жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы: Кері есеп
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні : математика Күні: Сынып: 1 |
Мұғалімнің аты-жөні: Нұрпайда Аида Рысбайқызы Қатысқандар саны: 25 Қатыспағандар саны:0 |
||
Сабақтың тақырыбы |
Кері есеп |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.5.1.3 Қосынды мен қалдықты табуға арналған есептер шығару және талдау.Кері есептер құрастырып,оларды шығару.
|
||
Ойлау дағдылары |
Білу,түсіну және қолдану
|
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар:Есепті шешуге қажетті тірек сызбаларын таңдай алады. Оқушылардың басым бөлігі: Қалдықты табуға арналған есептерді шығарып,талдай алады. Кейбір оқушылар: Кері есептер құрастырып шығара алады. |
||
Бағалау критерийлері |
-Қосынды мен қалдықты табуға арналған есептерді шығарады. -Қосындымен қалдықты табуға арналған есептерді талдайды. -Кері есептер құрастырып оны шығарады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Қарым қатынас және ынтымақтық құндылықтарды қалыптастыру. |
||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану, Сауаташу |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта |
||
Тілдік мақсаттар |
Талқылауға арналған сұрақтар: -есептің шешуін тексеру үшін қандай есептер құрастырамыз? -есептердің ұқсастығы мен айырмашылығын тап?
|
||
Алдыңғы білім
|
Есептің шешуін табу үшін қандай есептер құрастырамыз? «Пазл» әдісі
Есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын анықтайды
|
||
Сабақ барысы |
|||
|
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтас- тық атмосферасын қалыптастыру 5 минут
|
Психологиялық дайындық: Қуан шаттан, Қуан шаттан Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң, Қайырлы күн, Күліп шыққан күн бүгін. -Көңіл күйлерің қалай? -Керемет. -Ынталарың қалай? -Тамаша. -Білім алуға дайынбыз ба? -Дайынбыз. Топқа бірігу |
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы 25 минут
|
Кіріспе тапсырма. Оқушыларға өз тобын таныстыруын сұрау Бағалау -Балалар,барлығың тапсырманы дұрыс орындап,топтағы қыздар мен ұлдар санын графикалық модель арқылы көрсетіңдер.Сондықтан бір-біріңе қошемет көрсетіп қойыңдар. Оқулықпен жұмыс 1 сынып бойынша: Дамир 7 қызғалдақ және 10 сарғалдақ пиязшығын сатып алды. Дамир неше гүл сатып алды? 10 7
.
? Дескриптор : -есепті оқиды,оны талдайды. -есепті шығарады (МК;Т )Сызба бойынша есеп құрастыр ? 7
17 Сызбада не белгілі?Не белгісіз?Есепте қандай сұрақтар болуы тиіс? Әр топ сызба бойынша есеп құрастырады Дескриптор : -сызба бойынша есеп құрастырады. Кері байланыс :«Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды. Шығарып көр.
Сыныпта 12 бала би үйірмесіне, ал 7 бала музыка үйірмесіне барды.Барлығы неше бала үйірмеге қатысады? Дескриптор : -есепті оқиды,талдайды -берілген модельдің ерекшелігін табады -есептің сұрақтарына жауап береді.
Орындап көр:Берілген сызбаға сәйкес құрастыруға пайдаланылатын сөздерді суреттен таңдап ал. Есеп құрастыр және оны шығар.
Дескриптор: -есепті оқиды,оны талдайды; -есепті шығарады; Ойын:
Дескриптор:Реттілікті есте сақтаудың жақсы тәсілі-қайталайды;
|
Әр оқушыға арналған: 1 ламинатталған қағаз парағы; А3 қағазы, маркер;оқу-лық |
|
Сергіту сәті 1 минут |
1,2,3 қарлығаш боп ұш, 4,5,6 қарлығаш боп қалқы, 7,8,9,10 қарлығаш боп қон.
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
Қосымша тапсырма 5 минут |
әптермен жұмыс 1 сынып бойынша: Сызбалар мен теңдіктерді сызықтар арқылы қос.
Дескриптор : -есепті оқиды. - берілгені есепке кері есеп құрастырады. - сызықпен қосады..
Дәптермен жұмыс: Жыл құстары Сызбаны сызып,есеп шығар. Берілген есепке 2 кері есеп құрастыр. Оларды шығар. Көктемде оңтүстіктен 20 қарлығаш пен 30 көкек ұшып келді. Оңтүстіктен барлығы неше жыл құсы ұшып келді?
Дескриптор : - Берілген тапсырмамен танысады; - берілген есепке 2 кері есеп құрастырады. -есептің мәнін шығарады. |
дәптер |
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия Бабол ағашы
|
Бабол ағашы стикер |
|
Дифференциа- ция -оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға арнайы тапсырмалар беріледі. |
Оқушының сабақты меңгеру деңгейін анықтау үшін қалыптастырушы бағалау түрінде мына сұрақтарды қойып, тексеру: — Есеп шартын қалай беруге болады? — Неліктен графикалық модельді пайдалану қолайлы? Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалату Оқушыларды олардың бірлескен жұмыстары немесе жеке жұмыстары кезінде қадағалау. «Бас бармақ», «Бағдаршам»,«жарайсың» тәсілі арқылы кері байланыс орнату.
|
Пәнаралық байланыс Дүниетану .
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сергіту
жаттығуын орындау. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген