араның түсі ала.

Ыр – ыр – ыр,
Бұл көкжал қасқыр.

Іл – іл – іл,
Тұмсығы ұзын піл.

Ыс-ыс-ыс – келіп жетті қыс

Ыз-ыз-ыз –жердің бәрі сыз

  1. Тапсырма Жұмбақ

Бұтадан бұтаға секірген
Кішкентай ғана шапшаң аң.
(Тиін)

Тиін туралы сипаттаймыз.

-Бұл қай аң?

-Түсі қандай?

-Құлағы қандай?

-Құлағында несі бар?

-Құйрығы қандай?

-Тырнақтары қандай қызмет атқарады?

  1. Тапсырма. - Мнемотаблица «Тиін» туралы тақпақ

Мен тиінмін тиінмін Қоймам толы жаңғаққа

Қысқа жылы киіндім Іші жылы үйімнің

Қайталату. Тақтаға мнемотаблица құрастыру.

Тиін нені жақсы көреді – жаңғақ

«Жаңғақ» сөзіне Дыбыстық талдау жасау

Жаңғақ сөзіне дыбыстық талдау жасау.

- - Неше буынға бөлінеді?

- Қанша дауысты,қанша дауыссыз дыбыс бар?

- Жаңғақ сөзінде неше дыбыс бар?

Балалар, бір бала ортаға шығып «жаңғақ» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.


Тәрбиеші: Біз сиқырлы сандығымызды ашу үшін тағы да бір тапсырма орындайық

4. Сергіту сәті: «Гүл» саусақ жаттығуы

Гүл : қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.

Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаң да,

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.












  1. тапсырма«Мақал-мәтел» 

Біздерге мақалдарды толықтыр депті. Қане кім айтады?

Аққуды атпа, .............. /досыңды сатпа/

Асықпаған арбамен, .............. /қоян алар/

Қасқырдың аузы жесе де қан,............. /жемесе де қан/

Аюға намаз , ............... /үйреткен таяқ/

Бөлінгенді , .............. /бөрі жейді /

  1. Балалар біз сиқырлы сандықты ашу үшін кілтті құрастыруымыз керек екен.

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?»

Сандықтың кілтін құрастыру

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біз алтын сандықтың кілтін таптық. Сандықты құрастырған үлкен кілтпен ашып сандықтың ішінен  Буратиноның Алтын кілтін алып шығады. Сол кілтті Буратиноға берейік. Сен ол кілтті енді жоғалтпа. Ғажайып білім әлемі бізге ең бастысы білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік.

Буратино: Балалар, сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Ал мынау сендерге менің сыйлығым. Сөмкесінен тәтті шығарып береді

Балалар: Рахмет.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!