400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: Көліктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Көліктер Мақсаты: Білімділік: Көліктер туралы түсінік қалыптастыру. Көлік түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпы білім беретін миялы орта мектебі






Тақырыбы: Көліктер





Тәрбиеші: Набидолла А.Ә











2022-2023 оқу жылы

Тақырыбы: «Көліктер»

Мақсаты:

Білімділік: Көліктер туралы түсінік қалыптастыру.

Көлік түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Көру және есту арқылы қабылдауды, зейінді, жалпы моториканы дамыту

Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсіл: түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ-жауап, кубизм әдісі

Қолданылатын құрал:  Көлік түрлері тақырыптық слайдтар.

Сөздік жұмыс: машина, ұшақ, пойыз, қайық.

Шаттық шеңбері:

Қайырлы күн балабақша

Қайырлы күн апайлар
Қайырлы күн көк аспан

Қайырлы күн жер ана!
Енді менің қолым бос

Жылуыңа жылу қос

Жарайсыңдар орындарыңа жайғасыңдар

Балалар, бүгін мен сендерге бір жұмбақ алып келдім.

Қане, жауабын шешіп көріңдер:

Төрт аяғы дөңгелек,

Екі көзі жанады.

Рулін бұрсаң егер де,

Керек жерге барады.

(Машина)

Аспанда жүзеді

Қанатын қақпайды

Жердеде жүреді

Бауырлап жатпайды

(Ұшақ)

Суда көлік

Құмда өлік

(Қайық)

Дұрыс айтасыңдар.



Ғажайып сәт.

Есік қағылып ішке кішкентай сөйлейтін машина кіреді.

Тәрбиеші. Сен кімсің қайдан келесің біздің топта ашық оқу қызметі болып жатыр еді.

Тайо: Я мен Тайо есімді машинамын. Мен сол себептен балаларға бірнеше ойындар ала келдім.

Ендеше балалар біз тойоның ойындарын ойнаймыз ба ?

Көліктердің қандай түрлерін білесіңдер?

Әуе, Жер,су Көліктері болып үш топқа бөлінеді екен.

Ойын: «Көленкесін тап»,

«Қай зат артық»

«Жасырынған көлікті ата»

Көліктердің иесін ата, олардың атқаратын қызметтерін айт.

Мына суретте көлік бейнеленген. Бұл – жеңіл көлік. Ол адамдарды тасиды. Оған көп адам отыра алмайды.

Ал бұл – автобус. Автобуста орындықтар көп, сондықтан оған көп адам отыра алады.

Бұл – жүк көлігі. Бұл көлік үлкен-үлкен заттарды тасиды.

Бұл – ұшақ. Ол аспанда ұшады. Ұшақ керек жерге тез апарады. Алыс жерге бару үшін ұшаққа отыру керек.

Бұл – кеме. Ол суда жүреді. Су үстінен өту үшін кемеге отыру керек.

Бұл – пойыз. Ол теміржолда жүреді. Алыс жерге шаршамай, ыңғайлы бару үшін пойызға отыру керек. Балалар, сендерде велосипед бар ма? Ол да көлік түрі. Велосипедті жол бойында тебуге болмайды. Себебі, жолда басқа да көліктер болуы мүмкін.

Адамдарға көп қызмет ететін көліктер де бар олар: Жедел жәрдем көлігі, өрт сөндіруші көліктер. Балалар осы көліктерді кімдер жүргізеді? Жүргізушілер түнімен, күнімен қызмет атқарады, бұзылған көліктерді жөндеп жүргізеді екен, сондықтан ол кісілердің еңбегін бағалауымыз керек.

Балалар, көліктер туралы ойын ойнайық.

Сергіту сәті:

Машина кетіп барады,

Жан жағына қарады.

Бағдаршам қызыл жаңғанда,

Машина тоқтап қалады.

Балалар өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.

- Өте жақсы, балалар, көліктер жолда жүру үшін жол ережесін сақтау керек.

Ал көлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтауға бағдаршам көмектеседі.

Мына суретте бағдаршам бейнеленген. Бағдаршамның үш көзі бар. Қане, түстерін атайық: Қызыл, сары, жасыл. Қызыл түс жанғанда – тоқтау керек. Сары түс жанғанда дайындаламыз. Ал жасыл түс жанған кезде жүру керек.


- Жарайсыңдар, балалар, сендер тапсырмаларды сәтті орындадыңдар.

Балалар, сендер тапсырма орындап, шаршаған боларсыңдар. Олай болса, «Ұшақтарға» ұқсап, бой жазып, сергіп алайық.

Музыкалық-қимылды жаттығу: «Ұшақтар»


Қорытынды:

- Біз бүгін не туралы айттық?
- Көліктің қандай түрлері болады?


Бүгінгі оқуқызметімізді тілдік жаттығумен аяқтайық.

Ме-ме-ме мынау кеме,

Ақ-ақ-ақ ұшады ұшақ!

Ақ-ақ-ақ менде бар тікұшақ.

Ық-ық-ық жүзеді қайық.

Ік-ік-ік бәрінің аты көлік.



Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? Оны білдіру үшін мына смайликтарды алып, жүрекшенің ішіне орналастырыңдар.
Осымен бүгінгі оқу қызметі аяқталды. Балаларды мақтау - мадақтау.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.08.2022
620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі