Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің
«Аягөз қалалық №1 бөбекжай-балабақшасы » КМҚК
Бекітемін: №1 бөбекжай-балабақша
меңгерушісі : Ж.А.Сеитжапарова
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
№4 «Алтын балық» орта тобы
Тәрбиеші: Толеугазина А.Х
Мақсаты: Жабайы жануалар туралы олардың қысқы тіршілігі жайлы түсінік беру. Жабайы аңдарды бір –бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Міндеттері:1.Білімділік: Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы ,олардың балалары туралы түсініктерін бекіту.2.Дамытушылық: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін және құрастыру қабілеттерін арттырып дамыту 3.Тәрбиелік: жабайы аңдарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Барысы:
Шаттық шеңбері.
- Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын.Кәне, бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бәріміз бірге:
Арайлап таң атты
Алтын шуақ таратты
Қайырлы таң
Қайырлы күн
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Тосын сый.
-Бізге сыйқырлы қорап жіберіпті, ал оның ішінде не бар?Оны білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, кане тім тез жауабын табады?
-Қыс бойына жатады,тәтті ұйқыға батады? (Аю)
-Сыбдыр шықса қашады,қырдан бірақ асады?(Қоян)
-Өзі қу,жүрген жері айқай да шу?(Түлкі)
-Қанжардай тісі бар, сұп-суық түсі бар?(Қасқыр)
-Жемістерді қағады,жаңғақтарды шағады?(Тиін)
-Олай болса біз бүгін сендермен жабайы жануарлар жайлы, олардың қысқы тіршілігі жайлы әңгімелесеміз.Қазір жылдың қай мезгілі? (Балалар жауабы)
Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі жайлы мағлұмат беру. Жабайы жануарлар елсіз далада өз азығын өздеріне тауып жейді. Ол күннің суғында да ыстығында да далада жүріп өмір сүреді. Табиғатта жабайы жануарлардың түрі көп, олардың ішінде пайдалысы да, зияны да бар.
- Аю – жабайы аң, ол орманда тіршілік етеді. Оның басы, денесі, төрт аяғы бар. Аюдың баласын не дейді? - Аюдың түсі қандай? Балалар аю қыста не істейді,нені жақсы көреді?
- Қасқырдың түсі көк, тісі өткір болады. - Қасқыр қайда мекендейді? Кім қасқыр жайлы тақпақ біледі?
Балалар түлкі туралы не білесіңдер? - Түлкінің түсі қандай? Түлкінің денесі қасқырға ұқсас болып келеді, бірақ қасқырға қарағанда тұмсығы ұзын ба қысқа ма? Кім түлкі жайлы тақпақ біледі?
Қоян- жабайы аң. Оның құлағы ұзын.Төрт аяғы бар. - Қоян нені жақсы көреді? - Қоянның түсі қандай? - Қоянның түсі қыста ақ, жазда сұр болады.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы –қырлы жерлермен
Ытқып –ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
-Тиін қарағайлы ормандарды мекендейді екен. Тиіннің түсі ақшыл сұр не жирен, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын, құлағында шашағы болады. Аяқтарында ұзын тырнақтары бар,кім тиін жайлы тақпақ айтады?
-Балалар олардың балаларын білгілерін келе ме?
-Олай болса теледидарға назар аударайық.Аңдар мен балалары слайд көрсету.
Дидактикалық ойын «Қардағы іздер».
-Балалар, мен іздерді көріп тұрмын. Қане сендермен бір ойын ойнайық. ойынның аты «Қардағы іздер» деп аталады.
Ойын шартымен таныстыру,іздерді өз жануарларымен сәйкестендіру .
«Сыйқырлы шам» ойыны.Бөлмені қараңғылап фонарик ойынын ойнату,ұйқыдағы аңдарды табу.
Дидактикалық ойын «Құйрығын тап». Жабайы жануарлардың құйрығын сәйкестендіру.
«Сыйқырлы шам» ойыны «Зообаққа қандай жануарлар әкелінді?» тордағы аңдардың атын атау .
-Балалар біз сендермен дөңгелек мақта дискилерінен қоянды құрастырамыз.Қояның дене мүшелерін еске түсіру.
Қорытынды.
-Балалр бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізден қандай әсер алдыңдар, қандай жануарлармен таныстыңдар? Сендермен қай жануарды құрастырдық?
Балаларды мадақтау.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз