400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютерлік техниканың даму үрдісі тақырыбында ЭЕМ нің буындар сонымен қатар әр буында әртүрлі болғандығын түсіндіріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


































Информатика пәні мұғалімі: Сарсенова К.Б.Сыныбы: 6 «ж»Күні: 15.10.2016ж.Сабақ жоспары «БЕКІТЕМІН» ______________ Оқу ісінің меңгерушісі «___»__________2016ж. Пәні: ИнформатикаСыныбы: 6«ж»- 15.10.2016 Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдісіСабақтың мақсаты: Оқушылардың есептеуіш техникасының даму тарихымен, есептеудің ыңғайы мен құрылысын, ЕТ дамуына үлесін қосқан ғалымдар туралы ұғымдарын қалыптастыру Күтілетін нәтиже: Оқушылардың  есептеу техникасының дамуы туралы түсінігін қалыптастыру, Эем кезеңдерімен толық танысады.Оқыту технологиясы: Ақпараттық технология (АКТ), СТОСабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың типі: Білім мен білікті тексеру сабағыСабақтың әдіс – тәсілі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ – жауап.Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайд.Техникалық құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта, слайд.

































Сабақтың жоспары
УақытыСабақты ұйымдастыру формасыМұғалімнің іс - әрекетіОқушының іс - әрекеті
2 минҰйымдастыру бөліміСыныптағы оқушыларды тексеруМұғаліммен амандасу
2 минТоптасуТопқа бөлу1-топ «Ақпаратты сақтау» тобы2-топ «Ақпаратты өңдеу» тобы3-топ «Ақпаратты қабылдау» тобыОқушылар үш топқа болініп орналасады
3 мин Үй тапсырмасыОқушыларға өтілген сабақ бойынша сұрақ- жауап алқылы сұрау.
  • Информатика нені зерттейтін ғылым?
  • Информатика – ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.
  • Ақпаратты біз неден қорғаймыз?Вирус дегеніміз не?
  • Вирусқа қарсы программа?
  • Ақпараттық үдерістер дегеніміз не?
  • Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары?
  • Оқушылар сұрақ – жауап арқылы өз білімдерін тексеру
    10 минМағынаны тану Адамдар есептеуді жүргізуді есептеу аспаптары мен құрылғылары пайда болмай тұрып бастаған. Ол үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп, заттардың санын жерге сызған сызықшалармен немесе жіптерге түйілген түйіншектермен есептеген. Бірақ бұл есептеулер көлемінің артуы есептеу құралдарының пайда болуына себепші болды. Ең бірінші пайда болған есептеу құралы ол есепшот болды. Есепшоттың жасы 2000 – 5000 жылдар шамасында. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарды. Ол жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық машина болатын. Онда көп мәнді есептерді қосу мүмкін болды. 1694 жылы неміс математигі Лейбниц механикалық есептеу машинасы арифмометрді құрастырып жасады. Онда дөңгелектердің орнына цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Онда көбейту, бөлу, квадрат түбірін табу амалдарын орындау мүмкін болды. Есептеуіш автоматтың алғашқы авторы Чарлз Бэббидж болған. Адамдар оны компьютердің атасы деп атайды. 1833 жылы бағдарлама арқылы басқарылатын «Аналитикалық машина» жобасын жасады. Оған дүние жүзі алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған Ада Лавлейс болды. Ол ең бірінші бағдарламалаушы деп саналады.   ЭЕМ – нің дамуы бірнеше буындарға бөлінеді. І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1946-1958). Электронды шамдармен жұмыс істеді.1946 жылы АҚШ – тың Пенсильван университетінде ENIAC (Эниак)деп аталатын бірінші электрондық есептеуіш машина жасалды. Оның салмағы – 30тІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1958-1964). Жартылай өткізгіш элементтер – транзисторлар ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1964-1972)- Кіші көлемдегі интегралды микросхемалар. IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1972- ). МикропроцессорларданV. ЭЕМ-нің бесінші буыны Мақсат – жасанды интеллект қызметін атқаратын суперкомпьютер құрастыру  Соңғы уақыттарда компьютерлік техниканың дамуының басты үрдісі ЭЕМ – нің экономикаға, саясатқа, ғылымға, білімге, денсаулық саласына, әскери мақсаттарға және күнделікті өмірге кеңінен енгізілуі болып табылады.Компьютер өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Оның қолданылу саласы ұлғая түсуде. Компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі құрал ретінде пайдаланылуда.

    10 мин«Жас техник» Шығармашылық жұмысЕгер сенің қолыңда болса, 5- буынды компьютерді сен қандай етіп жасар едің? Әр топ бірлесе ойланып, 5 буынды компьютердің жобасын құрып, мүмкіндіктерін сипаттайды. 

    9 минКім жылдамКомпьютерде практикалық жұмыс жасау

    2 минСергіту сәтіКөңілді күнОрындарынан турып видео роликтегі іс-қимылды қайталау
    3 мин Сабақты бағалауОқушыларды сұрақ – жауап бойынша, шығармашылық жұмыс бойынша көрсеткен натижелеріне байланысты бағалау.

    3 мин «Бестік» Кері байланыс парағыҚАҒАЗДЫҢ БЕТІНЕ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДЫҢ САУСАҚТАРЫН АЙНАЛДЫРА СЫЗЫҢЫЗДАР. Әр саусақтың –ішіне өз ойларыңызды айтасыздар. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық Сұқ саусақ – маған қиын болды Ортаншы саусақ – маған жеткілікті болмады Төртінші саусақ – менің көңіл күйім Бесінші саусақ – менің ұсынысым Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазуӘр саусақтың ішіне оз ойларын жазады.
    1 минУйге тапсырма:Тапсырманы түсіндіруҮйге:§2,3




    Материалды Word форматында жүктеп аласыз
    Тарифке кіреді
    0 ұстаз жүктеп алған
    15 ақпан
    893
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
    "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
    Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Осы тақырыпта
    көрнекілік керек па?
    10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
    Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
    Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі