Материалдар / Тақырыбы: «Кім жылдам-кім епті?».
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тақырыбы: «Кім жылдам-кім епті?».

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Кім жылдам-кім епті?». Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру; Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№56 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

080000, Тараз қаласы, Құмшағал алқабы Ақсарай көшесі №12, тел:55-02-52, kumshagal@mail.ru




КІМ ЖЫЛДАМ- КІМ ЕПТІ?




«Жұлдыз» тобы.



Тәрбиешілер: Бокебаева Ш.А









2024ж

КІМ ЖЫЛДАМ- КІМ ЕПТІ?

Тақырыбы: «Кім жылдам-кім епті?».
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Өтілетін орны: Спорт алаңы.
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, конустар, ысқырық.

Құрметті тәрбиешілер мен балалар, бүгінгі «Спорт - өмір көркі» сайысына қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 2 топтың яғни, «Қыран» және «Сұңқар» тобының балалары қатысады. Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділ - қазылар алқасымен танысайық. Әр кезең сайын әділ - қазылар өз бағасын береді.
- Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Салауатты өмір салтын сақтаңыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаңыз.
Бала бақша балалары
Парасатты, айбынды,
Болыңыз сіз сегіз қырлы, бір сырлы.

Топпен танысу
- «
Қыран» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.

- «
Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.

- Жарайсыңдар балалар, олай болса жарысымызды бастамас бұрын денемізді қыздырайық, сендерді ортаға дене қыздыру жаттығуына шақырамын.

- Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.

І. Кезең. «Қос аяқпен секіру»
Шарты: Қос аяқпен берілген бес шеңбер ішіне секіріп, белгіленген конусты айналып, кері қарай тап солай тапсырманы орындау. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.

ІІ. Кезең. «Ирелеңдеп жүру»
Шарты: Сызылған сызық бойымен ирелеңдеп жүріп барып, белгіленген конусты айналып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.

ІІІ. Кезең. «Қасықпен суды төкпей стаканға құю»
Шарты: балалар қолдарына толтырылған қасықтағы суды ұстап , стол үстіндегі тұрған стаканға барып құйады ,белгіленген конусты айналып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген және шелектегі су мөлшері көп болған топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.

ІҮ. Кезең. «Кім жылдам?»
Шарты: балалар өздеріне берілген геометриялық пішін, яғни төртбұрыш пен шеңбер үстімен жүріп, белгіленген конусты айналып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.

Ү. Кезең. «Жас спортшылар»
Шарты: балалар допты жерге ұрып жүгіріп, белгіленген конусты айналып, кері қарай добты қолға ұстап жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділ - қазы сайысты әділ бағалар,- деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділ - қазы алқаларына беріледі.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік достар!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!