жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы: Интернетсіз бір күн
Тақырыбы: «Интернетсіз бір күн»
Мақсаты:Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Білімгерлердің алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау; білімгерлер өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу,білімгерлерге интернет туралы толық ой қалыптастыру,білімгерлерді тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Түрі: дебат
Әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, ойын, нақты дәлелдер келтіру/
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа құралдары, интербелсінді тақта.
Барысы:
Мейірімді
жүрекпен,
Ақпейілді
тілекпен,
Амандасып
алайық,
Бір
жадырап қалайық!
Дүниедегі
құбылыстың мәнін де,
Интернеттің,
жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес
информатикасыз түсіну,
Компьютер
дүние кілті бүгін де,-демекеші, заман
талабына сай әрбір адам компьютер мен
интернеттің қыр сырын білгенге не
жетсін.
Бүгінгі “Интернеттің пайдасы мен зияны” атты /пікір талас–дебат/ ойынында “Google” тобы жақтаушы және “YАNDEX” даттаушы топтары қатысып отыр.
І. Командалардың атын таныстыру
“Google” тобы жақтаушы –тобы.
“YАNDEX” даттаушы –тобы.
ІІ. Интернет туралы қысқаша шолу
І.
Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам
мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние
жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы
интернетке кіреді. Яғни интернеттің
маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін
елестету өте қиын. Күн өткен сайын
адамдар интернетке тәуелді болып барады.
Адамзат баласы кем дегенде күніне 1
сағатын Интернетте өткізетіні
белгілі.
Өзара байланыстырылған
миллиондаған компьютерден құралған
біртұтас ақпараттық кеңістікті
Интернет деп атайды. Интернет – ағылшынша
Internet – желі аралық байланыс дегенді
білдіреді. Ол бүкіл жер шары бойынша
ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз
ететін желілер жиынтығы.
Интернеттің
қызметтері:
1. Интернет
поштасы.
2. Телеконференциялар.
3. Web (WWW ) қызметі.
Интернет
бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік
желілерді бір–бірімен байланыстыратын
орасан зор компьютерлік желі. Интернет
ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса
да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске
салатындай жедел қарқынмен кең қанат
жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде
Төстік жыл санап емес, ай санап, күн
санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол
Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып
отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық
желі – Интернет деп санар едім.Оның өзі
шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер
Одағы жасанды жер серігін ғарышқа
ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі
«егер соғыс бола қалған жағдайда
Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі
керек болады» деп есептеген. Ондай
жүйені АҚШ – тың Орталық барлау
басқармасының қызметкерлері ойлап
тапқан .ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы
29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін
телефон арқылы байланыстырады.
Содан
соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала
ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы
бұл атау «Интернет» деген ұғыммен
алмастырылды». Бұл күнде Интернетті
тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем
бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл –
жер шарын мекендейтін халықтың төрттен
бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне
жаратуда деген сөз.
1970 жылдары Internet (желілер желісі) – желілерді біріктіру термині пайда болды.Негізінде Интернеттің нағыз Интернетке айналуы 1982 ж. Желілердің физикалық негізі болып табылатын TCP/IP протоколы (хаттамасы) бекітілген соң ғана жүзеге асырылды.2001 ж. деректерге сүйенсек, желілер географиясы дүниедегі 230 елді қамтиды екен.1993 - 1996 жылдар аралы-ғында жыл сайын Интернет-ке қосылушылар саны 3 есе өсіп отырды. 1997 ж. бастап бұл көрсеткіш жыл сайын – 1,5 есеге өсіп келеді.
ІІІ.
"Компьютердің пайдасы мен зияны"
(пікір - талас) ойыны
ІV. Сұрақ жауап кезеңі. Екі топ өзара сұрақ алмасады.
І. «Google» тобының сұрақтары
1.
Интернет дегеніміз не?
Жауабы: Интернет
– компьютерлік желілерді біріктіретін
ауқымды желі.
2.
Алғаш рет Интернет пайда болған
жыл?
Жауабы: 1958 жыл АҚШ-та
3.
Байланыс арналарын ата.
Жауабы: кабельдік,
талшықты-оптикалық, спутниктік
радиобайланыс
4.
Провайдер дегеніміз не?
Жауабы: Провайдер
– қарапайым қолданушылардың Интернетке
шығуын қамтамасыз ететін фирма
5.
Хаб дегеніміз не?
Жауабы: Хаб –
бірнеше Интернет желісінің басын
біріктіруші құрылғы.
ІІ «Yandex» тобының сұрақтары
1.
Слиптер дегеніміз не?
Жауабы: Жиіліктерді
бөлуші (сплиттер)
2.
Модем айырмашылықтарын ата.
Жауабы: Модем
- ADSL модем жылдамдығымен ерекшеленеді,
dial-up телефон байланысмен
3.
WWW және TCP/IP – бұл жазба нені
білдіреді?
Жауабы: WWW (World Wide Web) –
гипермәтіндік құжаттар. TCP/IP протоколы
(1974)
4.
Электронды пошта дегеніміз
не?
Жауабы: Электронды пошта -
абоненттер мәлімет алмасуға арналған
байланыс құралы.
5.
Сайт дегеніміз не?
Жауабы: Сайт -
компьютерлік желіде құжаттарды
біріктірген адрес.
V.
Интернетсіз күндерім не болмақ?.!.......
VІ.
Интернет туралы бір ой
І.
Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам
мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние
жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы
интернетке кіреді. Яғни интернеттің
маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін
елестету өте қиын. Күн өткен сайын
адамдар интернетке тәуелді болып барады.
Адамзат баласы кем дегенде күніне 1
сағатын Интернетте өткізетіні
белгілі.
Өзара байланыстырылған
миллиондаған компьютерден құралған
біртұтас ақпараттық кеңістікті
Интернет деп атайды. Интернет – ағылшынша
Internet – желі аралық байланыс дегенді
білдіреді. Ол бүкіл жер шары бойынша
ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз
ететін желілер жиынтығы.
Интернеттің
қызметтері:
1. Интернет
поштасы.
2. Телеконференциялар.
3. Web (WWW ) қызметі.
Интернет
бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік
желілерді бір–бірімен байланыстыратын
орасан зор компьютерлік желі. Интернет
ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса
да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске
салатындай жедел қарқынмен кең қанат
жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде
Төстік жыл санап емес, ай санап, күн
санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол
Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып
отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық
желі – Интернет деп санар едім.Оның өзі
шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер
Одағы жасанды жер серігін ғарышқа
ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі
«егер соғыс бола қалған жағдайда
Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі
керек болады» деп есептеген. Ондай
жүйені АҚШ – тың Орталық барлау
басқармасының қызметкерлері ойлап
тапқан .ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы
29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін
телефон арқылы байланыстырады.
Содан
соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала
ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы
бұл атау «Интернет» деген ұғыммен
алмастырылды». Бұл күнде Интернетті
тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем
бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл –
жер шарын мекендейтін халықтың төрттен
бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне
жаратуда деген сөз.
1970 жылдары Internet (желілер желісі) – желілерді біріктіру термині пайда болды.Негізінде Интернеттің нағыз Интернетке айналуы 1982 ж. Желілердің физикалық негізі болып табылатын TCP/IP протоколы (хаттамасы) бекітілген соң ғана жүзеге асырылды.2001 ж. деректерге сүйенсек, желілер географиясы дүниедегі 230 елді қамтиды екен.1993 - 1996 жылдар аралы-ғында жыл сайын Интернет-ке қосылушылар саны 3 есе өсіп отырды. 1997 ж. бастап бұл көрсеткіш жыл сайын – 1,5 есеге өсіп келеді.
VІІ. « Мақал –сөз мәйегі» Бұл бөлімде топтар бір-біріне информатикаға байланысты аударылған мақалдар айтады, екінші топ сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек.
І. «Google» тобы
1.
Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті
досына қарап, бағала)
2.
Байт биттен құралады (Теңге
тиыннан құралады)
3.
Вирустан қорыққан, Интернетке
шықпас (Шегірткеден
қорыққан, егін екпес)
4.
Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың
сыры, иесіне мәлім)
5.
Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай
жасаса (Қазаншының
өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
ІІ. «Yandex» тобы
1.
Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең
білгеннен сұра)
2.
Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы
одан да жақсы (Бір
ақылдан, екі ақыл артық)
3.
Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды (Досы
күштіні – жау алмайды)
4.
Күлсең ескірген компьютерлерге
күл (Күлсең
кәріге күл)
5. Компьютерде
бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны
бес ешкі)
VІІІ. Қорытынды сөз
Интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.
Асыл тастан, өнер жастан – демекші,–қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді ұрпақ интернеттен мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосады деп сенемін! Сондықтан интернет кімге де бол са өте қажет, оның пайдасы өте зор, әрі қауіпсіз!
Интернеттен
көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды
табуға болады
1. Алысты жақындату
2.
Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді
арттыру.
3. Сана-сезімді жоғарылату.
4.
Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу
бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5.
Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6.
Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде
бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан
жаңалықтардан сол сәтте хабардар
болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен
көмек көрсету.
9. Интернет арқылы
мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото,
аудио, видео материалдарды қабылдап
алуға не керісінше жіберуге болады;
10.
Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын
бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып
отыруға;
-
Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар,
анықтамалар алуға;
- Қашықтықтан
оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
-
Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып
алуға не сатуға;
- Қаржылық операциялар
жасауға;
- «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype»
“Электрондық почта ”т.б. арқылы
реалды уақытта тіл қатысуға да,
бейнебайланыс орнатуға да болады.
Психологиялық тренинг“Тілек шоғы”
Шарты: Әр қатысушы білімгерлер біріне-бірі өз тілегін білдіреді. Тілек соңында мұғалімге жақын шеңбер бойымен тұрады.
Бүгінгі сабақты «Жүсіп Баласағұнның» сөзімен аяқтағым келеді:
«Түйсік болып, қансаң білім нәріне, Жетер қолың ой-тілектің бәріне»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген