400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Жайнай берсін, Астана! сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға еліміздің бас қаласы- Астана турулы мәлімет беру. -Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой-өрісін, қимылын ұштау. Отанға , туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жайнай берсін, Астана!»

Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы- Астана турулы мәлімет беру.

-Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой-өрісін, қимылын ұштау. Отанға , туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Салеметсіздерме! Құрметті балалар әріптестер!

Сіздерді 6-шілде Еліміздің бас қаласы Астананың 20-жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ару қалам, Астанам!

Бой көтерген жас қалам

Бәйтеректің биік шыңы,

Ерекше ғой басқадан.

Астанам-бағы биік асқарымсың,

Астанам –мәңгі жарық аспанымсың

Көрінген көк жиектен асқақ дара,

Астана қайда жүрсем мақтан қала.

Әрине, бұл – Астана. Ендеше, Астана туралы бүгін жырлап, мақтан етейік.Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін

Жүргізуші:

(Әнұран орындалады).

Жүргізуші:Астана –арман қала,

Бағы бар жанған қала

Болашаққа бастаған

Мақтанышы Астанам.

Жүргізуші:

Ақмола небір тарих көрген қала,

Арқада Ақмола боп өнген қала

Тілгенде темір төсін темір түрен,

Жалаулап жаңа қауым енген қала. Ендеше балаларымыздың Астана туралы жаттап келген тақпақ әндеріне кезек берейік.(балалар тақпақ айтады)

Тақпақтар:

Ырысбек, Нұрболат, Бақберген, Нұрдәулет, Әділбек, Нұрасыл,Өмірқожа, Нұрсұлтан.

Жүргізуші:Астана- шапағаттың шуағындай,

Астана махаббаттың тұрағындай.

Астанам- періштелер мекенісің,

Астанам Қазақстан тұмарындай.

(Осы кезде музыка ойналады,да ертегі әлемінің кейіпкерлері келеді Панда, Мысық).

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы бізге ертегі әлемінен қонақтар келіпті!

Панда мен мысық: Саламатсыздарма балалар! Мені таныдыңдарма?

Балалар: Ия.

Мысық: Ал меніше?

Балалар: Ия.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Панда, Мысық бізде қайдан жүрсіз? Қайдан келесіз?

Пандамен Мысық: Біз адасып келіп қалдық! Бүгін қандай мерекені тойлап жатсыздар? (балалардың жауабы «Астана» мерекесі).Біз сонау алыс ертегі әлемінен келдік .Сендердің өнерлеріңді тамашалағымыз келіп тұр.

Жүргізуші: Панда Мысық балалалардың өнерін тамашалаңыздар:Біздің балалар өнерлі.

Панда мен Мысық: Жарайды тамашалайық.

Жүргізуші: : Киелі менің Ақордам
Арудай сұлу таранған
Береке, бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған. Деп бүлдіршіндеріміздің орындауында «Қазақстан» әнін тамашалайық.

(балалар орындайды)

Панда мысық: Бізде құр келмедік.Өзімізбен бірге ойынымызды алакелдік. Балалар, бізбен бірге ойын ойнайсыңдарма?

Балалар: Ия

Панда мен Мысық: Ендеше ойынымызды бастамас бұрын Мен Астана туралы тақпақ айтып берейін.

Жайнай бер жаңа Астанам
Ертегідей ғажап бас қалам
Ынтымақтың тербеп бесігін
Тәуелсіз ел көшін бастаған.

Жүргізуші: Жарайсыз өте керемет ,балалар сендерге ұнадыма? Олай болса, ойын ойнайық.

Ойын: Жарыс доппен.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар өте тамаша.

Жаныма жарасымды,

Бақ құшқан бар аймағы

Оятсын Алашымды

Шұғыла арайлары.

Жүргізуші: Ал енді балалар, біздің ертегі әлемінен келген қонақтарымыз сіздердің биіңізді тамашалағысы келіп тұр! Билейміз бе?

Би: «Ұлдар биі».

Панда мен Мысық: Бүгінгі, «Астана күні», мерекесіне арнап, балалармен бірге флешмоп биін билегіміз келіп тұр. («Флешмоп» биі балалармен бірге орындайды)

Жүргізуші: Өте тамаша қане тамашалайық менде сендер мен билесем қалай қарайсыздар.

Панда мен Мысық: Өте тамаша болар еді:

(флешмоп биленеді)

Жүргізуші: Астанам болашаққа бастаған

Шарықтайды асқақ ән

Ел ордасы Отанның

Мақтанышым Астанам .



Жүргізуші: Панда Мысық рақмет сіздерге .Біздің балалардың көңілі көтеріліп қалды.

Жүргізуші: Ардақталды Астанам,

Мәртебелі бас қалам.

Көркейе бер күн сайын

Алға қарай бас қадам. «Астана» әні қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Арайлы таң Астанам,

Тек өзіңмен мақтанам

«Бәйтерек» пен «Ақорда»

Жас та болса, бас қалам.

«Астана» күні мерекесіне арналған іс-шарамыз аяқталды қош сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
28.06.2018
8636
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі