400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Жол тәртібін сақтайық!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жолда жүру ережесімен таныстыра отырып, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, көшедегі мінез - құлығын, өзін - өзі ұстауын, жол ережесіне байланысты сана - сезімін дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін - өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

бет / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / Абайлаңыз, бағдаршам!

Абайлаңыз, бағдаршам!

Сіз бен біз күнделікті өмірде бағдаршам сынды адамзаттың кезекті таңғажайып өнертабысымен жиі ұшырасып қалып жатамыз, оның көмегіне жүгінеміз. Алайда, оны қашан, қайда, кім ойлап тапқандығы туралы жиі ойлана бермейміз. Ендеше, осы ағаттығыңызды бағдаршамдарды мерекесімен құттықтаудан бастаңыз. Себебі, бүгін – Халықаралық бағдаршам күні. 

Адамзат тарихындағы ең тұңғыш бағдаршам ертеректе-ақ, яғни 1868 жылдың желтоқсан айында ойлап табылған. Бұл елеулі оқиға Ұлыбританияның Лондон қаласында, парламент үйінің маңында орын алды. Бағдаршамды ойлап тапқан адамның есімі – Джон Пик Найт. Ол темір жол саласының қызметкері болатын.

Алғашқы бағдаршамның сырт келбеті бүгінгіден едәуір ерекшеленетін. Екі семафорды тілден (стрелка) тұратын құрылғы қолмен басқарылды: горизонтальды тіл "тоқтауды" білдірсе, 45 градуыс бұрыштамамен жоғары көтеріліп тұрғаны "жүруді" нұсқайды. Түнгі уақытта тілдер өзінің түсімен сәйкес келетін газды шамдармен алмастырылатын. Қызыл – тоқтауды, жасыл – әрмен қарай жылжуды көрсетті. Өкінішке орай, Джон Пиктің туындысының ғұмыры ұзақ болмады. Үш жылдан кейін бағдаршам өздігінен жарылып, полицейді жарақаттады. Бұдан кейін бағдаршам 50 жылға ұмытылды. 

Бұл кезеңдердегі бағдаршамдардың да басты мақсаты – кептелістерге тосқауыл қойып, көліктердің жүруін жеңілдету болатын.

Электр желісімен басқарылатын алғашқы бағдаршамды дүниеге әкелген АҚШ-ты Юта штатының тұрғыны Лестер Вайр екенін білуші ма едіңіз? Ол 1912 жылы қызыл және жасыл түске сәйкес келетін екі сигналды бағдаршам ойлап тапты. Бірақ, бұл жоба патенттелмеді.

1914 жылдың 5 тамызында Амеркианың Кливленд қаласында заманауи құрылғылардың алғашқы үлгілері пайда болды. Оның қызыл және жасыл шамдары болды, ал түстерін ауыстырған кезде дыбыс сигналын шығарып тұрды. Джеймс Хог атты инженердің бастамасымен қолға алынған жобаны шыны үйшіктерде отыратын кезекші полицейлер іске қосатын.

Ал алғашқы үш түсті бағдаршамдар кейінірек, 1920 жылы жасап шығарылды. Олар бір мезгілде Нью-Йорк, Детройт көшелеріне қойылды. Бұл бағдаршамның жобасын жасағандар –  Джон Ф. Харрис пен Уильям Поттс.

Бағдаршамды орнатқан тұңғыш Еуропалық қала – Франция(Париж, 1912 жыл) болып табылады. Англияға электрлі бағдаршамдар 1927 жылы жетсе, біздер оны 1930 жылдардан бастап тани бастадық.


















Жол тәртібін сақтайық!

Тақырыбы: «Жол тәртібін сақтайық!»
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жолда жүру ережесімен таныстыра отырып, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, көшедегі мінез - құлығын, өзін - өзі ұстауын, жол ережесіне байланысты сана - сезімін дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін - өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жол макеті, жол белгілері, бағдаршам үлгісі, жаяу жүргіншілер жолы, ойыншық машиналар, кітаптар, буклеттер, жол жүру ережесінің белгілері, видео - көрсетілім.

Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме?- деп
Амандасып аламыз.

Сұрақ - жауап.
- Балалар, ата - анамыз қайда барады?
- Жұмысқа, базарға, көрші ауылға, басқа қалаға барады.
- Олар немен жүреді?
- Көліктер мен.
- Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Жер үсті, ауа, су да жүретін көліктер.
- Жер үстінде қандай көліктер жүреді?
- жеңіл көлік, ауыр көлік, велосипед, поезд, трамвай, троллейбус, автобус. Т. б.
- Жолда жүргенде жол жүру ережелерін сақтайсыңдар ма?
- ия.
- Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр.(бағдаршам)
- Балалар бағдаршам не үшін керек?
- Қандай жол ережелерін білесіңдер?

Педагог:- Көше жүрісінің ережелері туралы әңгімелеп береді.
Адамдар әлі автомобильдерді ойластырмаған кездер болмайды. Ол кезде жұрттың барлығы көшеде атпен және арбамен, кімнің қалай жүргісі келсе, солай жүрді. Осы заманғы қалалардың көшелері жүк және жеңіл машина, автобус, троллейбус, трамвайларға толып кетті. Егер бүгінде жұрттың барлығы жаяу және көлікпен қалай жүргісі келсе, солай жүрсе, көшелерде тәртіпсіздік орнар еді. Осындай жағдайлар болмау үшін, адамдар көше жүрісінің ережелерін - көшелер мен жолдарға арналған заңдарды ойлап тапты.

Машиналар мен жаяу жүргендердің жол қиығындағы жүрісін бағдаршам реттейді. Оның әр түсті жанатын шамы бар. Ол баршаға не істеуді көрсетеді. қызыл жарық жүруге болмайтынын көрсетеді. Сары жарық қазір бағдаршамның өзге жарыққа ауысатынын ескертеді. Жасыл жарық жүруге рұқсат береді.
Қиылыстағы жүрісті бағдаршам емес, реттеуші - полицейлер басқаратын да кез болады. Ол қолының қимылы мен машиналар ағымын тоқтатып, жаяуларды көшеден өтуге шақырады.
Жүргізушілер мен жаяу адамдар өздерінін жолда не күтіп тұрғанын білуі тиіс. Бұл туралы оларға жол белгілері хабарлайды. Олар белгілердің мәнін оңай түсінуге болатынын қарапайым сурет түрінде жасалған. Сақтандыратын - қызыл шеңберлі ұш бұрыш белгісі бар, тыйым салатын белгі - шеңберлер, рұқсат беретін - кез келген пішінді көгілдір белгілер бар.
Мысалы: қызыл шеңберде велосипед болса, велосипед пен жүруге болмайды, егер велосипед көгілдір түсті белгіде болса, онда бұл велосипед пен жүруге болатын жол. Жаяуларға арналған белгілердің барлығы көгілдір түсті болады. Жаяу адамдар көшеден тек сондай белгі бар жерден өтуі тиіс.
Жол жүргенде өзіңе жәрдемдесетін негізгі ережелерді жадымызда сақтауымыз керек.
1. Машина өткеннен кейін ғана жүру керек.
2. Көшеде жаяу жүргіншіге арналған жол немесе жер асты жолынан ғана өт.
3. Жүріс қауіпсіздігіне жүргінші де, жаяу жүргіншіде жауапты!
- Осы ережелерді сақтау үшін біз бағдаршамға сүйенеміз. Олай болса кім бағдаршам туралы тақпақ айтып береді.

1 - бала.
Кел, балалар ойнаңдар
Бағдаршамға қараңдар.
Жанған кезде көздерім,
Ережені бұзбаңдар.
2 - бала.
Үлкен біздің қаламыз
Есте сақтап аламыз.
Қызыл, жасыл, сары шам
Көшеде тұр бағдаршам.

(Балалар экранға қарайды бағдаршамды көреді, жолдан өтіп жатқан адамдар мен машина жүрісі туралы видео - көрсетілім көреді)
- Балалар жол жүру белгілері туралы кім тақпақтар біледі?
1 - бала:- Мен жаяу жүргіншілер тек тротуарлармен жолдың оң қол қанатымен ғана жүруі қажет екенін білемін.
Тротуар жүрер жолы жаяудың,
Желаяқтың жайбасардың баяудың.
Машинаның жолы көше ортасы,
Соны ұмытып кете көрме аяулым.
2 - бала.- Ескерту белгісі.
Үшбұрышты қызыл,
Бояумен көрсең абайла.
Жол басында қауіпті түс
Алдан шығар дегенді
Абайла! Бұл ескерту белгісі.
3 - бала: Тыйым белгісі:
Дөп - дөңгелек қызыл шеңбермін
Көрсем: «Тоқта, қане»
Деп жар салар,
Тыйым салу мен болам.!
4 - бала. Көрсеткіш белгісі
Дөп - дөңгелек жасыл шеңбермін
Көрсем: «Жол ашық!»
Мен көлік пен жаяу адам жүрер жолды нұсқаймын!
5 - бала. Анықтама белгісі:
Белгімен көрсетер
Жылдамдық пен бағытты
Ылди мен бұрышты
Қатер мен қауіпті.

Тәрбиешінің қорытынды сөзі: Бағдаршам - біздің досымыз. Ол бізді жол апатынан құтқарады. Ол үшін біз жолда жүру ережелерін сақтауымыз қажет.
1 - бала: Жолдан өтерде тоқтап, жан жағыңа қарап ал.
2 - бала: Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт.
3 - бала: Жолға жақын ойнама! Бұл өте қауіпті.
4 - бала: Жаяу жүргіншілерге арналған жолдардан ғана өт.
5 - бала: Көліктен түскен соң артқы жағынан өту керек.
6. Жолда жүргенде бағдаршамға мұқият қараңдар.
7. Ата-аналарыңсыз жолға шықпаңдар.
8. Жолда доп ойнамаңдар. Жол апаты айтып келмейді.
Жол тәртібін сақтаймыз,
Ел үмітін ақтаймыз! - деп қорытындылау.







Қызыл, сары, жасыл

Жарияланды 5-11-2012, 09:00 Категориясы: Бала-бақша 

Тақырыбы: Қызыл, сары, жасыл.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Ойын, тренинг
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет жаңашылдығы: Бала құқығын қорғау инспекторы қатысады.

Міндеті: Жол және адам қауіпсіздігін балаға түсіндіру.
Мақсаты: Жол және адам өмірінің қауіпсіздігін алдын ала алу.
1) Білімділігі: Балаларды бағдаршам туралы жол ережелерін маңызды екенін ұғындыру.
2) Тәрбиелік мақсаты: Дене жаттығуларын жасау арқылы жылдам
3) Дамытушылық мақсаты: өмірін сақтау үшін жол қауіпсіздігінің ережелерін орындауды дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: Бүктемелер, бағдаршам
ҰОӘ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Балалармен сәлемдесу, назарын ҰОӘ-не аудару.

Тәрбиеші: - Саламатсыздар ма балалар! Саламатсыздар ма қонақтар! Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Қызыл, сары, жасыл»
Балалар қане жылы лебізімізді білдірейікші.
Шаттық шеңбері.
Күндей жадырап, айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап, судай көңілмен бүгінгі күнімізді бастайық. Балалар біз бүгін жол ережесімен танысамыз. Жолда жүрудің, адамдардың да көліктердің де өз тәртібі бар. Ал енді балалар мен сендерге жол ережесі туралы өлең оқып берейін.
Ауыл менен оның көшесінде.
Жүрмейді тек алаңсыз
Ережесін білмесеңіз
Түседі қайғы амалсыз.
Сақтық ойлар әрдайым
Кеудесінде жаны бар
Жүргіншімен жүргізушінің
Өзіне тән заңы бар.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы бағдаршамды ортаға шақырамыз. Балалар көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады. Бағдаршам өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілің алу баршамызға ортақ. Олай болса балалар бізге «Бағдаршам» қонаққа келіпті.
Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мені барлық елдердің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы қонаққа келдім.
Тәрбиеші: Қош келдің Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміз саған қатысты болмақ. Сондықтан да бізбен бірге бол.
Бағдаршам:
Күндіз түні жанамын
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар
Белгілі жаспен кәріге
Мен бағдаршам боламын.
Тәрбиеші: Бағдаршам біздің балалар өте ақылды! Бағдаршам туралы көп тақпақ біледі. Тыңдап көріңізші!
Меруерт:
Сапар шексек сізбен біз,
Сан көлікке мінеміз
Троллейбус, трамвай
Автобусбен жүреміз

Аңсар:
Көлік, көлік, көлік
Көліктерге мінеміз
Көшелермен, көшелерімен
Күнде тынбай жүреміз
Меруерт:
Тәртіп бұзсақ абайсыз
Жағдай туар қолайсыз
Май қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз
Мансур:
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау саламат жүреміз
Бағдаршам: - Иә, расында да балалар өте ақылды екен. Балалардың тапқырлығын тексеріп көрейінші! Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр. Бағдаршамның неше көзі бар?
Балалар: - үш көзі бар.
Бағдаршам: - бағдаршамның көздерінің түсі қандай?
Балалар: - қызыл, сары, жасыл
Бағдаршам: - Оның түстері нені білдіреді?
Балалардың жауабы.
Бағдаршам болып киінген үш қыз тақпақтарын айтып береді.
Қызыл – Перизат
Қызыл көзі жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда

Сары – Ақбота:
Сары көзі жанғанда
Сақ абай бол барынша

Жасыл – Мирас
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіре бер бел асып

Үшеуі бірге: Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда

Сергіту сәті:
1) Бағдаршамның қызыл түсін көрсету.
Балалар орындарынан тұрады.
2) Бағдаршамның сары түсін көрсету.
Балалар екі жаққа кезек-кезек дайындалады.
3) Бағдаршамның жасыл түсін көрсету.
Аяқтарын топ-топ басады.

Тәрбиеші: Балалар бағдаршамның қызыл жарығы жанғанда кімдерге өтуге рұқсат етілген.
01- Өрт сөндіру мәшинесіне
02- Жол полиция мәшинесіне
03- Жедел жәрдем мәшинесіне
04- Газ мәшинесіне. Балалар ол мәшинелер белгілі дабылмен жолдан өтеді.
Өте тамаша балалар сұрақтарға керемет жақсы жауап бердіңдер.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Рахмет балалар бүгін сендер өздерінің жол ережесін білетіндеріңді көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
582
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі