жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы: Көмірсутектердің және олардың туындыларының генетикалық байланысы
Бекітемін _____________
Бөлім:
|
11.2. Көмірсутектер және оның табиғи көздері
|
|
Педагогтің аты-жөні: |
Абдибаева С.А. |
|
Күні: 24.11.2025ж |
Сыныбы : 11 «Ә» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Тақырыбы: |
Көмірсутектердің және олардың туындыларының генетикалық байланысы |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
11.4.2.31 - органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысының сызбанұсқасын құру; |
|
Сабақтың
мақсаты: |
|
|
Құндылықтар |
|
|
Сабақ барысы |
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақ басы 3 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушының көңіл-күйін білу Қызығушылықты ояту «Мен ........» тренингі арқылы психологиялық ахуал орнатылады. |
Мұғаліммен сәлемдеседі. «Мен .........». Сөйлемді жалғастырады.
|
ҚБ: Керемет! Өте жақсы! Жақсы!
|
|
5 мин |
Өткенді қайталау. Мұғалім «миға шабуыл» әдісін қолданады.
|
Сұраққа жауап береді |
Кері байланыс: Мадақтау арқылы бағаланады. «Жарайсың!» «Тамаша жауап»т .б
|
Окулык Химия 11-сынып
|
Сабақ ортасы 35 мин |
Жаңа сабақ. Тақырып бойынша қысқаша ақпарат береді Алкандардың генетикалық байланысы Алкендерден туындайтын заттар Алкиндерден алынатын маңызды өнімдер Галогеналкандардың түрлену жолдары |
Жаңа ақпаратты тыңдайды, дәптерге жазып алады
|
|
Окулык Химия 11-сынып
|
|
Мұғалім жаңа сабаққа бағыт-бағдар беріп, түсіндіреді Сабақты бекіту тапсырмасы 1-тапсырма
Айналымды
жүзеге асыруға болатын реакция
теңдеулерін жазыңдар: Дескриптор: айналымдағы әр кезеңге дұрыс реагент таңдайды; барлық сатылардың реакция теңдеулерін дұрыс жазады және теңестіреді; соңғы өнімге дейінгі генетикалық байланысты сақтайды. Құндылық : Жауапкершілік, дәлдік, ғылыми ойлау
2-тапсырма
Синтездерді
бірнеше сатыда жүзеге асырудың реакция
теңдеулерін жазыңдар: берілген бастапқы заттан көпсатылы түрлену сызбасын құрады; әр саты үшін реакция теңдеуін дұрыс жазады және теңестіреді; мақсатты өнімге жеткізетін дұрыс жолды дәлелдейді.
3-тапсырма Есеп 1. Монобромалканның буы ауадан 4,24 есе ауыр. Монобромалканның молекулалық формуласын анықтаңдар. Дескриптор:
2. Массаcы 0,84 г этилен көмірсутегі 1,6 г бромды қосып алады. Көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңдар. Дескриптор:
Дескриптор:
|
Айналымды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазады
Синтездерді бірнеше сатыда жүзеге асырудың реакция теңдеулерін жазады
Есептер шығарады |
ҚБ:
ҚБ:
ҚБ: Мұғалімнің бағалауы |
|
Сабақ соңы 2 мин |
Кері байланыс Үй тапсырмасы: п.18оқу, біліміңді тексер, №3-жаттығу |
кері байланыс жасайды |
|
|
ЖҰМЫС ПАРАҒЫ
Тақырып:
Көмірсутектердің
және олардың туындыларының генетикалық
байланысы
1-тапсырма Жұптық жұмыс
Айналымды
жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін
жазыңдар:
a) метан → хлорметан → этан
→ этилен → этин → бензол;
ә) этан →
этилен → этин → хлорэтен →
поливинилхлорид;
б) гексан → пропан
→ пропилен → пропанол → көмірқышқыл
газы.
Дескриптор:
айналымдағы әр кезеңге дұрыс реагент таңдайды;
барлық сатылардың реакция теңдеулерін дұрыс жазады және теңестіреді;
соңғы өнімге дейінгі генетикалық байланысты сақтайды.
Құндылық : Жауапкершілік, дәлдік, ғылыми ойлау
2-тапсырма Жұптық жұмыс
Синтездерді
бірнеше сатыда жүзеге асырудың реакция
теңдеулерін жазыңдар:
a) этаннан
бензол алу;
ә) этаннан хлорбензол
алу;
б) гексаннан гексахлоран
алу.
Дескриптор:
берілген бастапқы заттан көпсатылы түрлену сызбасын құрады;
әр саты үшін реакция теңдеуін дұрыс жазады және теңестіреді;
мақсатты өнімге жеткізетін дұрыс жолды дәлелдейді.
3-тапсырма Есеп
1. Монобромалканның буы ауадан 4,24 есе ауыр. Монобромалканның молекулалық формуласын анықтаңдар.
Дескриптор:
ауамен салыстырмалы тығыздық бойынша молярлық массаны есептейді;
монобромалканның жалпы формуласын қолданып көміртек санын анықтайды;
заттың молекулалық формуласын дұрыс жазады
2. Массаcы 0,84 г этилен көмірсутегі 1,6 г бромды қосып алады. Көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңдар.
Дескриптор:
берілген массалардан зат мөлшерін (n) есептейді;
Br₂ қосылу стехиометриясын пайдаланып көмірсутек формуласын табады;
молекулалық формуланы дұрыс жазады;
3. Ацетилен
көмірсутегі ең көп дегенде 160 г бромды
қосып алып, 180 г өнім түзеді. Осы
көмірсутектің молекулалық формуласын
анықтаңдар.
Дескриптор:
өнім массасы арқылы қосылған Br₂ мөлшерін есептейді;
қосылу реакциясына сүйеніп ацетилен қатарының формуласын анықтайды;
молекулалық формуланы дұрыс жазады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген