400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Жас технолог – 2018»

Материал туралы қысқаша түсінік
келешек ұрпаққа қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу, өнер туындылары арқылы дағдыларды жаңарту, белгілі әдістердің әсерін бекіту, тапсырмаларды орындауға немесе білім іскерлігін жаңа жағдайда бейімдеу, ұлттық мәдениеттілікке деген білімдерін шыңдау. Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын, есте сақтау қабілетін дамыту, ұлттық мақтанышын, сезімін ояту. Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыруда, ұлттық дәстүрге баули отырып, халық өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сайыс тақырыбы: «Жас технолог – 2017»

Сайыс мақсаты: келешек ұрпаққа қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу, өнер туындылары арқылы дағдыларды жаңарту, белгілі әдістердің әсерін бекіту, тапсырмаларды орындауға немесе білім іскерлігін жаңа жағдайда бейімдеу, ұлттық мәдениеттілікке деген білімдерін шыңдау. Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын, есте сақтау қабілетін дамыту, ұлттық мақтанышын, сезімін ояту. Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыруда, ұлттық дәстүрге баули отырып, халық өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд


Барысы:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Кілемге біреулер өрнек салыпты.

Терме ұстап енді бірі ши тоқыса

Оюдан түйін түйіп тамсаныпты.

Ойын толқын жатқандай асып – тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып.- дей келе бүгініг сайысымызға әділ баға беретін әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Кайров Жақсыкелді Каденұлы

  2. Сапарова Гүлмира Абылайқызы

  3. Мустафеева Ақайна Темірболатқызы

І – бөлім «Таныстыру»

ІІ – бөлім «Бәйге»

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз, - дей келе біз келесі «БӘЙГЕ» кезеңін бастаймыз.

1. Ресейде тігін машинасын шығаратын қандай зауыт бар?

а) Зингер ә) Подольский ПМЗ б)Карл Вайзентел

2. Қалыңдық киетін баскиім

а) жаулық ә) кимешек б) сәукеле

3. Қалдық матадан не істеуге болады?

а) кілем ә) сырмақ б) құрақ

4. Кереге мен шаңырақты бір – бірімен ұштастырып тұратын киіз үй бөлігі

а) сықырлауық ә) бақан б) уық

5. Жасайтын нәрселердің түпкі нұсқасын ойша бейнелеу

а) жоба ә) эскиз б) суреттер

6. Өлшемнің неше есе үлкейтілген немесе кішірейтілгенін көрсететін мөлшер

а) см.таспа ә) масштаб б) метр

7. Мақта қай талшыққа жатады?

а) химиялық ә) табиғи б) жасанды

8. Қазақстанда мақта өсіретін аймақ

а) Оңтүстік Қазақстан ә) Солтүстік Қазақстан б) Шығыс Қазақстан

9. Этникалық стильге жататын киім

а) демалыс ә) жұмысшы б) ұлттық

10. Ылғалды – жылумен өңдейтін күнделікті тұрмыста қолданылатын зат

а) үтік ә) тігін машинасы б) кір жуатын машина

11. Өндірістік киімдерге қандай киімдер жатады?

а) ұлттық, әскери, ұшқыш ә) әскери, аспаздық, дәрігерлік

б) спорттық, ұлттық, салтанатты

12. Құрақ қандай фигуралардан тұрады?

а) арифметикалық ә) графикалық б) геометриялық

13. Өю – өрнек латынша қандай мағына береді?

а) тігу ә) орнамент, сәндеу, әсемдеу б) біріктіру

14. Ақ киізден тігілетін жаздық баскиім

а) бөрік ә) айырқалпақ б) тақия


Келді кезек жұмбақты шешуге,

Жауаптарын беруге үш тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз

Жақсы баға шәкірт саған несібе – деп, келесі бөлімді «Тіл өнері» бойынша жұмбақты шешіп, оны орыс тілінде, ағылшын тіліндегі аудармасын айту керек. Тек қана қазақ тілінде жауап берсе 10 ұпай, қазақ, орыс тілінде жауап берсе 20 ұпай, толық қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жауап берсе 30 ұпай беріледі.

ІІІ – бөлім «Тіл өнері»

1. Өз үйінде ... оймаған,

Кісі үйінде сызу да сыза алмас

(ою – орнамент - ornaments)

2. Еңбек адамның екінші несі? (анасы – мать – mother)

3. Дау қуған жау табады,

.....қуған қазына табады. (өнер – искусства – art)

4. Еңбек – өнер өрісі,

Өнер - ..... жемісі. (өмір – жизнь - life)

5. Адамның сәні, онсыз жоқ мәні. (киім – одежда – dress)

6. Ұл еркем, өнерімен көркем

Қыз еркем, ....көркем. (кесте – вышивка - knit)

7. .... – кеме, білім – теңіз. (мектеп – школа - school)

8. Қолымда бір құсым бар екі басты,

Аяғын басқан кезде нәрсе қашты.

Аузын аждаһардай ашқан кезде,

Бөлектеп атып тастар ішкен асты. (қайшы – ножница – scissors)

9. Жеті рет өлшеп, ... рет кес. (бір – один - one)

10. Сабыр мен ...., бәрін де жеңбек. (еңбек – труд - labour)

11. Өлеңшінің ...... алтын. (сөзі – слова - word)

12. Жігітке жеті….. де аз. (өнер – искусство - art)


Келесі бөлім бойынша тамақ әзірлеу технологиясы, ою – өрнек туралы, ұлттық киімдер жөнінде және мода ағымдары туралы оқушылар өз білімдерімен сынға түседі.

ІҮ – бөлім «Ғажайып жетілік»

Тамақ әзірлеу технологиясы

10

20

30

Ою – өрнек

10

20

30

Ұлттық киімдер

10

20

30

Мода

10

20

30

1. Тамақ әзірлеу технологиясы

10 сұрақ: Тұздық дегеніміз не? (дәмқосар)

20 сұрақ: Қазақтың ұлттық асханасында ұннан жасалынатын аспаздық өнімдер түрі. (бауырсақ)

30 сұрақ: Дұрыс тамақтану – бұл ... (тамақтану тәртібін сақтау)

2. Ою – өрнек

10 сұрақ: Хандар мен батырларға арналған шапанның арқасында қандай ою зерделенген? (тұйық ою)

20 сұрақ: Оюларды мән – мақсатына қарай қандай топтарға бөлуге болады?

(зооморфтық, космогониялық, геометриялық, өсімдік тектес)

30 сұрақ: Геометриялық ою – өрнектерге қандай ою – өрнек жатады? (тарақ, ирек, төртбұрыш, үшбұрыш т.б)

3. Ұлттық киімдер

10 сұрақ: Қасқыр, түлкі, қарсақ сияқты аңдар терісінен тігілетін тон. (ішік)

20 сұрақ: Кимешек тігуге қандай мата қажет? (мақта матасы)

30 сұрақ: Кестемен анық безендірілген сәнді ұзын ерлер халаты (шапан)

4. Мода

10 сұрақ: Сән сөзі қай елден шыққан? (латын)

20 сұрақ: Мода неге байланысты өзгеріп отырады? (қоғамның өзгеруіне)

30 сұрақ: Модельдеу сөзі қандай ұғымды береді? (үлгілеу)


Білекті жықса біреуді,

Білімді мыңды жығады.

Инемен құдық қазғандай,

Білімнің шыңына шығады. – дей келе «Сұрақ бізден, жауап сізден» бөлімінде топ басшыларының білімдерін байқаймыз.

І – топқа

  1. Қазақ қыздарының бас киімі (тақия, бөрік)

  2. Егде жастағы әйелдің бас киімі (кимешек)

  3. Ұлттық өрнек (ою)

  4. Қой терісінен тігілген ер адамның сыртқы киімі (тон)

  5. Қыздар әшекейлері (білезік, алқа, сырға, сақина)

  6. Ер адамдар киіміне қосымша қолданылатын зат (белбеу)

  7. Ер адамның ұлттық аяқ киімі (мәсі, етік)

  8. Қазақ қыздары тақияның төбесіне не таққан? (үкі)

  9. Қазақтар киім тігуге өздері өндірген қай материалдарды жиі пайдаланған? (жүн, тері)

  10. Түйе баласына қатысты ою (ботагөз)


ІІ – топқа

  1. Қазақтың жеңі жоқ жеңіл киімі (камзол)

  2. Ер адамдардың бас киімі (тымақ, тақия, бөрік, малақай)

  3. Қалыңдықтың бас киімі (сәукеле)

  4. Бөрік тігуге қолданылған аң терісі (құндыз, кәмшат)

  5. Саптама етіктің қосымша бір бөлігі (байпақ)

  6. Әйелдердің басқа тартатын жеңіл бас киімі (ақ жаулық)

  7. Ішік түрлері (қасқыр ішік, қарсақ ішік, түлкі ішік, күзен)

  8. Аққу оюы нені бейнелейді (махабатты, адалдықты)

  9. Бұлақ атымен аталатын ою (қайнар)

  10. Көне сыртқы киім (шапан)


Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасыңда оқып, жиып ал,

Тепкілесең кетпейді. – деп бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін әділ – қазыларға берміз

Сайысымыз осымен аяқталды.

Келесі кездескенше сау болыңыздар



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
656
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі