400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: "Жануарлар әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстанның жануарлар әлемі Үй жануарларымен таныстыру. Үй жануарларының адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Есте сақтау қабылеттерін дамыту Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу Сөздік жұмыс: Ферма Үштілдік компонент: Үй жануары- домашнее животное, сиыр- корова-cow, ешкі- коза-goat, тауық-курица-a hen, жылқы- лощадь-horse
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Қазақстанның жануарлар әлемі»

Мақсаты: Үй жануарларымен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: Үй жануарларының адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Есте сақтау қабылеттерін дамыту

Тәрбиелік: Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: Ферма

Үштілдік компонент: Үй жануары- домашнее животное, сиыр- корова-cow, ешкі- коза-goat, тауық-курица-a hen, жылқы- лощадь-horse

Керекті құралдар: Үй жануарлары бейнеленген суреттер, үй жануарлары, үлестірмелі материалдар

Іс – әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы,

Көп танысты көреміз,

Алдымыздан кезіккен,

Бәріне де ізетпен,

Иіліп сәлем береміз!

Жұмбақ жасыру:

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.


Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

-Бұларды не деп атаймыз?


Шеңберде тұрып, амандасады.






-Қой



-Түйе

-Үй жануарлары




Ұйымдастыру– іздестіру

Әңгімелесу:

Үй жануарлары және оның пайдасы туралы әңгіме.

Ферма - барлық үй жануарларын өсіріп ұстайтын шаруашылық орын. Үй жануарларын адам күтіп –баптайды. Жануарлардың еті, сүті, жұмыртқасы азық, жүні, терісі және мамығынан қаншама тұрмысқа қажетті заттар жасалады. Үй жануарлары деп, үйде ұстайтын жануарларды атаймыз.

Сөздік жұмыс: Ферма.

Суретпен жұмыс: қой, ешкі, сиыр, жылқы, тауық, ит, түйе суреттерің көрсету.

Дидактикалық ойын: «Немен қоректенеді?»

Шарты: Тақтаға үй жануарларының суреттеріне, қоректерін тауып ілу.

Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым,

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Үштілдік компонент: үй жануары- домашнее животное, сиыр- корова-cow, ешкі- коза-goat, тауық-курица-a hen, жылқы- лощадь-horse

Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?»

Шарты: суретте берілген үйдің қалташаларынан үй жануарларын таңдап, дыбыстарын келтіру.

Үй жануарлары туралы өлеңдер, мақал -мәтелдер айту.

Малды бастан ұрма.

Малға теріс мінбе.

Малды теппе.












Үлестірмелі материалдармен жұмыс:

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Шарты: үй жануарларына жатпайтын , жабайы жануарлардың суреттерін табады.







Қызығушылықпен тыңдайды




Хормен, жекелеме қайталайды.




Ойынды ойнайды.



Сергіту сәтін орындайды.








Хормен, жекелеме қайталайды.



Ойынды ойнайды.





Мақалды қайталайды.


Мінезім жайлы сиырмын,

Байлығымын бір үйдің.

Етім дәмді, сүтім бал,

Сырымды менің ұғып ал.


Ең зор түлік түйемін,

Тікенді шөпті сүйемін.

Пайдалансаң сүтім шұбат,

Дертке дауа, жанға қуат.



Ойынды ойнайды





Рефлексивті– түзетушілік


Сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау.

-Фермада қандай жануарларды ұстайды?

-Олардың пайдасы қандай?

-Төлдерін атаңдаршы?

Жүректен жүрекке:

Төрт түлігіміз түгел болсын!

Ақ мол болсын!

Бәріміз дос болайық!

Бәріміз бақытты болайық!


Сұрақтарға толығымен жауап береді.




Тәрбиешімен бірге қайталайды.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Үй жануарларының адам өміріндегі маңызын

Болу керек: Үй жануарларының төлдері

Істей білу керек: Сұрақтарға дұрыс жауап беруді.

Тәрбиеші: Бұлақбаева Гулжаһар Мұқашқызы




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
956
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі