жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы: Жиын дегеніміз не?
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: |
Жиын дегеніміз не? |
Мектеп: |
||||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
||||
Оқу мақсаты: |
жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құрып, жіктейді; екі жиынның бірігуін және жиыннан оның бөлігін ажыратып, көрнекі түрде кескіндейді; |
|||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
Ресурстар: |
Жиын |
|||||
Тірек сөздер |
жиын; элемент. |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
Жиын ұғымымен және элементтерімен таныстыру; әртүрлі заттарды жиынға біріктіру ұғымын қалыптастыру, жиын элементтерін бөле білуге жаттықтыру. |
|||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
|||||
Жиын ортақ белгілері бойынша біріккен заттар жиынтығы немесе абстрактілі түсініктер (сандар, гео метриялық фигуралар, белгілер және т.с.с). Жиынды әртүрлі нысандардың қандай да бір белгісі негізінде құруға болады. Мысалы: жемістер, дауысты дыбыстар, цифрлар. Жиын түсінігін сөзбе-сөз түсінуге және “көп” эле менттерді құрайтын жиынтық деп ұғынуға болмайды. “Жиын” ұғымы бір, екі және т.с.с. элементтерден тұратын нысандар жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Сондай- ақ “бос жиын”, яғни бірде-бір элементі жоқ жиын да болады. Кіріспе тапсырма. Оқушыларға сабақтың басын да екі топқа бөлінуді ұсыныңыз: ұлдар және қыздар тобы. Олардан бірінші топтағы оқушылардың кімдер екенін сұраңыз (ұлдар) және санамай-ақ ұлдардың нешеу екенін айтып беруді ұсыныңыз. Оқушыларға математикада оны “ұлдар жиыны” деп айтуға болатынын айтыңыз. Жиындағы әрбір ұл — жиынның элементі деп аталатынын ескертіңіз. Осы тәріздес жұмысты қыздар тобымен де өткізіңіз. Содан соң оқушыларға шашының ұзындығы, киімі және т.б. бойынша жиынға бірігуді ұсыныңыз. Олардан тағы да қандай жиындарды атай алатынын сұраңыз. Оқушыларды төрт топқа бөліңіз, әр топқа бір шең бер немесе бір таспа беріңіз. Оларға ортақ белгісі бар элементтерді жинауды ұсыныңыз (сыныптағы заттар бойынша). Ол заттардан шеңбердің немесе таспаның ішіне жиын құруды ұсыныңыз. Оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт беріңіз, ал содан кейін олардан бір жиынға қандай заттарды жинағанын және неге осы заттарды алғанын сұраңыз. Оларға қандай белгі ортақ? Жиында неше элемент пайда болды? Жиынға тағы басқа элементтерді қосуға бола ма? Егер сыныптың жабдықталуы мүмкіндік берсе, бұл тапсырманы кілемде орындатыңыз. Оқушыларды оқулықтағы ережемен таныстыры ңыз. Оқушыларға жиынға және олардың элемент теріне байланысты өз мысалын келтіруді ұсыныңыз. Жиындар. Оқушылардан заттар жиынын атауды және олардың қандай элементтерден тұратынын сұраңыз. Жауаптың үлгісін беріңіз: тостағандар жиыны алты тостағаннан тұрады. Жауабы: шай ыдысы, гүлдер, құстар, жылқылар. |
Табиғатта. Тапсырманы топтық жұмыс түрінде орындатыңыз. Оқушыларға тапсырманы орындау үшін суреттерді мұқият қарап шығуды ескертіңіз және әр топқа өз көзқарасын айтуды ұсыныңыз.
Жауабы: ағаштар жиыны: шырша, қарағай, емен, қайың; гүлдер жиыны: көк гүл, ақ гүл, жасыл гүл, қызыл гүл; бунақ денелілер жиыны: көбелек, қоңыз, инелік.
Элементтер. Топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік беріңіз. Әр топқа жұмыстарының нәтижесін ортаға шығып айтып беруге жағдай жасаңыз. Оларға өз ойынан элементтер мен жиындарға байланысты мысал келтіруге ұсыныс жасаңыз.
Жауабы: қарлығаш — құстар жиыны; қайың — ағаштар жиыны; көбелек — бунақденелілер жиыны; сары өрік — жемістер жиыны.
Шығарып көр. Оқушыларға жұппен жұмыс істеуді ұсыныңыз. Суретке мұқият қарап, артық заттарды атауды және неге мұндай тұжырымға келгенін сұраңыз.
Жауабы: балық; пияз; үшбұрыш.
Орындап көр. Топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылардан өз отбасының мүшелерін санауды өтініңіз. “Отбасы жиынына достарың жата ма?” — деп сұраңыз. Достарының отбасы жиынына неге жат пайтынын айтып беруін өтініңіз.
А. Адамдардың жиыны; Ә. Ұлдардың жиыны. Қандай жиындар шығады?
Жұптасып талқылауды және тапсырмалардың сұрақтарына жауап беруді ұсыныңыз. Тапсырманы орындаған соң математикадағы “қосу” сөзінің “бірге жиналу” мағынасын білдіретінін түсіндіріңіз. Мысалы: “Жаңа жылдық ертеңгілікке балалар мен олардың ата-аналары жиналды”. Ал “алу” сөзі “белгілі бір орыннан шығу” мағынасын білдіруі мүмкін. Мысалы: “8 Наурызға дайындалу уақытында ұлдар қыздардың дайындық өтіп жатқан залдан шығуын өтінді”. Бұдан кейін осыған ұқсас оқиғаларға жаңа мысалдар келтіруін сұраңыз. |
|||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
|
Қосымша тапсырмалар
|
|||||
Оқушыларға “жиын, элемент” сөздерін сабақ барысында үнемі қолдануды ұсыныңыз. Тірек сөздері жазылған парақшаларды тақтаға іліп қойыңыз. Оқушыларға кітаптар, қаламдар және т.б. заттардың суреттері салынған жиынды көрсетіңіз. Олардан “жиын және элемент” сөздерін айтып беруін сұраңыз. Мысалы: “кітаптар” — жиын, ал “Шалқан” ертегісі — кітаптар жиынының элементі |
Жиын. Оқушылар өздік жұмыспен сабақта алған білімдерін бекітеді. Олар заттарды жиын бойын ша бөліп, бір жиынды құрайтын заттарды сызықпен қоршайды. Жауабы: төрт жиын: жалаушалар, доптар, құралдар, қарын даштар. Жиындарды толықтыр. Оқушылардан әр жолда қандай заттар бейнеленгенін сұраңыз. Оларды бір сөзбен жалпылап қалай айтуға болатынын ойлансын. Оқушыларға әр жолды тиісті заттармен толықтыру үшін уақыт беріңіз. Жауабы: бірінші жол: көгөністер; екінші жол: киімдер; үшінші жол: ойыншықтар. |
|||||
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: түрлі жиындарға мысал келтіруді; жиынның элементтерін көрсетуді; жиындағы элементтердің ортақ белгісін табуды меңгереді. Оқушылардың сабақтың тақырыбын түсінгенін бағалау мақсатында мына сұрақтарды қойыңыз: — жиын дегеніміз не? Жиынға мысалдар келтір. Ол қандай элементтерден тұрады? — Мына элементтерден қандай жиын құралады: орындықтар, шкафтар, парталар, үстелдер? — “Көктем айлары” жиынының элементтерін ата. Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо- йынша өзін-өзі бағалатыңыз. |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген