жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы: Колледж мұражайы
Тақырыбы: Колледждің әлеуметтік-мәдени жүйесіндегі мұражайдың рөлі
Авторы: Нуриева Шолпан Камысбековна – «Мәдениеттану» және «Философия негіздері» пәндерінің оқытушысы.
Мұражай мәдениет символы ретінде жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Мұражай әлеуметтік тәрбиенің факторы ретінде қоғамда жеке тұлғаның дамуының негізгі функцияларын жүзеге асыруға ықпал етеді. Мұражайлар эстетикалық тәрбие үшін жағдай жасайды, белгілі бір оқу орнының құндылықтары мен тәжірибесін тарату, мәдени нормаларды, дәстүрлерді, ұрпақтар тәжірибесін тарату, қоғамға жаңа білімді тарату процесін жүзеге асырады.
Біздің тарихымызда мұражай көптеген таңғажайып сәттер мен естеліктерді сақтап, болашаққа мән беріп, оны байытады. Тарихи мұраны сақтау-жас ұрпақтың маңызды міндеттерінің бірі. Бұл міндетті шешудің басты құралы мұражай болып табылады. «Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың»- дегендей, болашақ жас мамандар өткен тарихымызды ақтара қарап, колледж тарихынан көптеген мәліметтер алып отырады
Сондықтан да колледж мұражайы колледж тарихы мен құндылықтарын сақтауға, және білім алушы болашақ теміржолшылар үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталған.
Мұражайдың ағымдағы жұмысын мұражай кеңесі жүзеге асырады, оның құрамына колледждің оқытушылары кіреді.
Колледж мұражайы үнемі дамып келеді, мұражай қоры жаңа құндылықтармен толықтырылып, түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мұражайдың одан әрі қызметі өткен ұрпақтың адамгершілік құндылықтарына құрметпен қарауды қалыптастыруға, коммуникативтік құзыреттілікті, студенттердің зерттеу қызметінің дағдыларын дамытуға, колледж оқытушыларының шығармашылық қабілеттерін қолдауға бағытталған. Колледж мұражайының есігі колледждің тарихы туралы, білім беру мекемесінің бастауында тұрған адамдар туралы, колледжде өз есімдерін шығарған студенттер туралы көбірек білгісі келетін келушілерге әрдайым ашық.
1986 жылы колледж директоры Баймұхамбетов Қуандық Сейсенбайұлының басшылығымен оқу орнының мұражайы құрылды. Мұражай жас ұрпақты колледждің құрылуы және дамыту тарихына тарту, осы Алматы қаласында белгілі оқу орнының тарихи өткенін қалпына келтіру және сақтау мақсатында ашылды. Колледж мұражайы ашылған күннен бастап «Колледж мұражайы туралы ереже» де қабылданды. Ережеде мұражай жұмысының мазмұны мен түрі, басқару және ұйымдастыру жүйесі, қорды сақтау және есепке алу түрлері анық көрсетілген.
Сол кездегі мұражай комиссиясы құрамында болған аға оқытушылар: Борашев З.А., Ашихмина В.В., Сигбатулина Р.С., Саутова И.С., Касымова К.Ж., Христо И.В., Шулгауов Т.Т., Ахметов А.Ж., Березовский В.Е., Сулейменов Т.А. және т.б. колледж тарихы мұражайына материалдар жинады. Содан бері колледж мұражайы жыл сайын көптеген материалдармен, еңбек ардагерлері мен түлектері туралы мәліметтермен толықтыру дәстүрге айналды. Қоғамның дамуы мен темір жол саласында өз үлестерін қосып отырған осы колледж түлектері Қ.С. Баймухамбетовке., С.И. Нусупбековке.,Б.Т. Агибаевқа., А.Г. Муханбетовке., М.Н.Шарубековке, Д.А.Карабатыровқа, М.Б. Оспановқа және т.б. арналған альбомдар бар.
Мұражайда колледж тарихына, Құрметті теміржолшылар - Н. И. Змеевке, К. С. Баймухамбетовке, К. С. Латиповқа, Т. А. Сүлейменовке, Т. Т. Шулгауовқа, Д.К. Тарпановқа., К. М. Жасақбаевқа, С. Ж. Жүсіповке, Т. К. Мүрсалимовке,. теміржол көлігі және колледж кәсіпорындарының бірінші басшылары Социалистік Еңбек ерлері К. М . Мухамеджановқа., А. С. Салықбаевқа., М. Е Бисимбиевке., Д.К. Тарпановқа., С.И. Нусипбековке., Еңбек және соғыс ардагерлері: Г.Г. Мугеновке., Ф.К.Товчихке., З.А. Борашеваға., Г.К. Бектасоваға., Р.С. Сигбатулинаға арналған стендтер жасалынған.
Колледж мұражайында оқу орнының тарихы, ашылу туралы құжаттары, бұйрықтары, алғашқы түлектер туралы деректер мен фотоматериалдар, колледждің кезендері мен мамандықтар туралы ақпараттары бар. Сонымен қатар, колледждің күндізгі бөлімінде білім алған түлектер мен атақты тұлғалар, жетістіктері, кездесулер мен марапаттаулар туралы материалдар жинақталған. Мұражайда колледждің қызмет еткен кезеңіндегі марапаттаулар, кубоктар, құрмет грамоталары, сондай-ақ колледждің басқа да жетістіктері, колледждің атаулы мерейтойлары қарсаңында шығарылған стендер мен альбомдары сақталған.
Колледж мұражайының меңгерушілері: ең алғашында Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Байсакова Майгуль Суйгенбаевна, кейіннен «Қоғамдық пәндер» циклының төрайымы, тарих пәнінің оқытушысы Мусабаева А.К. болды.
Мұражайда колледж құрылған күннен бастап қазіргі уақытқа дейін төмендегі мамандықтар бойынша түрлі мәліметтер сақталған.
Темір жол көлігіндегі тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару;
Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару;
Темір жолдың электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
Темір жолдың тартуға арналған жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
Вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамды пайдалану, жөндеу, және техникалық қызмет көрсету;
Темір жол құрылысы, жол мен жол шаруашылығы;
ТМК – Кәсіптік лицей.
Сондай-ақ, колледж және қызметкерлердің барлық жетістіктері, теміржол басшылары мен атадан балаға жалғасқан теміржолшылар отбасылары Ахметовтар, Баймухамбетовтар, Нусипбековтар, Шулгауовтар әулеттері туралы жазылған стендтер бар.
Соңғы жылдары мұражайда негізгі стендтер 80% жаңартылып, колледждің 90 жылдық жолын баяндайтын көптеген жаңа материалдар пайда болды.
Жыл сайын жоспар бойынша қыркүйек-қараша айларында колледждің даму тарихымен және мұражай материалдарымен танысу үшін жаңа қабылданған білім алушыларға мұражайға саяхат жүргізіледі.
Мұражай материалдары оқу топтарында сынып сағаттарында, студенттік жатақханаларда оқытушылардың әңгімесінде қолданылады. Колледждің жеке қонақтары тыл және еңбек ардагерлері, колледж түлектері мен өндіріс қызметкерлері болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мұражайлық экскурсиялар оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асырады, алған білімдердің өмірмен байланысын нығайтады, білім алушылардың ой-өрісін кеңейтеді, жалпы алғанда балалардың жеке басын дамытуға, өз колледжіміздің патриоты болып, құрмет тұтатын эстетикалық дағдыларды қалыптастыруына, өз мамандығын мақтан тұтуға ықпал етеді деп айта аламын. Біз балаларды музей құралдары арқылы тәрбиелеудің маңызы зор екенін айта отырып, мұражайларда білім алушылардың мәдениет әлемінде білім алу мүмкіндігі пайда болады деп ойымды түйіндеймін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген