Тақырыбы: «Жылылық күннің көзінде, тәрбие әже сөзінде» сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Жылылық күннің көзінде, тәрбие әже сөзінде» сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жылылық күннің көзінде, тәрбие әже сөзінде» — бұл сайыс әжелердің өмірлік тәжірибесі мен даналығын, ұлттық тәрбие берудегі рөлін насихаттауға арналған. Сайыс барысында әжелердің ақыл-өсиеті, салт-дәстүрді ұрпаққа жеткізуі, тәрбиелік мәні бар әңгімелері мен өнегелі сөздері көрсетіледі. Негізгі мақсаты — отбасылық құндылықтарды дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет сезімін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Жылылық күннің көзінде, тәрбие әже сөзінде» сайысы

Мақсаты : Балабақша мен ата - аналар арасында тығыз қарым - қатынас орнату. Халқымыздың ұлттық мейрамы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін дәріптеу,ұлағатты дәстүрді құрметтеуге дағдыландыру. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Балаларды қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.


Жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ата-аналар.Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай өткелі отырған, «Жылылық күннің көзінде, тәрбие әже сөзінде» атты әжелер сайысына қош келдіңіздер! Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз-мұсылман қауымының ұлттық мейрамы.Наурыз-жыл басы. Наурыз ұлыс күні, наурыз ырыс-бірліктің, үміт пен жаңарудың атқан таңы.Күн мен түннің теңелу тұсында бір-бірімізге ақ тілек айтып, ақ жарма пейілдерімізді білдіреміз.

Бала деген бал екен,

Бал дегенің бала екен.

Немеренің бойында,

Бар тәттілік бар екен.

Сіздерді «Жылылық күннің көзінде, тәрбие әже сөзінде» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.


Жүргізуші : Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді ол кісі
Қандай ғажап күлкісі - дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы әжелерімізді ду - қол шапалақпен ортамызға шақырайық!

  1. Менің әжем, ақ әжем,
    Ұл мен қыздың бағы әжем.
    Ертегі айтып бер десең,
    Айтып берер тағы әжем-дей отырып Зеренің әжесі
    Алтын әжейді қарсы

алыңыздар!

2. Әже біздің күніміз
Әжемнің біз гүліміз
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз,- дей отырып Алиярдың әжесі Равилья әжейді қарсы

алыңыздар!

3. Менің әжем – гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін,
Нағыз ана тілі әжем-дей отырып
Даниалдың әжесі Зоя әжейді қарсы

алыңыздар!

Нешінші болып өнер көрсететіндеріңізді анықтау үшін қоржыннан асықтарды таңдауларыңыз сұралады. Алған нөмерлеріңіз бойынша сайысқа түсесіздер.




Жүргізуші: Ал халайық, ықыласпен демелелік,
Әжелердің бұл сайысын көрелік.
Әжесімен немересіне қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік - деп әділқазы алқаларымен

таныстырамыз.


«Жан жүрегім, жарығым» деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді, өмірден жиған барлық ғибратын немере тәрбиелеуге арнайды. Ата жолын қусын деп адал еңбекке, мейірімді болсын деп қайырымдылыққа баулиды. Әженің әңгімесі мен ертегісін тыңдау, өнегесін үйрену, ақылын жадында тоқу-ұрпақ міндеті. Ол киелі, қасиетті, ардақты жан. 


Енді сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін.

1.«Мен әжемін, ұрпағын әлдилеген» (өзін таныстыру)
2.«Білгенге маржан» (мақал-мәтелді жалғастыру)
3.«Өнерлі саусақтар» (
дайын қолөнер бұйымдарды көрсету)

4. «Өнерлінің өрісі кең» (Абайдың әндері немесе өлеңдерін айтып беру )

5.«Сыр сандық» сұрақ - жауап сайысы. (тиым сөздер, ырымдар мен әдет –

ғұрып, салт – дәстүрлер)


Ән: «Әжетайым» (Сарғалдақ тобы бүлдіршіндері)


Жүргізуші: Әжелер аман-сау жүріңіздер,

Ғұмырда мазмұнды өмір сүріңіздер

Шырағың жанғанын көз көріп,

Бақыттан шаттанып жүріңіздер!

Ұлу жылы шуақ болып шашылғанда ,

Жар салып таныстырып өзіңізді

Арнаумен бастаңызшы сөзіңізді- деп, танысу сайысын бастаймыз.


1-кезең.«Мен әжемін, ұрпағын әлдилеген» (өзін таныстыру)

«Өзіңді-өзің танысаң істің басы»-деп, енді сайыскер әжелерімізбен танысудың уақыты да жеткен секілді. Сөз кезегі өзеріңізде. 
Әжелер өздерін таныстырады. (Әділқазылардан бағасын сұрау)


2 - кезең.«Білгенге маржан» (мақал-мәтелді жалғастыру)

Қазақ халқының үлгі , тәрбие құралдарының бірі мақал-мәтелдер.Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдеттен, жат пиғылда, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырады. Олай болса біздің 2- кезеңімізге кезек берейік.


І. 1. Жаңбыр бір жауса,.... (терек екі жауады)
2. Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі алтын)
3. Қымбат дүние қолға түсе бермейді,...(қымбат сөз ауызға түсе бермейді).


ІІ. 1.Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)
2. Ақымақ ішкен жегенін айтады....(ақылды көрген білгенін айтады)

3. Мал басынан байланады...(адам тілінен байланады)


ІІІ. 1. Білген кісі тауып айтады,... (білмеген кісі қауып айтады)
2. Мың малын болғанша,... (бір балан ғалым болсын)

3. Ердің атын... (еңбек шығарады)

Жарайсыздар! Әжелерімізге қол соғып қояйық. Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау.


Жүргізуші: Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсің
Біз айтайық төрелігін соңынан.

3-кезең «Өнерлі саусақтар» (Үйден жасап әкелген ұлттық нақыштағы бұйымдарынызды

көрсетіп таныстырасыздар)

Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата - баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан
- Сайыстың 3 - ші кезеңінде әжелеріміздің бұйымдарын бір-бірден көрсетіп, түсіндіре айта кетеді де, әділ-қазыларға тапсырады.


Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау.


Би: «Қазақ биі»


4-кезең «Өнерлінің өрісі кең»


Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тітті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй- деп Абай атамыз айтқандай «Өнерлінің өрісі кең» кезеңіне де келіп жеттік. Өнерлеріңізді ортаға салуға шақырамын. Төртінші кезеңімізді бастайық әжелер.


Жүргізуші: Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой санаға, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын
«Қазақ» атты үлкен кіші балдырған.

Қазақ халқының үлгі, тәрбие құралдарының бірі – тиым сөздер, ырымдар мен әдет - ғұрып, салт - дәстүрлер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдеттен, жат пиғылдан орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырады. Олай болса біздің келесі кезеңіміз.


5-кезең «Сыр сандық» сұрақ - жауап сайысы

Әр әжеге 1 - билеттен беріледі, 3-сұрақтан жауап береді.

Сұрақтар

1 - билет
1. « Наурыз» сөзі қандай ұғымды білдіреді? (Жаңа күн)

  1. Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай?

  2. Ерулік беру-қазақтың салт-дәстүрінің бірі. Мағынасын түсіндіріңіз.


2 - билет
1. Жеті ата қалай аталады? ( Немере,шөбере,шөпшек,немене,жүрежат,туажат)
2. Қазақ халқы баласына қандай тәрбие береді?

3. Сарқыт- деген әдет-ғұрыптың мағынасын түсіндіріңіз.

3 - билет
1. Үш арсыз қалай аталады? ( ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.)
2. Наурыз мерекесінде қандай тілектер айтылады? («Ақ мол болсын», «Төрт түлік ақты болсын», «Ұлыстың ұлы күні құтты» т.б.)

3.Асар жасау-деген салт-дәстүрдің мағынасын түсіндіріңіз.


Әділқазылар алқасы әжелеріміздің жауаптарына беретін бағаларыңызды көрсетсеңіздер.



Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын- деп, сөз кезегін әділ-қазылар алқасына берелік. 

Әжелерімізге номинациялар беріледі.1. «Білгір әже» -

2. «Алтын оймақты әже» -

3. «Өнерлі әже» -

Өсіп бізге күлімдеп,

Өс, жарығым күнім-деп.

Күнде бата беріңіз!

Жүзіңізден әр таймай,

Жүз жасаңыз қартаймай!-дей келе , «Батасыз құл жарымас, баталы құл арымас»-деп әжелеріміздің осындай тамаша рәсімі жалғасын таба берсін деген ниетпен үлкендерімізден бата сұрайық. Әжелердің үлкені бата береді.

Қайырымды қасиетті

Ең ардақты ақ әжем
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес, бал әжем
Аман – есен жүріңізші
Бар тілегім сол әжем – дей отырып, бүгінгі
«Жылылық күннің көзінде, тәрбие әже сөзінде» сайысымыз аяқтала келді. Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілеп, немерелеріңіздің қасында ұзақ өмір сүріңіз дегіміз келеді. Наурыз мерекесі құт береке, байлық әкелсін.


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі