400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы «Жүземіз, сүңгиміз, тыныс алуды ұмытпаймыз».

Материал туралы қысқаша түсінік
матерал МД топтарға арналған.жүзу сабағында дем алу және дем шығару жатығулары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересек топтағы балаларға арналған жүзу сабағының конспектісі.

«Жүземіз, сүңгиміз, тыныс алуды ұмытпаймыз».


Бағдарламалық құрылымы:

  • Дем алу қимылмен келістіріледі;

  • Бұлшық еттің қатаюы;

  • Жүзу дағдыларын одан әрі жетілдіру.


Сабақтың барысы:

Нұсқаушы: Сәлеметсіздерме, балалар!

Бәрімізде біз, сұлумыз, әдеміміз.

Деніміз де сау!

Менде сендерге деген қызық жұмбағым бар: «Біз нені істеуге ерінбейміз?»

Балалардың жауаптары: ­­­­­­­­­_________.

Нұсқаушы: Біз дем алуға ерінбейміз.Демді біз мұрын арқылы аламыз, ол жерде ол шаңнан, микробтардан тазарады, дымқылданады және жылынады.

Қане, сендердің мұрындарын қалай дем алатынын тексерейік. Оңай ма? Оңай дем алу үшін маңызды ережелерді білу қажет.

ЕРЕЖЕЛЕР:

1 - мұрынмен дем алыңдар,

2 – дем алғанда иықты көтермеңдер,

3 – дем алғанда ішті қолдану қажет.


  1. «Ғажайып - мұрын»

Мұрынмен оңай дем аламын,

Ақырын дем аламын, терең дем аламын,

Жаттығуды орындап, демімді ұстап қаламын.....

Бір, екі, үш, төрт –

Бір ақылды түсіндім.

Дем алусыз өмір жоқ ,

Дем алусыз әлем жоқ.

Дем аламын мен, дем аласын сен, дем алады ол...

Құстар да, гүлдер де, айналаның бәрі де.

  1. Бір иығыма үрлеймін, екінші иығыма үрлеймін.

Күннің көзінің ыстығын – ай,

Ішіме де үрлеймін, ауызымды шүршейтіп,

Ал енді бұлттарға,

Сәл кідіріп тоқтаймын!

(Балалар жаттығуды тақпақпен келістіріп орындайды)

  1. «Желбаққыш»

Желбаққышты құрамын,

Айналады ол менде.

Жел оңнан, жел солдан.

Желбаққышты бағамын.

  1. «Шар»

Бір қол кеуденің тұсында, екіншісі іштің үстінде.Дем алғанда іш үрленеді, «шар» сияқты, демді шығарғанда шар жарылады.

  1. «Жылан»

Қол белде, алдыға еңкейіп «ш» дыбысын шығарамыз, тұрамызда – демді шығарамыз.

Нұсқаушы: Біз бүгілдік, жазылдық, - ал енді бәріміз бірге суға кіреміз.

Судың ішінде:

  1. «Паровоз» ойыны.

Жүріс: Мен паровоз сияқты дем аламын чух-чух-чух.

Доңғалақтың салдырымен чух-чух-чух, салдырлаймын мен.

Демімді ашамын чух-чух-чух-чух-чух-чух.

Нұсқаушы: Шеңбер құрып тұрамыз,

Шеңбер айналып жүреді.

  1. «Көпіршік» ойыны.

Балалар шеңбер бойымен жүріп, сөздерді қайталайды:

Үлкей көпіршік, үлкен болып өс.

Жарылмай, осы күйде қала бер.

Шар ұшып келеді,

Ағаштың бұтасына ілінді.

Шар жарылды (балалар дем алу және дем шығару жаттығларын орындайды).

Нұсқаушы: Бәріңнен де тұруды өтінемін,

Менің айтқан нұсқауларымды орындаңдар.

Терең дем алып, жұлдыз жаса.

  1. «Кеудеге тағылған жұлдыз».

Нұсқаушы: Егер де біз дем алмасақ бізбен не болады?

Иа,біз өлеміз. Біз оны білеміз:

Дем алусыз өмір жоқ,

Ал сендер дем алмай қанша уақыт жүре аласыңдар?

  1. «Сүңгі» жаттығуы.

Үш рет терең дем алып судың астына сүңгіп кетіп судың астында демді ұстап қалу қажет. Мен сол уақытта секундпен уақыт өлшеп тұрамын. Судың астында енді отыра алмайтындарынды сезген соң, тез сүңгіп шығыңдар, бірақ сонымен қатар неше уақыт судың астында отырғандарыңды есте сақтап қалыңдар.

Нұсқаушы: Балалар, енді сендер білесіңдер, дем алудың арқасында біз өмір сүреміз, сөйлейміз. Ал енді балалар бәріміз бірге жүзейікші.

  1. «Бағыт» етпеттен.

Балалар дем алып судың бетінен сырғанайды да суға демді шығарады.

Нұсқаушы: Ал енді бәріміз бірге «атқымалаларды» көрсетеміз.

  1. «Торпеда».

Етпеттен жатып құлаштап жүзуіндегі аяқпен жұмыс жасау.

Нұсқаушы: Біз жүземіз, дем алуды ұмытпаймыз.

  1. Дем алып – шығарудың сериялары.

Суға демді алып – шығару.

Нұсқаушы: Балалар, ал енді қолдарыңнан ұсталыныңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Көз алдарыңа таза ауаны жұтып тұрғандарыңды елестетіңдер...Оны тек қана мұрынмен ғана емес бүкіл денелеріңмен алып-шығарғандарыңды елестетіңдер. Аяқтың терісімен, іштің, қолдың, бастың....Дем алу....Дем шығару....Денеміз губкаға айналады... Дем алғанда ол терінің тесіктерімен ауаны сіңіріп алады, ал демді шығарғанда сыртқа шығады. Дем алу...Дем шығару....

Сендер жақсылап демалдыңдар...Ағзамыз қажетті оң зарядтармен қамтылды...Мен 5 дейін санаймын.... бем деген кезде көздеріңді ашыңдар....Денеміз біраз жеңілдеп қалды...Көңіл күйіміз жақсы....

Нұсқаушы: Мен сендерге тек қана денсаулық пен жақсылық тілеймін, таза ауамен дем алыңдар.

Судан шығу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі