Ұйымдастырылған оқу
қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Ботақан»
II
кіші
Білім беру
саласы: Коммуникация
Бөлімі: Тіл
дамыту
Тақырыбы: Жемістер мен
көкөністер
Мақсаты: Жемістер мен көкөністер
түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету. Ойын, есте сақтау
қабілетін, дүние танымын дамыту. Балалардың жеміс ағаштарын қорғап,
оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер
жүргізу.
Дамытушылық: есте сақтау қабілетін дамыту.
Жаңа сөздерді меңгерту арқылы, сөздік қорын
молайту.
Сабақтың
әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру,
көрсету, ойын.
Сабақтың
көрнекілігі: тақырыпқа байланысты
суреттер, жемістер мен көкөністердің жасалған түрлері, қиылған
түрлері.
Балалар қонақтармен
сәлемдесіп, шаттық шеңберіне жиналу.
Шаттық
шеңбері:
Бақшамызға
барамыз,
Досымызды
табамыз.
Сәлемет пе, міне
мен,
Доспын енді
сенімен.
Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
Суретке қарап күзде қандай
өзгерістер болады екен?
Жапырақтар сарғайды, күн суыта
бастайды. Жие-жие жаңбыр жауады.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақтың шешуі бүгінгі оқу іс- әрекетіміздің болмақ. Дайынсыңдар
ма?
-
Бұтақта ілініп
тұрамын,
Піскенде себетке
құладым.
/жеміс/
-
Үлкендігі
алмадай,
Сырты жанған қызыл
от.
Ішін ашып
қарасаң,
Майда- майда қызыл
шоқ.
/анар/
-
Үстіне тігіп көк
шатыр,
Астында қызыл дәу
жатыр.
/қызылша
/
-
Қалың киім
ұнатады,
Шешіндірсең
жылатады.
/пияз/
Жемістер бақшада яғни ағашта,
ал көкөністер бақта өседі. Жемістер мен көкөністерді қарайтын
адамды бағбан дейміз.
Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім,шабдалы,
өрік, шие.
Көкөністерге:картоп, қызылша, пияз, сәбіз,
қияр, қызанақ, т.б. жатады.
Жемістер мен көкөністердің
құрамында көптеген дәрумендер бар. Алманы көп жесеңдер түрлі
ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады,
шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді.
Балаларды екі топқа
бөлінеді:
1-
топ. Жемістерді көрсетеді, атайды,
себетке салады.
2-топ. Көкөністерді көрсетеді,
атайды, себетке салады.
Көрнекілік бойынша түстерді
атаймыз.
Қызыл,қара,сары, қоңыр, ақ,
жасыл, көк.
Балалар көкөністер мен
жемістер туралы, тақпақтарын айтып шығады.
-
Мен алмамын,
алмамын,
Түрлі – түрлі
боламын.
Көкпеңбек едім
көктемде,
Қызарам күзде
жеткенде.
-
Мен алмұртпын,
ақылдым.
Күзде алмұрт жинап
алатын,
Бабыраған
біреуін,
Жесең тойып
қаласың.
-
Мен жүзіммін,
жүзіммен
Сөлі балдай
шырынмын.
Тәттілігін біледі- ара менен
шыбын.
-
Мен өрікпін,
өрікпін
Ерте ашам
гүлін.
Қара өрік, сары
өрік,
Табиғатқа
көрікпін.
-
Мен шиемін,
шиемін.
Қызыл болып
пісемін
Тезірек жинап
алмасаң,
Торғайдың көзі
түседі.
-
Мен – анармын,
анармын.
Қабығы қалың
болармын.
Мөлт – мөлт еткен
түрлері
Моншақты еске
саламын.
Ойын: «Сиқырлы қапшық» деген ойын
ойнайық.
Ойынның
шарты: қолына алады, пішінін, дәмін,
түсін, қолдануын айтады.
Күтілетін
нәтеже:
Білуі
керек: жемістер мен
көкөністер.
Болуы
керек: есте сақтау
қабілеті.