400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: «Ғарыш әлемінде»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне тәжірибие алмасу мақсатында керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қармақшы аудандық білім бөлімінің № 273 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы: «Ғарыш әлемінде»

(17.04.2019 ж. 3 «А» сыныбы ашық тәрбие сағаты)






Орындаған: Медетова Г. Т.

















Байқоңыр қаласы,

17.04.2019 ж.


«Бекітемін» Мерзімі:17.04.2019

мектеп директорының тәрбие Уақыты:17-50

ісі жөніндегі орынбасары Өтілетін орны: 103

___________Емешова А.Т. Жауапты: Медетова Г.Т «___»___________2019ж


Тақырыбы: «Ғарыш әлемінде»

Мақсаты:Оқушыларды қазақтың қос ғарышкерімен таныстыру, өмірбаянына шолу жасау, мәлімет беру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімін, әрі ұшқыш, ғарышкер болуына оқушылар қиялын тәрбиелеу, табандылыққа, шыдамдылыққа, тәртіптілікке үйрету.


Көрнекілік: «Юрий Гагарин, Валентина Терешкова, Талғат мұсабаев, Тоқтар Әубәкіров» портреттері. Әрі плакатқа жазылған сөз.


Сабақтың барысы:


І. Кіріспе бөлімі:

Балалар, биыл 12 сәуір адамзат баласының ғарышты игергеніне 58 жыл. Ал қазақ ғарышкерлерінің ғарышқа ұшқанына 28 жыл. Ең алғаш 1957 жылы Лайка деген ит ұшады, , артынша 1960 жылы Ю. Гагарин ұшады. «Восток» деген кемемен жер шарын 1 сағат, 48 минутта айналып шығады. Сөйтіп ғарышқа адамзат алғаш жол ашады.

Енді балалар, сендерге сұрақ қояйын:

  • Ғарыш деген не?

  • Ол аспан әлемі. Ғарыш деп аталады. (Космос)

  • Ғарышкер деп кімді айтамыз?

  • Ол аспан әлемінің құпиясын зерттеу үшін ұшатын адамдар.

  • Балалар, өте жақсы жауап бердіңдер.


Picture 3




Ән: Байқоңыр Алтынай мен Аяжан



Содан бері міне 58 жыл аспан әлемін ғарышкерлер зерттеп ұшып жүр. Соның ішінде қазақтың қос ғарышкері – Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаев та ұшып келді. Біз осы екі ғарышкердің өмірбаянына қысқаша мәлімет береміз.


ІІ. Негізгі бөлім.

Енді кезекті оқушыларға берейік.


Айда: Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 2 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған.Ол әскери авиациялық училищесін және сынаушы ұшқыштар мектебін бітірді.Мәскеу авиация институтын тәмәмдаған. Ол ғарышқа ұшқанда «Батыр» атағына ие болған.1991 жылы 2 қазан күні Байқоңырдан Қазақстан – Австрия экипажы бар «Союз-ЭТМ - 13» ғарыш кемесі ұшырылды. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Республика президенті Н. Ә. Назарбаевқа қазақ тілінде қысқаша рапорт берді.

Талғат Мұсабаев өмірінен мәлімет беру.


Еркебұлан: Талғат Мұсабаев 1957 жылы Алматы облысы, Қоғалы ауылында туған.Ол орта мектепті Алматы қаласында бітірген. Ақтөбедегі Әскери училищені бітірді. Рига қаласынан авиация институтын бітірді. Әуе авиация инженер мамандығын алды.


Аяулым:Ұшу үшін Алматы аэроклубына түсті. Содан соң жоғарғы ғарышкер тобында болды. 1994 жылы 30 маусымда «ТМ - 18» кемесімен Маленченкомен бірге ұшты. Олар ғарышта 12 тәулік болды.1997 жылдың қарашасынан 1998 жылдың тамыз айына шейін Николай Бударин мен Юрий Батурин және Талғат Мұсабаев үшеуі «ТМ - 18» кемесімен 208 тәулік ғарышта болып қайтты.


Нариман: 2001 жылдың 28 сәуірінен 6 мамырға дейін, яғни 8 күнге созылды. Онда Денис Тито мен Юрий Батурин үшеуі бірге ұшты. 1995 жылы «Халық қаһарманы» орденімен марапатталды. 1998 жылы қарашада «Отан» орденімен марапатталды.


Әр топқа тапсырма беру.


І топ – Сурет салу ІІ топ – Сөзжұмбақ шешу «Ғарыш»



ІІІ топ – Кластер құрау ІV топ – Адасқан әріптер



Көркем сөз оқу.

Аяжан: Арман қуып жасынан,

Көктен көзін алмаған.

Ұшқыш болды жас ұлан,

Аспанда еркін самғаған.


Сания: Бабасындай асуға,

Салған құрақ – бұғалақ.

Самолеттер санауға,

Артқан онда құмарлық.


Сұлтан: Сынақшы ұшқыш жұмысы,

Қауіпті де Отан деп.

Ерлікке асып сонда ісі,

Батыр қыран атанды.


Серік: Тағы да ғажап тым,

Тоқтар тартты алысқа.

Туған ұлы қазақтың,

Тұңғыш ұшты ғарышқа.

.


Индира: Биікке құмар жан едік,

Биіктен ғана нұр күткен.

Қуанып көкте бір нүкте,



Нұрбол: Бір нүкте емес, бір жүрек.

Барады ғарыш жолымен,

Қарайды ана елжіреп,

Қалқалап күнді қолымен

Мадина: Қарайды көкке бар әлем,

Қызықтап жолын сұңқардың.

Жақсы еді шіркін не деген,

Қыран боп көкке шырқар күн.


Дияс: Келешек ұшып жүр көкте,

Жарқырап жанды жас ұлан.

Қарайды әлем құдіретке,

Ғажап қолмен жасалған.


Зере: Болашақ маған жақын кел,

Жақсылық сырын түсіндір.

Ғарышқа ұшқан батырмен,

Жүрегім бірге ұшып жүр.


Алина: Бақыт үшін бар адам,

Өнердің таңы атыпты.

Тек ұшу үшін жаралған,

Адамдар қандай бақытты.



Уали: Ұмтылып тың табысқа,

Аспан болып тұрағы.

Байқоңырдан ғарышқа,

Ұшты қазақ ұланы.


Қайсар: Әлемді жалт қаратқан,

Оны абырой санаңыз.

Қазақтан ұшқан ғарышкер,

Талғат деген ағамыз.




3. «Кім тапқыр?» ойыны.


Жұмбақ шешу.

1. Күмбез сынды кең сарай,

Еш жерде жоқ тең сарай. (Аспан)


2. Әлемнің екі күзетшісі:

Бірі – күндіз тынығады,

Бірі – түнде тынығады. (Күн мен ай)


3. Күндіз білінбейді,

Түнде күлімдейді. (Жұлдыз)

4. Басы озып құсты,

Қанат қақпай ұшты. (Ұшақ)




5. Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Күткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)


«Мен ғарышкер боламын» би


Picture 9



Қорытындылау.

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін пысықтау.

-Балалар бүгінгі күн қалай аталады?

-Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?

-Біздер қандай ғаламда тұрамыз?

-Ғарышқа сынақ ретінде бірінші болып қай жануар ұшты?

-Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?

-Қазақ елінен кім ғарышкерлер ғарышқа ұшты?

-Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?

-Неге арнайы киім киеді?

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.



Балалар, біз адамзат баласының ғарышты игергеніне 58 жыл толуына байланысты «Ғарыш әлемінде» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.







17.04.2019 күні 3 «А» сыныбында өткізілген «Ғарыш әлемінде»

атты ашық тәрбие сағатына

Анықтама


Мақсаты:Оқушыларды қазақтың қос ғарышкерімен таныстыру, өмірбаянына шолу жасау, мәлімет беру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімін, әрі ұшқыш, ғарышкер болуына оқушылар қиялын тәрбиелеу, табандылыққа, шыдамдылыққа, тәртіптілікке үйрету.


Қорытынды тұжырым: 3 «А» сыныбында «Ғарыш әлемінде» атты тәрбие сағаты өткізілді. тәрбие сағатына 26 оқушы, 6 мұғалім қатысты. Оқушылар ғарышкерлер туралы мәлімет алды. Оқушылар топпен жұмыс жасады. Сурет салды, сөзжұмбақ шешті, Байқоңыр туралы ән орындап, би биледі. Қазақтың қос ғарышкерлеріне арналған көркемсөз оқыды, «Кім тапқыр» ойыны ойналды. Тәрбие сағаты тартымды өтті.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
680
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі