жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы: "ІСКЕРЛІК ХАТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ"
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі
Тараз қаласы
Пәні: Мемлекеттік тілде іс жүргізу
Оқытушы: Оралбаева А.С.
«ЕСЕП және АУДИТ» мамандығы
Тобы: 1УиА-19-1
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Іскерлік хаттардың түрлері.
Сабақтың түрі: машықтандыру сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: білімгерлерге іскерлік хаттардың түрлері жөнінде толық мәлімет беру.
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: мемлекетттік тілді құрметтей отырып, білімгерлерді құжатты дұрыс толтыруға, пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайд, құжат үлгілері.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, информатика.
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
1. А.Алдашева . «Ресми іс қағаздары». Алматы, 2001.
2. Скала «Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу»
3. ҚР СТ 1042-2001 «Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар».
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
1) Білімгерлермен сәлемдесу
2) Түгелдеу, дәрісхананың сабаққа әзірлігін тексеру
3) Назарларын сабаққа аудару
ІІ.Өткен тақырыпты қайталау 12мин
Тест тапсырмалары арқылы тақырыпты қорытындылау.
1. Іскерлік хат дегініміз не?
2. Іскерлік хат қандай бланкте ресімделеді?
3. Іскерлік хаттың деректемелерін ата.
4. Хат мәтіні қандай бөлімдерден тұрады?
5. Типографиялық жолмен басылатын деректемелерді ажырат.
6. Ұйым туралы анықтамалық деректер деректемесіне енетін мәліметтер.
ІІІ. Жаңа сабақты баяндау 14 мин
1. Іскерлік хаттардың түрлері
2. Іскерлік хаттарда қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері
3. Тапсырманы орындау. 40 мин
IV. Жаңа сабақты бекіту 15мин
Сұрақ-жауап, «Кубизм» әдісі.
1. Іскерлік хаттар неше топқа бөлінеді?
2. Хаттың қандай түрлері бар?
3. Хаттың қай түрінде жауапты талап етеді?
4. Іс-шараға шақыратын қандай хат?
5. Хат мәтінін құрастыруға қандай талап қойылады?
6. Хат басқа құжаттардан қандай стильдік ерекшеліктерімен айрықшаланады?
Іскерлік хаттардың түрлеріне байланысты тест тапсырмалары
Топтастыру әдісі: «Іскерлік хаттар»
V. Қорытындылау, бағалау 5мин
VI. Үй тапсырмасы 2мин
Растау хатын ресімдеңіз.
«Жамбыл политехникалық колледж директорының атына, 2010 жылы аяқтаған білімгерлердің колледжде оқығандығын растау хатын ресімдеу»
Жаңа сабақты баяндау
Іскерлік хаттардың түрлері
I. Іскерлік хаттар бастама және жауап хаттар болып екі топқа бөлінеді. Хаттың мазмұнына сәйкес мынадай түрлері болады:
1. Ілеспе хат (сопроводительное письмо) – хатқа қосымша жіберілетіні туралы хат алушыға (адресатқа) хабарланады. Хат бір нәрсені түсіндіру немесе хатты толықтыру қажет болғанда: орындалу мерзімін көрсету, кешіктірудің себебін түсіндіру қажет болғанда жазылады.
2. Шақыру хаты (письмо-приглашение) – хат алушыны (адресатты) өткізілетін іс-шараға шақырады.
3. Хабарлама хат (письмо-извещение) – нақты хат алушыға (адресатқа) жазылады, көбіне сұрау салуға жауап ретінде болады.
4. Ақпараттық хат (информационное письмо) – бір факті немесе іс-шара туралы хат алушыға (адресатқа) хабарлайды.
5. Растау хаты (письмо-подтверждение) – жіберілген хат немесе жеделхаттың (бандероль, тауар) алынғаны туралы хабарлайды.
6. Ескерту хаты (письмо-напоминание) – белгілі бір міндеттеменің немесе іс-шараның орындалу мерзімінің жақындағанын немесе аяқталғанын хабарлайды.
7. Кепілдеме хат (гарантийное письмо) – хаттағы міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етеді (төлемақының төленуіне кепілдік береді).
8. Бастама хат (инициативное письмо) – кейбір мәселелерді шешуде хат алушыдан (адресаттан) жауап талап етеді, өтініш, ұсыныс айтылады.
9. Жауап хат (письмо-ответ) – мазмұны бойынша бастама хатқа тәуелді сипатта, бастама хаттағы мәселенің шешілу сипатын баяндайды; ұсынысты қабылдау немесе қабылдамау, өтінішті орындау айтылады.
10. Жарнама хат (рекламное письмо) – нақты хат алушыға (адресатқа) жіберіледі, жарнама жасалатын қызметтер мен тауарлар жөнінде егжей-тегжейлі жазылады.
11. Жолдау хат-белгілі бір ұйым басшысының екінші бір ұйым басшысына немесе жеке қызметкерге белгілі бір тапсырманы орындату мақсатында жолданады.
12. Ұсыныс хат-белгілі бір ұйым басшысының жоғары тұрған басшылыққа қызметкердің жалақысын өсіру, дәрежесін көтеру т.б. туралы немесе еңбек нәтижесінің тиімділігін арттыру мақсатындағы жеке қызметкердің ұсынысы жазылады.
ЖОЛДАУ ХАТ
Жолдау хат-белгілі бір ұйым басшысының екінші бір ұйым басшысына немесе жеке қызметкерге белгілі бір тапсырманы орындату мақсатында жолданатын хаттың түрі
Үлгі Өтінішті қарап, шара қолдану туралы
Тараз қаласы, Шу ауданы әкімінің аппараты
2019 жылғы «19» қазан № 01 Мемлекеттік органның басшысы Қ.Ж.Бакировқа
ЖОЛДАУ ХАТ
Тараз қаласы, Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты өтінішті қарап, шара қолдану үшін, Сізге азамат (ша) А.Н. Асанбаевтың өтінішін жолдап отыр. Өтінішті қарау нәтижелері туралы өтініш иесіне және аудан әкімінің аппаратына 2019 жылғы 25 қазанға дейін жазбаша түрде хабарлауыңызды сұраймыз.
Ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы _____________ ________________ (қолы) (аты-жөні)
|
ҰСЫНЫС ХАТ
Ұсыныс хат-белгілі бір ұйым басшысының жоғары тұрған басшылыққа қызметкердің жалақысын өсіру, дәрежесін көтеру т.б. туралы немесе еңбек нәтижесінің тиімділігін арттыру мақсатындағы жеке қызметкердің ұсынысы жазылған хат түрі
Штат бірлігін көбейту туралы
Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы Қ.Ж. Бакиров мырзаға
ҰСЫНЫС ХАТ
Экономика және бюджетті жоспарлау департаментіне берілген 2010 жылға арналған штаттық кесте жобасында мәдениет, тілдерді дамыту, білім және спорт бөлімінің бөлінуі қаралмаған. Мұның себебі 2019 жылға арналған штаттық бірлік өсімінің қаралмағандағы болып отыр. Білім және спорт бөлімін қосымша құру жөнінде мәдениет, тілдерді дамыту, білім және спорт бөлімін бөлудің есебінен үш қосымша бірлік қажет. Берілген штат саны есебінен бөлім құру әрбір қызметкердің жұмыс көлемі лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленгендіктен және штаттық бірлікті қысқарту қызметкерлерге қосымша жүктеме түсіретіндіктен мүмкін болмай отыр. Қазіргі уақытта аппарат бойынша маман тапшылығын ескерсек, жоғарыда аталған жайттар жағдайды күрделендіруі мүмкін. Осыған байланысты Сізден штат кестесін үш бірлікке көбейту туралы мәселені шешуді өтінеміз.
Аудан әкімі _____________ ________________ (қолы) (аты-жөні)
|
ЕСКЕРТПЕ ХАТ
Ескертпе хат - мәтінде қандай да бір іс-әрекеттің, шараның, оқиғаның жақындағаны, тездетілуі немесе мерзімінің өткендігі туралы хабарланады.
Мұндай хат мекен-жайға жеке байланыс немесе телефонмен сөйлесу арқылы жауап алмаған жағдайда жолданады
-
Тапсырманың орындалмағандығы туралы
Мойынқұм ауданы әкімі
Қ.Ж.Бакиров мырзаға
ЕСКЕРТПЕ ХАТ
2019 жылдың басынан орындаушылық тәртіпті саралау көрсеткеніндей, осы жылдың үш айы ішінде Тараз қаласы әкімі аппаратынан бөлімшеңізге азаматтардың өтініші бойынша 3 тапсырма орындалуға жіберілген болатын Хаттардың жалпы санының 3 мерзімі сақталмай орындалған, оның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.С.Калекеевтің хаты да бар, 3 тапсырма орындалмаған, Бұл жалпы тапсырма санының 80%-ын құрайды. Қазірге дейін қала әкімі А.С. Саурықов халықпен кездесуінің қорытындысы бойынша жүйелік кесте жасалмаған.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, қала басшылығының тапсырмаларының орындалуын қатаң бақылап, уақытылы орындалуын қамтамасыз етуіңізді және міндетті түрде, басшылықтың бұрыштамасына қарамастан, өтініш иелерін олардың өтініштерінің қаралуының нәтижелері туралы құлақтандырып отыруыңызды сұраймын.
Қабылданған шаралар туралы осы жылдың 2019 жылдың 25 қыркүйегіне дейін баяндауыңызды сұраймын.
Тараз қаласы әкімдігі _____________ ________________
аппаратының басшысы (қолы) (аты-жөні)
ХАБАРЛАМА ХАТ
Хабарлама хат - өзінің стилі бойынша шақыру хаттарына және ақпараттық хаттарға ұқсас болып келеді. Нақты адресат үшін жазылады және сұратуға жауап болып табылады. Хаттың мәтінінде қандай да деректер немесе шаралар туралы хабарланады. Хат арқылы көбіне ұйымның қызметі немесе әртүрлі жаңалықтар насихатталады, нақты мекен-жайға арналып, сұрау салуға жауап болып табылады.
-
Ақпарат беру туралы
Жамбыл политехникалық
колледжінің директоры
Б.Ш. Егембердиеваға
ХАБАРЛАМА ХАТ
Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы № 01 «Қаратау қаласының жергілікті атқарушы органдарында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы» Қаулысын орындау, сондай-ақ жоғарыда аталған Қаулыны іске асыру жұмыстарын сараптау мақсатында қосымша беріліп отырған нысан бойынша әр айдың 5-іне ақпарат беріп отыруларыңызды сұраймыз.
Тараз қаласының әкімі _____________ ________________
(қолы) (аты-жөні)
ІЛЕСПЕ ХАТ
Ілеспе хат - мекен-жайға қосымша құжаттар немесе материалды құндылықтар қоса жіберілгендігі туралы ақпарат береді.
Ілеспе хатта жіберілген қосымша құжаттағы жағдайлардың орындалуы немесе мақсаты туралы түсініктеме қажет болған жағдайда жазылады.
-
Есеп беру туралы
Аудан әкімдеріне
Қалалық құрылымдық
бөлімшелердің басшыларына
ІЛЕСПЕ ХАТ
Құжаттармен жұмыс жасауды реттеу және орындаушылық тәртіп бойынша сапалы саралау жүргізу мақсатында есеп берілетін кезеңнен кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей бекітілген үлгілерде құжат айналымы бойынша тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есеп берулеріңіз қажет.
Қала әкімі аппаратына жолданатын құжаттар бірінші басшы қол қойған, қойылған қолдан кейін төменгі сол жақ бұрышта немесе бірінші парақтың сырт жағында орындаушының тегі және телефон нөмірі көрсетілген, бекітілген үлгідегі бланкіде ғана қабылданады.
Аталған талаптарға жауап бермейтін хат-хабарлар түзету үшін қайта қайтарылады.
Қала әкімі аппарытының басшысы _____________ ________________
(қолы) (аты-жөні)
ТАЛАП ЕТУ ХАТЫ
Талап ету хаты- сатып алушы кәсіпорын міндетіне жауапкершіліксіз қарайтын жеткізуші ұйымға жолдайды. Мәтінде хат иесінің талаптары мен шағымдары көрсетіледі, бұл талаптар негізделеді, қажет болған жағдайда, хат иесі өзіне аударуды сұрайтын соманың егжей-тегжейлі есебін көрсетеді. Хатқа ұйымның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
-
Кеңсе жиһазының жеткізілмегендігі туралы
Тараз қаласы,
Абай көшесі, № 16 үй
15.01.2019 № 01
2019 жылғы «25» желтоқсан.
2019 жылғы «12» желтоқсан айында жасалған шарт бойынша, Сіз 2019 жылдың ІІ тоқсанында жалпы құны 15000 теңге (он бес мың) кеңсе жиһазын жеткізуге тиіс болатынсыз.
Сонымен, 15000 теңге сомаға өнім жеткізілмеді.
Шарттың 2-тармағына сәйкес, өнімнің жеткізілмегені үшін жеткізілмеген өнімнің 2 % сомасы, яғни 2000 теңге көлемінде айып төленеді.
Көрсетілген соманы біздің есеп айырысу шотымызға аударуыңызды сұраймыз. Олай болмаған жағдайда, біз Бас прокуратураға шағымданатын боламыз.
Тараз қаласы әкімінің орынбасары _____________ ________________
(қолы) (аты-жөні)
ІІ. Іскерлік хаттардың көп тараған түрлері, сөздер мен сөз тіркестері
Хат түрлерінің атауы |
Арналуы |
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері |
Мәтін ерекшеліктері |
1 |
2 |
3 |
4 |
Ілеспе хат
|
Мекен-жайы туралы деректемесі жазылмаған құжатты жіберу үшін
|
- Сізге...ұсынамыз; - Сізге... жібереміз; Сізге... жөнелтеміз; Алдынала жасалған келісім бойынша Сізге ... жөнелтеміз; Өзара келісіміміздің растамасы ретінде Сізге... жөнелтіп отырмыз. |
Бұл ретте алдымен құжаттардың қайда, кімге бағытталғаны туралы айтылып, содан кейін өтініштер және түсіндірмелер баяндалады. |
Өтініш хат |
Ұйым – авторға қажетті ақпарат, тауар алу, қызмет көрсету түрлерін пайдалану мақсатында қолданылады. |
- Сізден... өткізуді сұраймыз; - Сізден... жіберуді сұраймыз; - Сізден... хабарлауды өтінеміз; - ... мәселесінің дұрыс шешілетіндігіне сенеміз; Сізге... үшін ризашылығымызды білдіреміз; Сіз біздің өтінішімізге байланысты мәселені мүмкіндігіне қарай дұрыс шешеді деп үміттенеміз...; Хатта бірнеше өтініш мазмұндалған жағдайда: Сондай-ақ Сізден... қарауды сұраймыз; |
Хаттың негіздемесі беріліп, мұнан соң өтініштің өзі мазмұндалады.
|
Сұрау салу хаттары |
Қандай – да бір ресми мәліметтер мен құжаттарды алу мақсатында пайдаланылады |
Сізден... жіберуді сұраймыз; -Сізден... ұсынуды сұраймыз; - Сізден... хабарлауды сұраймыз; -Сізден ... сәйкес тапсыруды сұраймыз. |
Мәліметтер мен материалдардың қажеттілігі негізделеді және сұранымның өзі мазмұндалады. Негіздемеде заңнамалық және басқа да нормативтік актілерге, ұйымдық-құқықтық құжаттарға сілтемелер болуы мүмкін, өйткені ұйымдар функционалдық қызметіне сәйкес келмейтін мәліметтерді сұратуға құқы жоқ. |
Жауап хат |
Өтініш хатқа немесе сұрау салу хатына жауап ретінде әзірленеді. |
- Сізге ... хабарлаймыз; - Сізге... жіберіп отырмыз; Теріске шығарылатын жауап болған жағдайда; Сізге... байланысты... хабарлаймыз |
Оң немесе теріс жауап болуы мүмкін. Бірақ тіл қолданысына байланысты өтініш хат иесі жіберген қателіктердің жауап хатта қайталануына жол берілмеуі керек. |
Хабарлама хат |
Ұйым-адресатты ортақ мүдделерге сәйкес қандай да бір фактілер, оқиғалар жайында хабардар ету мақсатында пайдаланылады. |
-Сізге... екенін хабарлаймыз; - Сізге... хабардар етеміз; - Сізге... жайында хабарлап қою қажет деп санаймыз. |
Хат мәтінінің көлемі әдетте бір-екі сөйлемнен аспайтын шағын болып келеді. Негіздемеден немесе тікелей хабарланатын ақпаратты баяндаудан басталуы мүмкін. |
Растау хат |
Мәліметтердің, құжаттардың немесе басқа да материалдардың алынғандығын растау үшін, сондай-ақ келісімге, белгіленген межеге қол жеткізу үшін пайдаланылады. |
-... алғанымызды алғыс білдіре отырып растаймыз... -... келіскендігімізді растаймыз... - ... алдынала келіскендігімізді растаймыз. |
Егер алдынала келісім расталса, онда оның мәнін қысқаша баяндау керек. Егер құжаттардың алынғандығы расталса, оларды міндетті түрде атау қажет. Растау хат өтінішпен, тілекпен, ұсыныспен аяқталуы мүмкін. |
Ақпараттық хат |
Ұйым-адресатқа ресми сипаттағы мәліметтерді хабарлау үшін пайдаланылады. Көбінесе типтік сипатта болады және билік органдарына, әр түрлі деңгейдегі басқармаларға, ведомствоға қарасты ұйымдарға немесе белгілі бір үлгідегі ұйымдарға жіберіледі. |
Сізге... хабарлаймыз; -Сіздің назарыңызды... аударамыз; -Сізден, бұл ақпаратты ведомствоңызға қарасты ұйымдарға жеткізуді сұраймыз... |
Заңнамалық және басқа да нормативтік- құқықтық құжаттардың жекелеген ережелері сөзбе-сөз келтірілуі, кепілдемелер мен ұсыныстардың болуы мүмкін. Ақпараттық хаттардың көлемі бір азат жолдан бастап бірнеше бетке дейін жетуі мүмкін. |
Хаттың мәтіні анық, нақты, қысқа болуы
тиіс,бейтарап екпінде, тілектестік
сарында, сыпайы түде жазылуы керек
Хат мәтіні компьютерлік қондырғыда
бір жол аралық интервалмен жазылады.
Мекемелердегі кіріс-шығыс құжаттарының
80 пайызы осы қызмет бабындағы хаттардан
тұрады.
Іскерлік хаттардың түрлеріне байланысты тест тапсырмалары
І нұсқа
1. Мекемедегі іс қағаздарының 80 %-ын құрайтын құжаттар
А)Іскерлік хаттар
Ә)жеке құрамға байланысты құжаттар
Б)ұйымдық құжаттар
2. Мекемелермен және жеке тұлғалармен пікір алмасу құралы қызметін атқаратын әр түрлі мазмұндағы басқару құжаттарының үлкен тобының жинақталған аты
А)телефон хат
Ә)іскерлік хаттар
Б)өкімдік құжаттар
3. Іскерлік хат түрлері
А)талап ету, ұсыныс, ескерту хаттары
Ә)өмірбаян, анықтама, сауалнама
Б)хаттама, қаулы, шешім
4. Іскерлік хаттың мәтіндері
А)лауазымы, аты-жөні
Ә)кіріспе, дәлелдемелер, қорытынды
Б)алушының пошталық мекен-жайы
5. Іскерлік хаттардың негізгі мақсаты
А)іс-әрекетке шақыру, көзін жеткізу, дәлелдеу, түсіндіру
Ә)шешімдерді қабылдау себептері
Б)мәселелерді алдын-ала талқылау
6. Іскерлік хаттың тақырыптық бөлігінде орналасатын деректемелер
А)кәсіпорын атауы
Ә)құжаттың күні, құжаттың тіркеу нөмірі
Б)автордың қолы
7. Мекемеден жіберілетін барлық хаттар тобы
А)бастама және жауап хаттар
Ә)ұсыныс, ескерту хаттары
Б)өтініш, хабарлама хаттар
8. Шақыру хаттарына және ақпараттық хаттарға ұқсас қызметтік хат
А)жарнамалық
Ә)ескерту
Б)хабарлама
9.Нақты мекен-жайға жіберіледі, жан-жақты сипаттамасы мен тауарлар мен қызмет көрсетулердің бағасы көрсетілетін құжат
А)жарнамалық
Ә)ұсыныс
Б)шақыру
10.Хат алушыны (адресатты) қандай да бір жүргізілетін іс-шараларға қатысуға шақыру туралы жазылған құжат
А) шақыру хаты
Ә) талап ету хаты
Б) еске салу хаттары
ІІ нұсқа
1. Бұрын жіберілген құжаттың күшінде қалатынын ескертетіні туралы хабар
А)растау хаттары
Ә)бастама хаттары
Б)кепілдік беру хаты
2. Қандай да бір міндеттеменің жүргізілген іс шаралардың орындалу мерзімінің жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсететін құжат
А)ескертпе хат
Ә)коммерциялық хаттар
Б)шақыру хаты
3. Фактіні, оқиғаны, іс-әрекетті растайтын, бірнеше тұлғалар жасайтын құжат
А)кесім
Ә)өмірбаян
Б)қаулы
4. Іскерлік хат мәтінінің құрылымы
А)лауазымы, аты-жөні
Ә)кіріспе, дәлелдемелер, қорытынды
Б)алушының пошталық мекен-жайы
5. Іскерлік хаттардың негізгі мақсаты
А)іс-әрекетке шақыру, көзін жеткізу, дәлелдеу, түсіндіру
Ә)шешімдерді қабылдау себептері
Б)мәселелерді алдын-ала талқылау
6. Іскерлік хаттың тақырыптық бөлігінде орналасатын деректемелер
А)кәсіпорын атауы
Ә)құжаттың күні, құжаттың тіркеу нөмірі
Б)автордың қолы
7. Мекемеден жіберілетін барлық хаттар тобы
А)бастама және жауап хаттар
Ә)ұсыныс, ескерту хаттары
Б)өтініш, хабарлама хаттар
8. Шақыру хаттарына және ақпараттық хаттарға ұқсас қызметтік хат
А)жарнамалық
Ә)ескерту
Б)хабарлама
9.Нақты мекен-жайға жіберіледі, жан-жақты сипаттамасы мен тауарлар мен қызмет көрсетулердің бағасы көрсетілетін құжат
А)жарнамалық
Ә)ұсыныс
Б)шақыру
10.Хат алушыны (адресатты) қандай да бір жүргізілетін іс-шараларға қатысуға шақыру туралы жазылған құжат
А)шақыру хаты
Ә)талап ету хаты
Б)еске салу хаттары
Қорытындылау, бағалау 5мин
Үй тапсырмасы 2мин
Растау хатын ресімдеңіз.
«Жамбыл политехникалық жоғары колледж директорының атына, 2019 жылы аяқтаған білімгерлердің колледжде оқығандығын растау хатын ресімдеу»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген