Тақырыбы: "Жомарт ата бағына саяхат" ертеңгілік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: "Жомарт ата бағына саяхат" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне қажет, күз ертеңгілігін өткізу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: "Жомарт ата бағына саяхат"

Тәрбиеші: Саламатсыздар ма, қымбатты қонақтар? Сіздерді бүгінгі күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді көруге шақырамыз.

Тәрбиеші: Балалар, біз қазір Жомарт атайдың бағына саяхатқа барамыз. Онда біз Жомарт атайдың жемістерімен, көкөністерін жинап көмектесеміз бе?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: Міне балалар, күз мезгілінде жемістер мен көкөністер піседі екен. Егіншілер егін орып қамбаға егін жинайды. Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Мінекей, Жомарт атайдың бағына да жеттік. Балалар, аталарыңмен амандаса қойыңдар.

Балалар: Саламатсыз ба, ата?

Жомарт ата: Саламатсыңдар ма балалар, менің бағыма қош келдіңдер. Менің ағаштарым мен жерім биыл көп өнім берді. Мен жинап үлгіре алмай сендерді күтіп отырмын.

Тәрбиеші: Жомарт ата, сіз шаршаған шығарсыз алдымен балалардың өлеңдерін тыңдап алыңыз, атамызға күз туралы өлең айтып берейікші.

Ән: "Күзге сәлем!"

Жомарт ата: балаларым, рахмет әндеріңді тыңдап шаршағанымды бастым.

Тәрбиеші: Жомарт атамызға тақпақтарымызды айтып берейік.

Айжұлдыз: Біздің дала бай дала, Аяла: Астық, жеміс жиналды,

Алтын астық айнала. Қамбамызға құйылды.

Ел егінді жинайды, Ардақты күз мың алғыс,

Қырманға дән сыймайды. Алдық өнім сыйымды.


Махаббат: Сап-сары ғып даланы, Ерасыл: Алтын, саы, қызыл, көк,

Бояпты ғой күз деген. Алуан, алуан жапырақ.

Құстар қанат қағады, Күзгі бақта күлімдеп,

Қоштасқандай бізбенен. Көз тартады атырап.

Тәрбиеші: Жомарт атай біздің балалар мақал-мәтелде біледі, кім айтады?

Альтаир: Ағаш көркі - жапырақ.

Ерсін: Еңбек - ер атандырады.

Тәрбиеші: Балалар Жомарт атамыз шаршаған шығар оған жемістер мен көкөністерді ажыратуға көмек берейік.

Ойын: "Жеміс пе, көкөніс пе?"

Шарты: Балалар екі себетке көкөністер мен жемістерді ажыратып жинайды.

Тәрбиеші: Кәне, енді ортаға кішкентай саңырауқұлақтар би билеп берсін.

Би: "Саңырауқұлақтар"

Тәрбиеші:Ата, енді қыздардың биін тамашалаңыз.

Би: "Жапырақтар"

Жомарт ата: Жарайсыңдар балаларым, менің берген тапсырмамды мүлтіксіз орындап, жемістерім мен көкөністерді жинап бердіңдер, сендерге рахмет. Өнерлі, білімді балалар екенсіңдер.

Тәрбиеші: Ата, балалар тағы да өлең айтсақ дейді.

Ән: "Ойыншықтар"

Жомарт ата: Жарайсыңдар балаларым, мынау менің бақшамнан сендерге сыйым, дәм татыңдар.

Тәрбиеші: Балалар, Жомарт атайға рахмет айтып қоштасайық.

Балалар: Жомарт ата, рахмет, сау болыңыз!

Балалар әуенмен залдан шығып кетеді.




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2018
521
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі