400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Гидросфера» (қорытынды сабақ) 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Гидросфера» (қорытынды сабақ) 6 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Гидросфера» (қорытынды сабақ)

Мақсаты:

Білімділік: «Гидросфера» тарауын қайталу, оқушылардың білімін тереңдету.

Дамыту: Гидросфера тақырыбында өтілген білімді жүйелеп қорытындылауға арналған бұл сайыс сабақта оқушылардың ойлау белсенділігіне, өз бетінше ізденуіне көп көңіл бөлу.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру, жас ұрпақты табиғатты қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: сайыс сабағы (қайталау).

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Ойын элементтері

3. Картамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап (блиц турнир).

2. Тест

Қорытындылау.

ІІІ. Сайыс сабағы.

1. 1 - кезең «Ғұламалар сайысы».

2. 2 - кезең «Бейнесіне қарап тап» ойыны.

3. 3 - кезең «Сұрақтар»

4. 4 - кезең «Мен - өзен»ойыны

5. 5 - кезең «Алтын кілт»ойыны

6. 6 - кезең «Кезбе жұлдыз»ойыны
Қорытындылау.

IV. Қорытындылау, бағалау.

V. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап. (блиц турнир)

1. Гидросфера дегеніміз не?

2. Гидросфераға не жатады?

3. Кіші су айналымы дегеніміз не?

4. Дүниежүзілік су айналымы?

5. Дүниежүзілік мұхит, д.ж. мұхитқа қандай мұхиттар кіреді?


Тест

1. Жердің су қабығы:

А. Атмосфера

В. Литосфера

С. Гидросфера

Д. Биосфера

Е. Ноосфера

2. Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма:

А. Мариан

В. Туамоту

С. Гавайские

Д. Зонл

Е. Мадагаскар

3. Еуразия жағалауындағы шеткі теңізді ата:

1. Баренц

В.Жерорта

С. Қара теңіз

Д. Еуразия

Е.Арабия түбегі

4. Төменде берілген нысандардың ішінен бұғазды белгіле:

А. Беринг

В.Бискай

С. Дрейк

Д. Мексика

Е. Магеллан

5. Жер шарындағы ең үлкен және ең терең мұхит:

А. Тынық

В. Атлант

С. Үнді

Д. Солтүстік мұзды мұхит

Е. Оңтүстік мұзды мұхит

6. Ең ірі маржанды арал:

А. Үлкен тосқауыл арал

В. Сахалин

С. Зонд

Д. Гренландия

Е. Мадагаскар

7. Көлемі жағынан ең үлкен арал:

А. Исландия

В. Гренландия

С. Жаңа жер

Д. Мадагаскар

Е.Жаңа Зеландия

8. Өте күшті жер сілкінуден пайда болатын толқын:

А. Цунами

В. Толқын

С. Дауыл

Д. Тайфун

Е. Циклон

Қорытындылау.

ІІІ.Сайыс сабағы.

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.(түрлі- түсті қағаздар таңдалады)
1 – топ -«Амазонка» (жасыл қағаз)
2 - топ -«Ориноко» (сары қағаз)

3- топ – «Конго» (ақ қағаз)

1-кезең - Ғұламалар сайысы(әр сұраққа жауап берсе, 1 ұпайдан беріледі)
«Амазонка» тобына берілетін сұрақтар:
1. Арал деген не? Картадан бірнеше аралдарды көрсетіңіздер.

2. Ең үлкен мұхитты атаңыздар және картадан көрсетіңіздер.
3. Бұғаз деген не? Бірнеше бұғазды картадан көрсетіңіздер.
«Ориноко» тобына берілетін сұрақтар:
1. Түбек деген не? Картадан көрсетіңіздер.
2. Теңіз деген не? Картадан көрсетіңіздер.
3. Барлық мұхиттарды картадан көрсетіңіздер.

«Конго» тобына берілетін сұрақтар:

1.Өзең дегеніміз не? Картадан көрсетіңіздер.

2.Шығанақ дегеніміз не? Картадан көрсетіңіздер.

3.Ең жылы мұхит?

2-кезең - «Бейнесіне қарап тап»ойыны (әр сұраққа жауап берсе, 1 ұпайдан беріледі)
Суретте бейнеленген теңіз, көл, өзендерді табу керек.
3-кезең – « Сұрақтар» (әр сұраққа жауап берсе, 1 ұпайдан беріледі)

«Амазонка» тобына берілген сұрақтар.
1. Ең үлкен көлді атаңыз.
2. Ең ірі арал.
3. Ең ұзын өзен.
«Ориноко» тобына берілетін сұрақтар.
1. Дүние жүзіндегі ең терең көлді атаңыз.
2. Ең биік көлді атаңыз.
3. Қай теңізде малтау білмейтін адам да батпайды?

«Конго» тобына берілетін сұрақтар.

1. Ең ірі теңіз сүтқоректі?

2.Ең үлкен арал?

3.Ең кең және терең бұғаз?

4 - кезең – «Мен - өзен»ойыны (әр сұраққа жауап берсе, 1 ұпайдан беріледі)
1. «Мен – Сырдария өзенімін, қайда барып құямын?» Оқушылар Аралға барып құятынын айтты.
2. «Мен – Ертіс өзенімін, қайда барып құямын?» Оқушылар Ертіс өзені Обь өзеніне барып құятынын айтты, ал екі ауылдан екі оқушы шығып өзендерді картадан көрсетті.

3. «Мен – Ніл өзенімін, қайда барып құямын?» Оқушылар Ніл өзені Жерорта теңізге барып құятынын айтты.
5 - кезең – «Алтын кілт»ойыны (әр сұраққа жауап берсе, 1 ұпайдан беріледі)
Дорбаға салынған нөмірленген кілттердегі сұрақтар:
1. Гидросфера деген не?
2. Жылы ағыстарды көрсетіңіз?
3. Өзеннің бастауы деген не?
4. Жан - жағын мұхит, теңіз қоршаған үлкен құрлықты не деп атайды?
5. Суық ағыстарды көрсетіңіз?
6. Цунами деген не?

7.Ең ұзын бұғаз?

8. Дүние жүзіндегі ең ірі сарқырамалар жүйесі?

6 - кезең – «Кезбе жұлдыз» ойыны (әр сұраққа жауап берсе, 1 ұпайдан беріледі)
1. Гренландия аралы

2. Ніл өзеңі

3. Амазонка өзеңі

4. Байкал көлі

5. Арал көлі

6. Ұлы көлдер

7. Виктория көлі

8. Мексика шығанағы

9. Ориноко өзені

V. Қорытындылау, бағалау.

Критерий бойынша топтарының бағалауы.


№

Критерийлер

1.

Сабаққа қатысуы

2.

Өз пікірін айтуы

3.

Сұрақтарға жауап бере алуы

4.

Кескін картамен жұмысы

5.

Белсенділігі

6.

Сабақты меңгерту


VІ. Үйге тапсырма беру.

Гидросфера, сөзжұмбақ, рефераттар 1.«Конго өзені», 2. «Амазонка өзені», 3. Ориноко өзені.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі