15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: «Көктем аруы -2017ж»
Күні : 07.03.17ж
Класы : 1 А
Мұғалімі : Мукиева О. А.
Тақырыбы: «Көктем аруы -2017ж»
Мақсаты: болашақ арулардың бойына қазақы тәрбиені бойына сіңіру, «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан - жақты сұлулықтың белгісі екенін түсіндіру
Барысы:
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған
Қолын қатты тигізбей,
Кір көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Жер Анаға тіршілік нәрін себер, көктеммен бірге барлығымыз үшін қымбатты мейрам келіп жетті. Барша аналарға, аруларға ілтипатымызды білдіре отырып осынау төл мерекелеріңіз құтты болсын демекпіз. Бүгін сіздерге «Көктем аруы» байқауын тарту етеміз.
Жүргізуші: Нұрхан Бүгін біздің сыныпта дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар,көңілді қой
Жырдан шашу шашылсын,күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер,халайық,сергітіп бой.
Құрметті қонақтар бүгінгі 1 А сыныбындағы «Көктем аруы » атты байқауға қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Нұртай Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам
Таланттарын табайық –өнер сүйер қауым бүгінгі байқау шарты 4 кезеңнен тұрады.
Нурхан1.кезең«Салем сөздің анасы»(өзін-өзі таныстыру)
Нұртай 2 кезең Қолөнер , қағазбен жұмыс
Нұрхан 3. Кезең «Өнерлі өрге жүзер»(өз өнерін қөрсету:би ,ән,өлең,)
Нуртай 4 кезең.«Сұлулықтың сыры»(Сән үлгісі)
Жүргізуші: Нұрхан
Әділдікпен баға берер аруға,
Әділдікпен қара қылды жаруға
Әділқазы алқаларын сайлайық
(Әділқазылар алқасымен таныстыру
Нұртай Жүргізуші:Балғын жүзі албырап,
Қанатын жаңа қаққан
Қарсы алайық аруларды
Сайысқа дайын тұрған.
Нұрхан Жүргізуші:1) Нұршат сен қандайсың?
Арайлап атқан таңдайсың.
Әдемі, ашық, айдайсың
Ата – ана үмітін ақтайсың
Нұртай Сыныптасым Еркеназ
Сабақты жақсы оқиды.
Ылғи бестік алады,
Әдепті қыз болады
Нурхан Қуантады білімімен бізді Аяулым
Қол соғып қарсы алайық енді оны біз
Білімің серік болсын талабыңа
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
Нуртай.Отбасының еркелеткен
Жарқыраған жұлдызы
Жақсылыққа ұмтылатын әрқашан
Адия деген қызымыз
Нұрхан .Ынталы да инабатты
Өнегелі қызыңыз
Ата-анасының ақылдысы
Айкөркем деген сұлуымыз
Нұрхан Сымбаттысын сен Жанар ,
Талаптанып оқисын.
Мақсат қойсаң алдыңа
Жетерсің талай мұратқа
Нұртай Аңқылдаған ақ көңілмен,
Гүлдей жайнап жүреді.
Озайын деп нық сеніммен,
Нұрдана көзге түседі.
Нұрхан Қылығымен әр түрлі
Бәрімізге жағатын.
Жарқынай кейде қырсықса,
Түйіп алар қабағын
Нұртай .Сыннан өзі бір елі қалмайды,
Жалқаулыққа бармайды,
Бану бүгін байқауда
Ән мен жырын арнайды.
Нұрхан Ұстазын анасындай құрметтеген
Жаны мөлдір, ісі жоқ басқаменен.
Орынгуль ұстазының айнасы ғой
Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген.
Кәусар ды ортаға шақырамыз,
Нұрхан -Кішкентай арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен,ізетпен танысуға.1.Өзін-өзі таныстыру
Нұртай ке лесі сайысымыз қолөнер
Нұрхан Жүргізуші:О, қазақтың қыздары ғажап неткен,
Сұлулықты,өнерді қанат еткен.
Паш етті қазағымды күллі әлемге,
Оларға ай қызығар қарап көктен,- деп 3 кезең «Өнерлі өрге жүзер»(өз өнерін көрсету)
Жүргізуші: Нұртай Көйлек киіп әдемі,
Тамсандырам елімді,
Түрлі-түрлі сән көйлек,
Көз тартады не керек,-деп келесі 4 кезең “Сұлулықтың сыры” «Сән үлгісін» тамашалаңыздар.
Әділқазылар бағаларын беру.
Нұрхан Жүргізуші:Кең даламның ежелгі,
Қазақ дейтін халыкпыз.
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа,
Бүгінгі күннің жемісі
Достық болып қалуда.
Қыздар балқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарына.
Осымен сайысымызды аяқтаймыз
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға.
-Бүгінгі жеңімпазға, «Көктем аруы »атағы беріліп,аруларға мадақтама ұсынылады.
Ер балалардың тақпағы.
1. Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Мерекеде бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Мен мұғалім анамның,
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай.
Оқытушы боламын.
Мен үшін не керек
- бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым
жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде,
шын сағынып қаласың.
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.
Мерекені қарсы алып,
Мәз болады барша жұрт,
Гүл ұсынып анаға,
Бердім өзім ән салып.
Ана - біздің күніміз,
Ана – біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Баланың да тірегі,
Даланың да тірегі,
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз,
Әрқашан да ардақтап,
Бәрі: Анаға бас иеміз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген