ТАҚЫРЫБЫ: «КІТАП ОҚУ ТЕРАПИЯСЫ» жобасы аясында ата-аналармен «BOOK Art» психологиялық тренингі
«ЖАМБЫЛ – АҚЫЛ-ОЙДЫҢ АЛҒЫРЫ, ӨЗГЕГЕ ҰҚСАМАЙТЫН ДАРА, ОҚШАУ. ОНЫҢ БІР ӨЗІ ӘРІ ЭПИК,ӘРІ АЙТЫС АҚЫНЫ , ӘРІ АЗАМАТТЫҚ ӘУЕННІҢ ДЕ АҚЫНЫ»
МҰХТАР ӘУЕЗОВ
Мақсаты: ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақындық талантын адамзат жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, патриоттыққа тәрбиелеу. Ескі және қажет емес кітап-журналдардың беттерін пайдалана отырып, белгілі бір сурет бейне жасау және ата-аналар өз фантазияларымен қиялы арқылы жұмыс жасау.
І.Амандасу «Менің есімім, менің қимылым» Әрқайсысысы өз есімін айтып, өз қимылын көрсетеді.
БАРЫСЫ:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Топтық жұмыстар
-
Сергіту сәті
-
«BOOK Art» технологиясы
-
“Шынымды айтсам” қорытынды
Топтық жұмыс кезеңдері
-
“Әдеби джем”
-
“Аннограмма”
-
«BOOK Art» технологиясы
Кіріспе сөз Заманына «хх ғасырдың Гомері» жыр дүлділі, ғасыр ақыны , жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың туылғанына 175 жыл толуына орай мектебімізде 18 қаңтардан бастап «Ұлы даланың жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбында жоспар құрылып, іс-шаралар басталды.
«ЖАМБЫЛ ЖЫРЛАРЫ ТЕҢІЗ ТҮБІНДЕ ШАШЫЛЫП ЖАТҚАН МАРЖАН СЫҚЫЛДЫ. ОНЫ ЖИНАП АЛЫП, ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЛЫНА БЕРУ – БІЗДІҢ ӘРҚАЙСЫСЫМЫЗДЫҢ АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫМЫЗ» СОНДЫҚТАН БІЗ ОНЫҢ ӨМІРІН, ЖЫРЛАРЫН БІЛУІМІЗ КЕРЕК.
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН
Жамбыл қазіргі Жамбыл облысында, Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туған. Әкесі Жабай кедей шаруа болған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өмір сүреді. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Ол кездегі оқудың үйрететіні- көбіне діни насихат, ұрып-соғу, дүрелеу болатын. Молданың бұндай қорлығына шыдай алмай , Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ақындық өнерді сүйеді, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді. Жас Жамбылдың алғашқы өлеңдері Жетісу бойына атағы жайылған Сүйінбайға қатты ұнайды, ол бала ақынға көп ақыл береді, сөз өнерін сүйе білуге баулиды. Алғашқы өлеңдерін шығарып Сүйінбайдан бата алады.
ІІ . Сұрақ –жауап кезеңі
1.Жамбыл атамыз қай жылы, қай өңірде туылған?
(Жамбыл облысы, Шу ауданы,Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда дүниеге келген)
2. Жамбыл атамызға биыл қанша жыл толып жатыр? (177 жыл)
3. Жамбыл атамыз қандай ақын?(ақын,айтыскер,домбырашы,жырау)
4. Жамбыл атамыздың баласының аты кім?(Алғадай)
5. Жамбыл атамыздың қандай өлеңдерін білесіздер?(«Ленинградтық өренім», «Әкеме», «Патша әмірі тарылды», «Ақын болдым он үште»,т.б
6. Жамбыл атамыз кімдермен айтысты?(Айкүміспен, Бөлтірікпен, Құлманбетпен, Досмағанбетпен, Шашубаймен, Майкөтпен, Сарбас ақынмен, Бөлектің қызымен)
7. Жамбыл атамыз қандай ордендермен марапатталған? («Еңбек Қызыл Ту орденімен», «Ленин орденімен»,«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған)
8. Жамбыл атамыз кімнен бата алған?(Сүйінбай Аронұлынан)
9. Жамбыл атамыздың ең алғашқы өлеңдерінің бірі?(«Шағым»)
10. Жамбыл атамыз қай жылы қайтыс болған , атамыздың кесенесі қай қалада? (Жамбыл атамыз 100 жасқа аяқ басқанда, 1945 жылы 22 маусымда дүниеден өтті. Ұлы ақын денесі өзі өмір сүрген Алматы облысы Жамбыл ауданында жерленген. Басына үлкен кесене тұрғызылып, ауыл ортасында ақынға арналған мұражай бар)
«Әдеби джем». Жамбылдың «Әкеме», «Абышқа» өлең қиындыларын банкаға қиып салып, содан өлең шумақтарын құрастыру;
«Әкеме » өлеңі әкесі Жабайға арнаған өлеңі. Жапа,Жазыбай,Мәйке –Ыстыбай балалары. Аламан уақытта жортармандық жасаған әкесінің кейбір қылықтарына жас Жамбыл қосылмайды. Ендігі өріс өнерде, ақындықта деп біледі.
«Абышқа» - Абыш – қырғызша шал деген мағынаны білдіреді. 1946 жылы жинақта бірінші рет басылған. 1896 жылы күз айлары, Жамбыл қырғыз елін аралауға шығады.Сол сапарында алдынан жүгіріп шыққан бір қыз Абышқа деп атағанына намыстанып, шығарған өлеңі екен.
ІІ. АННОГРАММА
Жамбыл атамыздың екі топқа әріптердің орындары ауысқан 4 өлеңі берілген. Әріптерді орындарына қойып, қай өлең екенін тез табуымыз қажет. Сіздерде 5 минут беріледі.
І топқа ІІ топқа
МЫҒАШ (ШАҒЫМ) УАЛЙАЖ (ЖАЙЛАУ)
ЕМЕКӘ (ӘКЕМЕ) АҒРАЛАЛАБ (БАЛАЛАРҒА)
ЙАДАҒЛА (АЛҒАДАЙ) УАТАЛА ( АЛАТАУ)
НЫҒУҚ (ҚУҒЫН) ЛІЗӘ (ӘЗІЛ)
СЕРГІТУ СӘТІ
«BOOK Art» технологиясы Ескі және қажет емес кітап-журналдардың беттерін пайдалана отырып, белгілі бір сурет бейне жасау және оқушылар өз фантазияларымен қиялы арқылы жұмыс жасау
Қорытынды бөлім. Рефлексия
-
Шынымды айтсам, мен бүгінгі тренинг кезінде.....
-
Шынымды айтсам, маған бүгінгі тренингте ұнағаны....
Қорытынды сөз
Өмірінің соңғы жылдарында жиі науқастанған Жамбыл атамыз 100 жасқа аяқ басқанда, 1945 жылы 22 маусымда дүниеден өтті. Ұлы ақын денесі өзі өмір сүрген Алматы облысы Жамбыл ауданында жерленген. Басына үлкен кесене тұрғызылып, ауыл ортасында ақынға арналған мұражай бар. Жамбыл атамыз ең жоғарғы наградалармен «Еңбек Қызыл Ту орденімен», «Ленин орденімен»,«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман-аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында бас иеміз.
Жамбыл атындағы №120 орта мектебі
«КІТАП ОҚУ ТЕРАПИЯСЫ» жобасы аясында ата-аналармен «BOOK Art» психологиялық тренингі
Педагог-психолог Г.А.Туреханова
ӘКЕМЕ
Сорлының ұрлап қара атын,
Жазықсыз қиып қанатын,
Жапанда жаяу қалдырып,
Жайым жоқ қарғыс алатын.
Ел арасын егер қып,
Ойым жоқ шұрқан салатын.
Қоныстан елді бостырып.
Неміз бар енді шабатын!
Өлең мен сөзді дос қылып,
Құрамын ақын санатын!
Батаңды маған бер әке,
Тіліме менің ер, әке.
Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті дер әке!
Домбыра алып сөйлейін,
Күнде жасап мереке.
Мерекелі болған соң,
Елде болар береке.
Ұрлық түбі- қорлық деп,
Болармыз құр келеке.
АБЫШҚА
Мәмбетәлі аулында,
Атандым мен абышқа,
Абышқа деп мына қыз,
Тиіп кетті намысқа.
Абышқаның сақалы,
Әлде бұған таныс па?
Абышқаны байқасам,
Емес екен алыста.
Абышқа ма қарашы,
Біздің әсем дауысқа,
Ұзақ таңға қарлықпас,
Ұлы дүбір шабыста.
Айтқан сөзім шет болса,
Сынатайық қалысқа.
Не болмаса жөнде өзің,
Тұлғаң түзу жан екен,
Түсінетін әр нұсқа.....
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз