Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Жобалау әрекетіндегі топтық қарым – қатынастың ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
XXI ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – білімді жаңарту. Ол студенттердің неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жобалау әрекетіндегі топтық қарым – қатынастың ерекшелігі

XXI ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – білімді жаңарту. Ол студенттердің неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде  қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Студенттердің, оқушылардың зерттеу  жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені - бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.

Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді.

Түсіндірме  сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: Жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі.

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – студенттердің, оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.

Егер студент немесе оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.

Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, студентті немесе оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Жобалаудың жалпы құрылымы :

1) алдымен жобаның тақырыбын, типін таңдау ;

2) зерттеудің маңыздылығы;

3) міндеттерді топтарға бөлу, зеттеу әдістерін талқылау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау;

4) зерттеулердің, шығармашылдық міндеттері бойынша өздік жұмысы, бақылау;

5) алған ақпараттары бойынша талқыға салу;

6) қорғау.

Жобалау әдісіне қойылатын талаптар:

-зерттеудегі шығармашылық жоспардың проблемалары мен міндеттерін кіріктірілген білімді, оны шешу үшін ізденушілігін талап ету;

-практикалық , теориялық , танымдық нәтижелердің көрсеткіштері;

- студенттер немесе оқушылардың өздігінен іс-әрекет етуі;

-жобалаудың мазмұнының құрылымы.

Жобалау әдісінің алгоритмі:

1.Проблема

2.Жобалау

3.Ақпарат көздерін іздестіру

4.Нәтижені қорытындылау

5.Презентация.

Жобалай оқыту технологиясы арқылы орындалатын жұмыстарды өз деңгейінде дұрыс ұйымдастыру үшін олардың типтерін білу – басты талап.

Жоба түрлері

Әрекет түріне қарай:

Пәндік-мазмұндық сипатына қарай:

Қарым-

қатынас тәсіліне

қарай:

Үйлестіру сипатына қарай:

Байланыс сипатына қарай:

Қатысатын-дардың санына қарай:

Орындалу уақытына қарай:

Зерттеушілік, шығармашылық, рөлдік, қолданбалы, моножоба, пәнаралық;

Моножоба, пәнаралық

Тікелей

қарым-қатынас; коммуникация-лық технология;

тікелей, жанама;

Аймақтық, оқу орнында орындала-

тын, халық-аралық;

жекелік, жұптық, топтық;

қысқа мерзімдік, орта мерзімдік, ұзақ мерзімдік

Жобалау әрекетіндегі топтық қарым – қатынастың ерекшелігі: Топтық жұмыс, бұл:

  • Генерация

  • Шаттық

  • Тапсырмалар

  • Ізденіс

  • Қарама-қайшылықтар

  • Тәжірибе

  • Шабыт

  • Анықтылық

  • Белсенділік

  • Нәтиже

  • Аралық даму

  • Қарым-қатынас

  • Шығармашылық

  • Анализ

Топтық жұмыс не береді?

  • Бірлескен әрекет

  • Сұрақ қоя білу

  • Мәселелерді шешу

  • Келісім жасай білу

  • Рольдер мен жауапкершіліктерді жүктеу

  • Өзгелерді тыңдау

  • Өзгелерді өзіңе сендіру

  • Өзің үшін жауап беру

Топтық жұмыстың түрлері:

  • Жұптардағы жұмыс

  • «Миға шабуыл»

  • «Жалғастыр» ойыны

  • «Қазына іздеу»

  • «Дельфи» әдісі

  • Мозаикалық топтар

  • «Зигзаг» әдісі (Ара әдісі) т.б.

«Миға шабуыл» әдісі - идеяларды басқару үшін қолданылады, қатал регламент, жүргізуші, хатшы, хронометрист рольдері белгіленеді. Яғни топ ішінде шешім қабылданған соң, баяндама немесе хабарлама жасалады.

«Жалғастыр» ойыны- топ ішінде «тізбек» әдісін қолдану арқылы жасалады. Яғни бірінші оқушыдан бастап соңғы оқушыға дейін барлығы бір тақырып шеңберінде ойларын айтады. Мысалы, шығарма немесе қандай да бір оқиғаны баяндау кезінде қолдану тиімді.

«Бір әріп шығармасы» ойыны -  әңгімені бір әріптен басталатындай етіп құрастырып шығу.

«Қазына іздеу» - оқытушы сұрақтар құрастырады. Сұрақтар білім мен танымды қажет етеді. Топтар интернет көздері мен кітап мәліметтерін қолданады.

Мозаикалық топтар - мұғалім материалды бірнеше бөліктерге бөледі. Әр топ өз тақырыбында жұмыс жүргізеді. Топтарға қажетті мәліметтер беріледі.

Әр топ өзге топтарға өзінің тақырыптары мен игерілген білімдерімен бөліседі. Жұмыс соңында резюме жасалынады.

«Зигзаг» әдісі (Ара әдісі) - топ 6 адамнан құралады, сұрақтар белгілі бір фрагменттерге бөлінеді, әр оқушы немесе топ сол сұрақты қарастырады, жалпылама түрде белгіленген келесі топтың сұрағымен танысады.

«Эксперттер кездесуі» әдісі де осы негізде құралады, яғни бір оқушыдан шығып өз сұрақтарын талқылайды, алған жауаптарды топ ішінде қарастырады.

Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:

  • Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

  • Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

  • Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.

  • Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік туады.

  • Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.

  • Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

  • Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген сенімін қалыптастырады.

Бекіту сұрақтары:

1. Жобалау технологиясы дегеніміз не?

2. Жобалаудың жалпы құрылымы қандай?

3. Жобалау әдісіне қойылатын талаптарды ата

4. Жобалау әдісінің алгоритмдері

5. Жоба түрлерін атаңдар

6. Топтық жұмыс, бұл....

7. Топтық жұмыс не береді?

8. Топтық жұмыстың түрлерін атаңдар

9. Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері қандай?


Үй тапсырмасы:

Тапсырма № 1. Берілген сұрақтарға жауап беру

Тапсырма № 2. Қоғамдағы өзекті тақырыпты таңдап, бір әдіспен топтық жұмыс ұйымдастырыңдар.

Үлгі:

Тақырыбы: Қиын бала кім және оны тәрбиелеу жолдары

"Еркін микрофон" әдісі

1 студент: қиын бала деп кімді айтамыз?

2 студент: қиын баламен жұмыс жүргізу жолдары

3 студент:қиын баланың ата-анасымен жқмыс түрлері

4 студент: қиын баламен тренинг түрлері

5 студент: қиын балаларды тәрбиелеу әдістері



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2020
2405
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12