жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы: Жарық техникасы.
Автомобильдің электр жүйелері
Автомобильдің электржабдығы дегеніміз автомобильдің басқа жүйелерінің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететін электр аспаптары және аппаратуралар жиынтығы (1.1-сурет).
Автомобильде электр энергиясы қозғалтқышты іске қосу, жұмыс қоспасының тұтануы, жарықтандыру, сигнализация, бақылау аспаптарына, қосымша аппаратураға қуат беру үшін пайдаланылады. Автомобиль электржабдығы тоқ кӛзінен және тоқты тұтынудан тұрады. Тоқ кӛздері автомобильдің барлық тұтынуларын: иінді біліктің айналуын электр энергиясына түрлендіретін генераторды, химиялық энергияны пайдаланатын аккумуляторлық батареяны электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Автомобильде тоқты стартер, тұтандыру жүйесі, жарық беру (сыртқы және ішкі) жүйесі, сигнализация (дыбыстық және жарықтық) жүйесі, электрді бақылау аспаптарын және қосымша аппаратураларды тұтынады.
Тоқ кӛздері мен тұтынуларды біріктіру үшін бір сымды жүйе қолданылады. Автомобиль массасы (металл бӛлігіне бекітілген) екінші сым болып табылады, оған электр аспаптарының теріс полюстері жалғанады. Электр аспаптары кернеуі 12 В (жеңіл автомобильдер) немесе 24 В (жүк
автомобильдері) тұрақты тоқпен қоректендіріледі.
1.1-сурет. Карьерлік ӛзі аударғыштың электр мотор-доңғалағы
1.1 Автомобильдің электр жүйелері 5
Әдетте
автомобильдің электржабдықтары әртүрлі
міндеттерді шешетін бірнеше жүйелерге
бӛлінеді:
электрлік жабдықтау;
отынды тұтандыру;
қозғалтқышты қосу;
басқарудың электронды жүйелері;
жарық техникасы;
функционалдық және қосымша жабдық.
Автомобильде пайдаланылатын отынға байланысты электржабдық сызбаларының кейбір айырмашылығын атап ӛтуге болады. Егер бензин мен газбен жұмыс істейтін автомобильдердің электр жүйелері бірдей және тек баптаулармен ерекшеленсе, онда дизельді қозғалтқышты автомобильдердің электржабдығы шамалы басқаша — тұтандыру жүйесі жоқ, іске қосу жүйесі
суық мезгілде іске қосуды жеңілдету үшін қыздыру құрылғысымен толықтырылады, қозғалтқышты басқару жүйесі түпнұсқалық болып табылады.
Электрмен жабдықтау жүйесі
Электрмен жабдықтау жүйесі барлық тұтынуларды электр энергиямен қоректендіруге арналған. Параллель қосылған генератор мен аккумуляторлық батарея автомобильдегі электр энергия кӛзі болып табылады.
Жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта генератор электр энергиясының негізгі кӛзі болып табылады және тұтынуларды электрмен жабдықтауды және аккумуляторлық батареяға заряд беруді қамтамасыз етеді. Жұмыс істемейтін қозғалтқышта электр энергия кӛзінің функциялары аккумуряторлық батареяға кӛшеді, ол қозғалтқыштың сенімді іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Автомобиль генераторлары кең аралықта ӛзгеретін жүктемелер мен айналымның айнымалы жиіліктері тәртібінде жұмыс істейді, сондықтан электрмен жабдықтау жүйесін сипаттау кезінде «генераторлық қондырғы» термині пайдаланылады.
Генераторлық қондырғы — электр машина (айнымалы ток генераторы), иінді білік айналымының жылдамдығына, жүктемеге және температураға қарамастан желідегі тұрақты кернеуді қамтамасыз ететін, кернеудің түзеткіші және реттеуші қызыметінің жиынтығы.
Генератор қозғалтқыштан алынатын механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіреді; ол электр тоғын тұтынатындардың барлығын қоректендіреді және қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда аккумуляторлық батареяға заряд береді.
6 |
1 |
Автомобиль электржабдығы |
тарау |
11.2-сурет. Генератор қондырғысы:
1, 6 — қақпақтар; 2 — түзеткіш блок; 3 — щеткалар; 4 — шкив; 5 — мойынтірек; 7 — ротор;
8 — статор; 9 — тӛлке
Автомобильдерде ротор конструкциясының ерекшелігіне байланысты тырнақ тәріздес деп аталатын, электр магнитті қоздырушысы бар үш фазалық синхронды электр машинасынан тұратын, айнымалы ток генераторы қолданылады (1.2-сурет).
Айнымалы ток индукцияланатын жылжымайтын орамды статор және жылжымалы магниттік ӛрісті тудыратын ротор (басқаша атауы – зәкір) автомобиль генераторының негізгі бӛліктері болып табылады.
Тырнақ тәріздес полюсті машина ӛзінің ротор конструкциясының кейбір ерекшелігімен қарапайым синхронды машиналардан ӛзгешеленеді. Мұндай машинадағы ротордың полюсті жүйесі жалпы жағдайда «тырнақ» немесе «тұмсық» деп аталатын, аксиал дӛңесті-плюсті магнит ӛткізгіш материалдан жасалған екі тығырықтан тұрады. Бір тығырықтың полюсті дӛңесі екіншінің плюсті дӛңестері арасында орналасады, ал жүйенің ӛзі білікке орнатылған болат тӛлкеге қатты бекітілген. Тығырықтар арасындағы кеңістікте тырнақтардың ішкі беті мен тӛлкенің сыртқы бетінде магнит ӛрісінің кӛзі орналасады.
1.2 Электрмен жабдықтау жүйесі 7
Жекелеген жағдайда мұндай кӛз ретінде қоздыру орамын алуға болады, ол түйіспелі сақина, тұрақты магнит арқылы немесе екеуін біріктіріп тоқпен қоректенеді.
Генератор роторы жабық орындаудағы екі шарикті мойынтіректе орнатылған. Ол қозғалтқыштың иінді біліктен сыналы белдік кӛмегімен генератор шкиві арқылы айналысқа келеді. Осы белдікпен желдеткіштің және салқындатылатын сұйықтық сорғы жетегінің шкиві де айналады. Генератор жұмыс істеген кезде ротордың қоздыру орамы бойымен тоқ ӛтеді, тоқ щеткалар арқылы ӛтіп, магниттік ӛріс пайда болады, ол ротор айналған кезде стартор орамында айнымалы тоқты индукциялайды.
Айнымалы ток генераторда орналасқан түзеуіш блок кӛмегімен тұрақты тоққа түрленеді. Оның конструкциясының негізін диодтар (шұра) құрайды, соның арқасында осындай типті генераторлық қондырғыларға шұралы деген атауы қалыптасып кеткен.
Генератор әдетте оның жетегі шкивінің артында орнатылған желдеткішпен суытылады. Осындай конструкциялы генераторда ауа байланыс балдағы жағындағы қақпақтағы тесік арқылы сорылып, түзегіш
блок, стартор және ротор арқылы ӛтіп, жетек жағындағы қақпақ тесігінен шығып, желдеткіш қалақшаларына түседі де, одан әртүрлі жаққа таралады. Заманауи автомобильдерде шағын конструкциялы генератор орнатылады,
ол ауаны роторда орнатылған желдеткіштің екі қақпағының тесігі арқылы сорады, желдеткіш қалақшалары стартор орамына ауа береді. Старторды салқындатып, ауа екі қақпақтың цилиндр беттеріндегі тесіктер арқылы сыртқа шығады.
Генератор қозғалтқыштың цилиндрлар блогында орнатылған. Ол болктың шойын құймалы кронштейнге және керме тақтайшаға бекітіледі. Генератор қақпақтарының құлақшаларында бекіту үшін серіппелі түйіспені қамтитын және құлақшаларды сындырмайтын резеңке буферлі тӛлкелер пайдаланылады.
Кернеуді реттегіш қозғалтқыштың иінді білігі айналысының айнымалы жиілігінде генератор шығаратын тоқтың тұрақты кернеуін ұстап тұрады. Заманауи автомобильдерде кернеу генераторда орналасқан және щеткалармен бірге бір торапта конструктивті жинақталған электронды (интегралды)
реттеуішпен реттеледі. Электронды реттеуіш дегеніміз бӛлшектенбейтін, реттелмейтін құрылғы. Генератор кернеуі 13,5... 14,5 В жоғары кӛтерілген кезде кернеу реттеуіші ротордың қоздырушы орамына ауаның түсуін тоқтатады. Соның нәтижесінде генератор кернеуі түседі. Кернеу реттеуіші ротордың қоздаушы орамына қайта тоқ жібереді де, процесс қайталанады. Сӛйтіп, генератордың қоздаушы орамы бойымен ӛтетін тоқты үздіксіз және автоматты түрде реттей отырып, реттеуіш тоқ жүктемесіне және қозғалтқыштың иінді білігінің айналу
8 |
1 |
Автомобиль электржабдығы |
тарау |
1 — кедергі; 2 — дроссель; 3,4,5 — түйіспелер;
6 — зәкір; 7 — серіппе; 8 — орам
жиілігіне байланысты генератордың кернеуін қажетті шектерде ұстап тұрады.
Алайда кернеуді реттеуіш діріл типті қос сатылы электр магнитті аспаптан тұратын автомобильдерде пайдаланылады (1.3-сурет). Генератор кернеуі 13... 14 В дейін қызған кезде реттеуіштің зәкірі орамның магниттік ӛрісінің және серппенің әсірінен
жылжыйтын және жоғары жылжымайтын түйіспелерін ауыстырып-қосып
дірілдей бастайды. Сонымен бірге генераторды қоздыру орамының тізбегінде қосымша кедерді бірде қосылып, бірде ажыратылады. Сӛйтіп генератордың кернеуін реттеудің бірінші сатысы жүзеге асырылады.
Генератор кернеуін 14 В жоғарылатқан кезде жылжымалы және тӛменгі жылжымайтын түйіспе тұйықталып, ағытыла бастайды. Осы түйіспелер тұйықталған кезде генераторды қоздыру орамы «массаға» тұйықталады. Сӛйтіп генератор кернеуін реттеудің екінші сатысы жүзеге асырылады. Нәтижесінде генератор шығаратын кернеу берілген шектерде реттеледі. Мұндай кернеуді реттеуіш жоғарғы жағынан полиуретаннан жасалған тӛсемді болат қақпақпен жабылады және капот астындағы қозғалтқыш бӛлігінің кеңістігінде орнатылады.
Автомобильде аккумуляторлық батарея (АКБ) жұмыс істемейтін және иінді білігінің айналу жиілігі аз қозғалтқышта электр тоғын тұтынуларға заряд береді. Автомобильдерде шағын ішкі кедергіге ие және бірнеше секунд ішінде қозғалтқышты стартермен қосуға қажетті бірнеше жүз ампер тоқ беруге қабілетті қорғасын, қышқылды аккумуляторлық батарея қолданылады.
Аккумуляторлық батареяның типі мен конструкциясы қозғалтқышты қосқанда стартер тәртібінде оның разрядының шарттарымен анықталады. Осы тәртіптер анағұрлым ауыр (масималды ток және қуат) болғандықтан, автомобиль аккумуляторлық батареяны стартерлік деп атайды.
Стартерлік аккумулятор тоқтың химиялық кӛзі болып табылады, яғни екі реагенттің (қышқылдатқыш және қалпына келтіргіш) химиялық реакциясының энергиясы электр энергиясына түрленетін қондырғы. Заряд біткеннен кейін ол тоқты сырттай зарядтау тізбегінен кері бағытта беру арқылы қайта заряд алады.
1.2 Электрмен жабдықтау жүйесі 9
Сонымен қатар заряды таусылған аккумулятор реакциясы ӛнімдерінен бастапқы белсенді материалдар қайта түрленеді. Сӛйтіп, физикалық-химиялық процестерге байланысты кейбір пайдалы әрекет коэффициентімен (ПӘК) аккумуляторды зарядтау кезінде энергия сыртқы кӛзден жинақталады.
Автомобиль электр жүйелерінің айтарлықтай толық талаптарын кең етек алған, қорғасын-қышқылды аккумуляторлар қанағаттандырады. Қорғасынды, қышқылды батарея электролиті ретінде H2SО4 күкірт қышқылының 30% ерітіндісі қолданылады.
Аккумуляторлық батарея сыйымдылықпен, яғни электр энергия санымен сипатталады, оны толық заряд алған жағдайдан шекті рұқсат етелген разрядқа дейін заряды біткен батарея бере алады.
Аккумуляторлық батареяның сыйымдылығы ампер-сағатпен ӛлшенеді және ол оның конструкциясына, пластиналар санына, олардың қалыңдығына, пластинаты бӛлетін материалға және басқа факторларға тәуелді. Пайдаланған кезде аккумуляторлық батарея сыйымдылығы разрядталу тоғының күшіне, электрлит температурасына, разрядталу тәртібіне (үзілмелі немесе үздіксіз), зарядталу дәрежесіне және батареяның тозуына тәуелді. Сонымен, разрядталу тоғы артқанда және электролит температурасы тӛмендегенде аккумуляторлық батареяның сыйымдылығы кемиді.
1.4-сурет. Ашық элементаралық қосылысты аккумуляторлық батарея:
1 және 3 — сәйкесінше теріс және оң электродтар; 2 — сепаратор; 4 және 7 — сәйкесінше оң және теріс электродтардың жартылай блогтары; 5 — баретка; 6 — сақтандырғыш қалқан; 8 — кӛпірше; 9 — электрдтар блогы; 10 — қақпақ; 11 — шығанақ тесік; 12 — элеменаралық қосылыс; 13 — тығын; 14 — полюсты шығару; 15 — моноблок; 16 — тіреу призмасы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген