400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы «Көп қабатты үйлер» ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы «Көп қабатты үйлер» ұйымдастырылған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Первомай ауылы.

Бітік ОЖББМБ КММ

Тәрбиеші: Рахметуллина Нұрайла Әмірғалиқызы


Тақырыбы «Көп қабатты үйлер»

ұйымдастырылған оқу қызметі



Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру.

Тақырыбы: «Көп қабатты үйлер»

Мақсаты: Көпқабатты үйлер мен ғимараттар туралы балалардың білімдерін кеңейтіп, педагогтің ұсынған шарты бойынша құрастыруға құрылыс материалын таңдай отырып, көп қабатты үй құрастыра білуге үйрету.

Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар:Балалардың қандай үйде тұратыны

туралы әңгімелеу.

Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, көрсету.

Қажетті құрал – жабдықтар: құрал материалдарының жиынтығы,

ойыншықтар, Қолтырауын Гена және қалқан-

құлақ ,ұсақ ойыншықтар. Аңдар олардың

достары.

Билингвальды компонент : үй-дом, бала-дитя

Оқу іс-әрекетінің қызметі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі



Балалардың қызығушылығын ояту.

Таңдандыру сәт.

-Балалар бізге қонаққа Қолтырауын Гена және Қалқанқұлақ келді.Олар сендердің еңбекқор екендеріңді бұрыннан біледі екен. Бізге олардың үлкен өтініші бар. Сендердің қос қабатты үй салып бергендеріңді қалайды. Өздерің сияқты олардың да көп достары бар. Барлығы бірге сол көп қабатты үйде тұрмақшы. Қане, біз оларға көмектесейік.

-Балалар үй құрылысын бастамас бұрын, үй құрылысы қандай бөліктерден тұратынын есімізге түсірейікші : іргетасы, қабырғасы, төбесі, терезесі, есігі, баспалдағы т.б.

Көп қабатты үйдің үлгісін қарау. Іргетасы кірпіштен, едені пластинадан, қабырғасы –кірпіштер мен текшелер болып алмасып отырады. Бөлмелер пластиналар көмегімен бөлінеді: екінші қабатта балкон, ең жоғарғы жағында – шатыры.

Балалар қонақтармен амандасажы.


Өздерінің құрылыс салуға дайын екенін білдіреді.



Бой сергіту жаттығуы: Бір саусағым тіпті де ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамдыЖүгіреді қаламды.Өнерлі екен он саусақ . Қала салсақ, жол салсақ.

Ұйымдастырушылық

-ізденушілік.



Балалардың өз бетіндік құрастыру іс-әрекеті. Әр бала өздеріне тиесілі жұмыстарын үстел үстіне немесе жердегі төсеніш үстіне орындайды.

«Тұрғындарды үйге орналастырамыз» дидактикалық ойыны. Балалар үйдің әрбір бөлмесіне аңдарды және олардың достарын орналастырады. Гена мен Қалқанқұлақ балаларға өз ризашылықтарын білдіріп, өлеңдер оқып, жаңылтпаштар айтады.

Қабат-қабат үй салдық,

Үйлер толы күй сандық.

Күй сандықтан үй салдық,

Күй сандыққа күй сандық.

Үйдың айналасын талдармен ұсақ ойыншықтармен безендіру.





.Дидактикалық ойын ойнайды.

Іс - әрекетін бағалау кезеңі


Балалар жұмысын талдау. Балалардың жасаған жұмысы мадақталады. Қонақтар өз ризашылығын білдіріп, олармен қоштасып, шығарып салады.


Өздері жасаған құрылыстары жайында әңгімелейді.


Күтілетін нәтиже:


Біледі:көп қабатты үйдің іргетасын, қабырғасын, төбесін, терезесін құрастыруды.


Игерді:Көп қабатты үйдің үлгісін қарастыра отырып, оның бөлшектерінің неден жасалатыны және жасалу әдіс-тәсілдерін.


Меңгереді: қарастырған үлгі бойынша кеңістікте құрылыс материалын дұрыс орналастыруды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
383
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі