Ортаңғы топ ұйымдастырылған
ашық оқу қызметінің конспектісі.
Білім беру
саласы: «Қатынас»
,«Таным» ,
,«Шығармашылық»
Пән: Сөйлеуді дамыту,Құрастыру.
Жапсыру.
Тақырыбы: Ғажайып
қыс
Мақсаты: . Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін
меңгерту
.Схема
бойынша суреттің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға
дағдылындыру.Тіл мәдениетін
қалыптастыру.
Дамытушылық:Танымдық, шығармашылық
қасиеттерін,тілін,сөздік қорын дамыту.Сабаққа қызығушылығын
арттыру
Тәрбиелілік: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген
сүйіспеншілігін арттыру.Шыдамдылыққа
тәрбиелеу.
Түрі: Ашық
сабақ.
Оқыту: Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу,сурақ-жауап.
Педагогикалық
технологиялар: ойын
технологиясы
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы
Ұйымдастыру
кезеңі: Балалардың бір-біріне жылы
лебіздері.
Амансың
ба нұрлы күн!
Амансың
ба қара жер!
Аман
–есен болайық!
Бейбітшілік қалайық!
Негізгі бөлім
-Балалар
бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай
елестетейік.
-Айнала
қандай?
-Яғни,
мұның барлығы қай кезде болады?
(балалардың жауабы)
Ал біз
болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап,
шаңғы тебеміз.
Қыста
ауа райында қандай өзгерістер
болады?
Жерді
қар басады.Өзенді мұз басады.
Қандай ойындар
ойнайсыңдар?
Қар лақтырып, аққала жасап,
шанамен сырғанақ тебеміз.
Тәжірибе: Қане
барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.Балалар қарды қолмен ұстап
көреді.
Қардың түсі
қандай?
Ақ.
Қар мұздай ма , жылы
ма?
Мұздай.
Тосын
сый
Топқа Аққала кіреді,балалармен
амандасады.
Сәлеметсіңдерме
балалар?
Мен сендерге құр қол келген
жоқпын,мына шарларда жасырылған тапсырмалар бар.сендер сол
тапсырманы орындай аласыңдар ма?
Онда шарды апйларыңа
берейін.
1-тапсырма
Кім
?
Қыс ,Ақала туралы тақпақ айтып
береді.
Далада қар
борайды,
Ақ мамыққа
орайды.
Мұз болады ,
қатады,
Жып жылтыр боп
жатады.
Ауыл сырты бақта
да,
Тұрғызамыз аққала
.
Аққаланы
айнала,
Ойнаймыз біз
шаттана.
2-тапсырма
Жұмбақтарды
шешу.
«Жұмбақ
шеш»
Ол
көңілді сайқымазақ емес
Үш
қабатты бірақ үй емес
Қайырымды бірақ дәрігер емес
(аққала)
Сергіту сәтті :
Тоңса
біздің қолымыз,
Қолғап
киіп аламыз.
Сарт,
сарт, сарт
Шапалақсоғамыз!
Тоңса
біздің аяғымыз,
Етік
киіп аламыз.
Топ-топ-топ
Топылдатып билейміз.
Жарайсыңдар балалар сендер өте
алғыр балалар екенсіңдер .
Балалар менің
үйшігімді,шыршамды және қасымдағы аққаламды бұзық балалар бұзып
кетті сендер маған көмектесесіңдер
ме?
Балалар аққалаға көмектесеміз
бе?
Балалар үш топқа бөлініп
тез-тез жасап берейік.
Жарайсыңдар балалар! Манадан
мен сендерді бақылапотырдым,менің барлық тапсырмаларымды
орындадыңдар. Сендерге көп көпрахмет!өте білімді екенсіңдер!
Сауболыңдар.
Ойын: Қарды алысқа ұшыру
.
Қорытынды. Балалар сендердің барлығың да өте
жақсы жұмыс жасадыңдар.
Сендерге
ұнады ма?
Бізге
қонаққа кім келді?
Рахмет
сендер өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай сыйлығым
бар.
-Қол ұстасып
тұрайық,
Шеңберді біз
құрайық.
Көріскенше күн
жақсы.
Сау саламат
болайық.